Тіленші қарттар

Блог - KerimAyankyzy: Тіленші қарттарҚарағандыдағы Орталық көшені бойлап келе жатып суық жерде отырған қайыршыға көзім түсті. Шын мәнінде қайыршыға емес, бүрісіп, алдына қалбыр қойып отырған қарияға.
Осыған дейін де бірнеше жерде алақан жайып отырған қарияларды көргенім есіме түсіп, жанына жайғастым. «-Тоңған жоқсыз ба?» — дедім аяушылық білдіріп. «-Жоқ, суық емес» — деп астына төсеп алған қалың ағаш тақтайшаны көрсетті. Әңгімеміз осылай басталды. – Балаларыңыз қайда, неге бұлай отырсыз? – деп мән жайды сұрадым. Әлбетте, күнкөріс көзі. Үлкен екі баласы мен немересін осы қарт тіленшілікпен асырап отыр. Екі баласы да мүгедек. Ұлы ішкілікке салынып, соңында үлкен дертке шалдыққан. Тамақты өздігімен жей алғанымен, ас асқазанға, бойға батпайды. Асқынған асқазан ауруы. Қызы болса 3-ші топтағы мүгедек. Көзі әрең көреді. Және бастауышта оқитын немересі бар. «Ел ақша тастайды, күнкөріске жетеді, маған тек – ұят» — деді көзіне жас алып қария. Жасы 82-ге келген әжейдің жұмыс істеуге еш қауқары жоқ әрине. Амалының жоқтығынан көшеде ақша сұрап отыруға бел буған. Блог - KerimAyankyzy: Тіленші қарттар
Бетін жуған тамшылардың өзінде қаншама мұң, «Ұят» сөзінің астарында іркіліп қалған қаншама сөз барын оты сөнген жанары айтып-ақ тұр. «-Үйдің өзін күтетін, жинайтын адам керек, оны кім жинайды? Менің қауқарым жетпейді, балалар болса – анау», — деп үйі бар болғанымен, оған еш жағдай жасалмағанын айтып мұңайды. Сол маңды торуылдаған Полицей ағайлар болса, «Бұл жерде отыруға болмайды» -деп қарт ананы отырған жерінен қуып жібереді екен. Бейнетінің зейнетін көретін шақта ешкімнен қамқорлық көрмей, өткен-кеткенге осылай жәутеңдеп отырған қарияның тірлігі жаныма батты. Бұл жалғыз қария емес, орталықтың өзінен қол жайып отырған бірнешеуін кезіктіресіз. Қарттардың бар екені тек бір күнде ғана түседі есімізге. Ол – қарттар күні. Сол күні оларға құшақ-құшақ сыйлықтар алынып, жылы сөздер арналады. Басым көпшілігі – ардагерлер мен қарттар үйіндегі ата-әжелерге назар аударады. Күннің суығында жұқа киіммен қайыр тілеп отырғандар ше? Ертеңгі қыстың қақаған аязында олардың күні не болмақ? Қамқорлыққа өте зәру көшедегі қарттарға назар аударса екен биліктегілер. Басына түскен қайғымен бөлісіп, кішкене болсын қол ұшын созса тіленші-қарттар саны азаяр ма еді? Қазыналы қарттармызға көшеде емес, үйдің төрінде, немерелеріне ертегі айтып отырған жарасады емес пе?! Оларға бір күнде ғана емес, әр күн сайын құрмет, қамқорлық жасалуы тиіс. Бізде болса тіленші қарттар саны әр жерде күн санап көбейіп бара жатыр. Қариясын далаға қаңғыртпаған ел емес пе едік? Қайдасыз қазақ баласы? Анаңыз, ата-әжеңіз — күздің, қоғамның қара суығынан тонып қалды ғой…

Эльвира Ерғалина. Қайыршылық кәсіп пе?


Блогер Эльвира Ерғалина жасырын камерасымен тағы да видео түсіріп келді. Бұл жолы көше жағалай алақан жайып отырған қайыршыларға барыпты. Әшейінде тізіліп отыратын сұраншақтар дәл сол күні жоқ боп қалыпты. Тек қазақ кемпірі ғана отырған көрінеді. Ол кемпірді әңгімеге тартып көрген. Көрген де, аяныш сезімінен арылған. Ой, біз неге бәрін айтып беріп жатырмыз, одан да өзіңіз көрсеңізші видеодан

Қайыршылық кәсіп пе?
Әрі қарай

Кездесу

Астананың әр шаршы метріне миллиарттаған теңге құйылған әсем көшелерінің бірін бойлай әдеміше келген қазақ келіншек екі жастағы баласын томпаңдатып жетектеп бара жатты. Кенет балақай кілт тоқтап қарсы жаққа қарап таңырқап тұрып қалды. Қарсы алдында өзімен қатарлас, жұпыны киінген сыған баласы күлімсіреп қарап тұрған еді.

Блог - Albatros: Кездесу
Осы сәттегі екі баланың ойын әсемдеп жеткізе алатын жан бар ма? Кішігірім бақылау жұмысы болсын.
Әрі қарай

Жалған қайыршы

Жұмыстан қайтып бара жатқан жолда қаладағы көп бағдаршамдардың бірінде тоқтап күтіп тұрғам. Алдымыздан мүгедек арбасына мінген бір адам өтіп барады. Ол жолдың шетіне жеткенде жасыл түс жанды.
Әрі қарай

"Масаның" ызыңы...

«Күркіреп күндей өтті ғой соғыс...». Соғыс жайлы іс-шаралардың осы секілді атауларын 9 мамырға қарай әр жерден естіп, оқып қаламыз. "Құйрықты жұлдыздай жарқ етті" Сайлауды айтамын. Дамыған елдердің қатарына кіреміз дейміз дамбалымыздың тесігіне қарамай… Әрине, бұл жердегілер (өзімде) осындай жылаңқы әңгімеден шаршады. Әркім мұрнының астынан бір міңгірлейді, билік оны құлағына да қыстырмайды. Біз қазақ қашаннан әбден езгіленгенде ғана бұрқ ете қалатын халықпыз ғой. Кім білсін алдағы күніміз не боларын…

Дегенмен мында көз сала салыңыздаршы.
Қайыршылық қай елді алып қарасаңыз да бар шығар. Бірақ, дәл біздің елдегідей ме екен?!
Әрі қарай

Қайыршы мен бала


Сенбі күні кемпірім екеуміз көшеде келе жаттық. Тротуардың бір шетінде қарт қайыршы отыр. Алдымызда 4-5 жасар ұлы бар ана кетіп барады. Бір мезетте, әлгі бала қайыршыға 10 метрдей қалғанда, ол отырған жолдың жиегімен жүрді. Жан-жағына қарамайды, тіке жүріп барады. Жүріп барды да....қайыршының ыдысын аяғымен іліп кетті. Тиын-тебен жан-жаққа шашылды. Сол кезде біз де баланың тұсына жетіп қалғанбыз. Мен баланың бетіне жалт қарадым. Қапелімде аузыма сөз түспей қалды. Баланың бет-әлпетінен жайбарақаттықты көрдім. Тіпті, пофигистік көзқарас. Әдейі көрмеген болып, мақсатты түрде тиындарды шашып кеткен сияқты. Маған солай көрінді. Алда кетіп бара жатқан анасы артына бұрылды да, баласына жәй ғана «не істедің?» дегендей орысша бірдеңе айтты. Баласы «а?» деді. Іс осымен бітті. Анасы баласын жетектеп әрі кетті. Мен аң-таң болып қалдым.
Әрі қарай