Қазжур жүйесінен мен де блог бастадым. Қазнеттің ең секси блогы. Ол жерде менің секси жазбаларым жарияланады. Сексті тек жыныстық қатынас деп түсінбейтіндерге әрине.
Блог Құрылтайдың бас демеушісі GSM Kazakhstan/Kcell компаниясымен келіссөздер жүргізіп жүріп, кеңселеріне жиі бас сұғуға тура келеді. Сондай кездесулердің бірінде Еркін Үдербайға (Kcell Жобаларды басқару бөлімінің маманы): “ҚазҰУ журналистика факультеті студенттеріне арнап, бір кездесу ұйымдастырсақ” деген ойымды айтып едім. Былтыр осындай бір шараны Nokia компаниясымен бірлесіп өткізген едік.
Негізі бұл кітапшаны бірінші шығаруым керек еді. Бірақ орайы осылай болды. Шағын кітапшаны жаңа медианы студенттерге түсіндіру барысында қолданып жатырмын (жүктеп алу үшін www.slideshare.net ресурсына тіркеліп, download дегенді түртесіз).
Кітапша көбіне блогшылардың кеңес жазбаларынан тұрады. Қазақ тілінде алғашқы болып wordpress.com тұғырында блог бастаған Бақытгүл, Бақытнұрдың және Есенгүл апай мен Айжанның жазбаларын оқи аласыздар.