Сен маған кел

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Сен маған кел
Сен маған кел… © Абылай Шаймерденұлы

Мен тоңдым, тұмандатқан күн де мұңды,
Жан-жағым тұман ба әлде елесің бе?
Алыстарда жол таппай жүргеніңді,
Сезінем, ойланамын, келесің бе?

Сен маған кел көп бұлбұл ән салғанда,
Ерекше кел, қалмағын бірі болып.
Сен маған кел меңіреу бұл жалғанда,
Талауыртқан аққудың үні болып.

Сен маған кел көк түтін бұл ғаламда,
Таза самал жел болып, соқпа қатты.
Періште бол, жартастан қарғығанда,
Іліп ала жөнелген, ақ қанатты.

Сен маған кел, желкенді кеме болып,
Суға кетсем көрінген қарсы жақтан.
Келші мейлі судағы пері болып,
Тұншықсам да жаныңда қарсыласпан.

Сен маған кел,құпия теңіз болып,
Бар екенін ешкім де білмей қалған.
Сен маған кел бейтаныс әлем болып,
Ғаламшар боп, телескоп көрмей қалған.

Айым боп кел, болса да әркім ғашық,
Күнді куткен… Көгінде жүзген…
Сен маған кел жүректің құлпын ашып,
Жалғыз кілтпен...Өзіңде жүрген…
Әрі қарай

Есіңде ме (аяқталмаған өлең)

Көңіліме менің буылдыр тұман тартып бір қойған, бақ құсым,
Сыйлап ең маған сезімдеріңнің тым сыйлысын, тәттісін…
Қара бұлт жапқан аспаныма шуағын күннің әкелген
Өзің едің ғой, есіңде ме, қарақат көздім ақ мүсін…
Әрі қарай

Таңғы симбиоз



Таңғы сағат төрттің кезі. Тыныштық.
Шылым. Ноут. Үстел жапқан кітаптар…
Салғыластық дау тудырып, кофе іштік.
Бірақ, бізде симбиоздық сипат бар.

Маған қиын ұғу сендік пайымды.
Сендік ойды, сендік ниет, сезімді.
Түсіне алмаймын торығып жазған жайыңды!
О, Құдайым, қайдан саған кез қылды?!
Әрі қарай