Рамазан Стамғазиев - Дәриға дәурен



Дәриға-дәурен

Аққу-қаз әуелейді қалықтаған,
Қайтейін қанатым жоқ қалып барам.
Жүрегім құс боп ұшып кетті-ау бірге,
Жылатып жалғыз қалай алып қалам?
Дариға-дәурен!

Гагигай, гиккай, гиккай,
Гагигай, гиккай.
Гагигай-гиккай-гиккай,
Гагигай, гиккай, гагигай,
Дариға, шіркін, дәурен!
м-м-м-м-м…

Қаз көшіп омырауын алқымдаған
Айдын көл мұңаяды салқындаған
Асылын Төлегендей ғашықтардың
Айналып алты қаздай қаңқылдаған-оу,
Дарияға дәурен
Гагигай, гиккай, гиккай,
Гагигай, гиккай.
Гагигай-гиккай-гиккау,
Гагигай, гиккай, гагигай,
Дариға, шіркін, дәурен!

Дариға шіркін дәурен
Гаккай, гигигай-гигигай-гигигай-гигигай-гигигок,
Гагигай, гагигай-гигигай-гигигай-гигигай-гигигок,
Гагигай-гагигай-гагигай,
Дариға, шіркін, дәурен!
Айналып алты қаздай қона алмаған,
Дариға-ай шіркін дәурен.
Әрі қарай

Рамазан Стамғазиев - Арман

video.mail.ru/mail/aitbai62/628/996.html

Арман

Атқан таң, шыққан күндей,
Жайнап алдан-оу, дәриға-ай алтын дәурен-ей,
Қайда қалған-ой,
Ой арман.

Айналған айдынынан, жалғыз аққу
Адасқан әнімбе едің-ай,
Қайран арман-ай,
Ой арман.

Ахоу-ай жалған, арман, арман
Аққудың көз жасындай көлге тамған-ай,
Ой-арман,
Аққудың көз жасындай көлге тамған,
Жанымды тербетесің шерге толған,
Ой-арман.

Жастық шақ, нөсерлетіп
Тез басылған-оу,
Өткен соң қайта оралмас-ай, өз басыңнан-ау,
Ой-арман.

Арудай, арман құсын,
Айналайын, мөлт етіп тұна қалған-ай,
Көз жасыңнан-ай,
Ой арман.

Ахоу, ай-жалған, арман, арман
Аққудың көз жасындай көлге тамған-ай,
Ой арман,
Аққудың көз жасындай көлге тамған,
Жанымды тербетесің,
Ой арман.
Әрі қарай