М. Түсіпбаева (Қимай сені барамын, Мен сені іздегенмін)





М. Түсіпбаева — Мен сені іздегенмін

Мен сені ғұмыр бойы іздегенмін,
Табудан үмітімді үзбегенмін.
Сенбесең, үңіл менің іздеріме,
Сауырын соқпақ еткен, жүзбенен мұң.

Қ-сы:

Жан едім жапан түздің киігіндей,
Жүр едім жарсуатқа, үйірілмей
Жаным-ау алдың баурап //2 рет
Жаным-ау алдың баурап, иірімдей.

Бозартып, көңілімнің көшкіні еткен,
Басымнан талай-талай- көшті көктем.
Тамшы боп тереземді қаққақн сонда
Дүрсілін жүрегімнің естімеп пе ең?!

Қ-сы:

Құшағың қарсы алдымнан тұрса да ұшып,
Өзгеге болмап едім, мұнша ғашық.
Сәлемің сенің ғана серпілтеді
Көңілім көп нәрседен жүре жасық.

Қ-сы:



Қимай сені барамын
Ұнаттың сен де мені нәзік гүлге теңеп,
Ұнаттым мен де сені шуақ күнге теңеп.
Қыс келіп, көктем өтті,
Сол бір сезім текке кетті,
Өмір өкпелетті мені.

Қайырмасы:
Мұңлы жаңарың,
Жоқ қой амалым.
Қош бол, бақыт құс,
Қимай сені барамын.

Сүйіп едім мен сені, сезім тербеп еді,
Сүйіп едің сен мені, тағдыр бөлмеп еді.
Күн суып, ыстық арман,
Сар жапырақ түсті жалған,
Құстай ұшты арман алыс.

Қайырмасы.

Жанымды гүлге бөлер саған сенем, көктем,
Қүстарды әнге бөлеп қайта келер көктем.
Аялдамас қыста өтер,
Жаңға салқын ызғар өтер,
Көктем келер, көктем
Бөлісу:

22 пікір

AL-ASTER
Осы әннің әуендері кішкентай кезді еске түсіреді
meirzhan
Иә, мен де солай
Aikona
Біздің оқушы күндердің естелігі
VKM
Әндері мұңды екен
Erlan
журегінен шыккан болар
AKY
2-ші клип сондай иятсыз көрінетін
Erlan
ондай коп уят ештеме жок, токсаныншы жылдардын бас жагында тусирилген клиптер кызык казир карап отырсан ))
dark_nazgul
Жаным-ау, алдым ауырад, жаным-ау, алдым ауырад
araika
Оқушылық күндерім-ай… күніне бірнеше мәрте тыңдалушы еді...Үйде кассетасы болды, барлық өлеңдерін қосылып айтатынмын. Реалда да кездестім, тым қарапайым еді. Ал қазір мүлде ұнатпаймын.

«Ақ жауын» деген әні сол кездері сүйікті әнім еді. Екінші әніне Айгүл пародия салып жүр ғой
Abilakim
Айгүлден пародияшы шықпайды.Оның жанында Жанар Айжанованың жасаған пародиялары жақсырақ шығады
Kipshakkyzy
«Жаным-ау, алдың баурап деп» деп бала кезімде айқайлап айтып жүретінмін.Мағынасына еш мән бермейтін едік. Бір күні әкем ұрсып берген. Екінші рет айтпа деп. Неге олай айтты деп ойланып жүретінмін. Содан бері бұл ән менің есімде ұятсыз ән болып болып сақталып қалған.
meirzhan
«Жаным-ау, алдын баурап» деп айтқан шығарсың? қазақ тілінің әріптерін айта алмаушы ем деп едің ғой.
Kipshakkyzy
Әй, Мейіржан-ай! Мүмкін. Өзімше дұрыс айттым деп ойлаймын ғой ол кезде.Есте сақтау қабілетің не деген күшті сенің!
Marationok
Осы әншіні жас кезімде сүйсініп тұрып тындайтын едім.
FaraOn1
Маған жетпеген әндер екен. Екеуін де енді естіп отырмын. Жақсы екен. Бірақ қаз бәрібір ұнатпаймын, тәкаппарлығы үшін)))
Xansha
Екінші ән… Ех, балалық…
Beytanis
Ханша ханым, носталжи болып кеттің бе?