Ағамның асыл сөздерінен

ҚҰРАН ЕКІ ДҮНИЕ САҒАДАТЫ
Алла тағала құран кәрімді пайғамбарлар мен елшілердің соңғысы әрі сардары Мухаммедке (с.ғ.с.) адамзатты хақ жолға және иман нұрына бастау үшін жіберді. Маида сүресінің 15-16 аяттарында:
قد جاءكم من الله نورٌ و كتابٌ مبين يهدي به الله مَن اتبع رضوانه سبل السلام و يُخرجهم من الضلمات إلى النور بإذنه و يهديهم صراط مستقيم.

«Расында сендерге Алла құзырынан нұр мен айқын кітап (Құран) келді. Онымен (кітаппен) Алла Өз ризалығын іздегендерді тура жолға бастайды. Және оларды зұлыматтан нұрға шығарып, тура жолға салады»,-деп айтқан.
Алланың кәләмі болған бұл кітап адамзат игілігіне қажет күллі дүниені және оларды бақытқа жетелейтін әрі адасудан құтқаратын үкімдерді қамтиды. Кімде-кім бұл кітапты берік ұстап, оны тиләуат етуге, терең мағынасына ой салуға ұмтылса, ондағы пәрмендерді бұлжытпай орындаса бұл дүние және ақирет бақытына қол жеткізеді. Ал, кім бұл иләһи сөзге, яғни құранға құлақ аспай, теріс айналып кетсе үлкен бақытсыздыққа және орасан зор шығынға тап болары анық. Исра сүресінің 9-10 аяттарында Хақ тағала:
إن هذا القرآن يهدي للتي هي أقومُ و يبشر المؤمنين الذين يعملون الصالحات أنّ لهم أجراً كبيرا و أن الذين لا يؤمنون بالآخرة أعتدنا لهم عذابا أليما.
«Расында бұл Құран ең тура жолға жетелейді. Сондай-ақ, ізгі амал жасаушы мұсылмандарға үлкен сауап барлығын сүйіншілейді. Ал, ақыретке иман етпейтіндерге (Біз) ауыр азап әзірледік»,-деп әмір етеді.
Алла тағала бұл құранды тиләуат етуді, мағынасына терең бойлауды, үкімдеріне амал етуді және һидаятынан мықтап ұстауды әмір етуде. Сондай-ақ, құранды оқып, үкімдеріне амал еткен жандарға мол сауап және жәннаттан жоғары дәреже уәде еткен.
Құранды тиләуат етуші және үкімдерін орындаушы мұсылманға берілетін фазилеттер жайлы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистеріне тоқтала кетейік.
Сахаба Ибн Масуд (р.а.) пайғамбарымыздан (с.ғ.с.):
منْ قرأ حرفا من كتاب الله فله حسنة و الحسنة بعشرة أمثالها لا أقول: الم حرف و لكن ألف حرف, و لام حرف, و ميم حرف.
Мағынасы: «Кім Алланың кітабынан бір әріп оқитын болса, оған бір сауап беріледі. Ал, сауап он еселенеді. Мен: Алиф, Лам, Мим бір әріп деп айтпаймын. Бәлкім: Алиф бір әріп, ләм бір әріп, мим бір әріп»,-деп айтқан. Демек, Алиф, лам, мимге отыз сауап.
Ал, хазіреті Абдулла ибн Амр (р.а.):
يقال لصاحب القرآن: اقرأ و ارتق و رتّل كما كنتَ ترتل في الدنيا, فإنّ منزلتك عند آخر آية تقرؤها.
Мағынасы: «Құран иесіне (жаттаған адамға): оқы да жоғарылай түс және дүниеде мәнерлеп оқығаныңдай оқи түс! Расында сенің жәннаттағы мекенің соңғы оқыған аятыңның орны»,-деген хадисті жеткізген.
Құран иесі дегеніміз: үнемі тиләуат етуші, жаттап жүруші, мағынасына мән беруші және амал етуші мұсылман. Міне, мұндай мұсылман Құран аяттарын жат алумен, үкімдерін амалға асырумен және Құран әмірлерінен шет шықпаумен өзіне жәннаттан мекен әзірлейді.
Әрі қарай

Мұғжиза: Қасиетті Құран Кәрім кітабы адамды өлімнен құтқарып қалды

Ливияның не болып жатқан бүгінгі жағдайын барлығымыз да білетін шығармыз. Қақтығыс, соғыс, қырылыс деймізбе әйтеуір Аллаһ елімізден ондай жағдайлардың бетін ары қылсын!.. Бірде youtube-тан араб тілі жайында қажетті ролик іздеп отырып, мына бір Аллаһтың кереметіне тап болдым! Кешегі соғыс барысында қалатасында Құран кітабы бар кісіге қаңғыған оқтардың бірі келіп тиеді. Ол оқ қалтасындағы кішкене ғана өте жұқа қағазды Құран кітапқа тиіпті. Таң қаларлығы үлкен оқтың Құран кітапты тесіп шығалмағаны мен кісінің тірі қалуы…
Ол оқиғаға куә болғандар Аллаһты ұлықтап, мадақтарын жаудыруда. Ал біздер видео арқылы куә болып көрелік:
Әрі қарай

Қадір түні және Марс

Бүгін, тамыздың 26-сынан 27-сіне қараған түн — Қадір түні. Бұл күні Құран Кәрім түскен. Қасиетті кітаптағы "Қадір" сүресінде бұл күн туралы былай дейді:

«Әлбетте, Біз Құранды Қадыр түнінде түсірдік. Қадыр түні не екенін білесіз бе? Қадыр түні мың айдан жақсырақ. Ол түнде періштелер мен Жебрейл ғ.с Раббыларыңның рұқсатымен барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік түні таң атқанға дейін жалғасады».
Әрі қарай