Мұғжиза: Қасиетті Құран Кәрім кітабы адамды өлімнен құтқарып қалды
Ливияның не болып жатқан бүгінгі жағдайын барлығымыз да білетін шығармыз. Қақтығыс, соғыс, қырылыс деймізбе әйтеуір Аллаһ елімізден ондай жағдайлардың бетін ары қылсын!.. Бірде youtube-тан араб тілі жайында қажетті ролик іздеп отырып, мына бір Аллаһтың кереметіне тап болдым! Кешегі соғыс барысында қалатасында Құран кітабы бар кісіге қаңғыған оқтардың бірі келіп тиеді. Ол оқ қалтасындағы кішкене ғана өте жұқа қағазды Құран кітапқа тиіпті. Таң қаларлығы үлкен оқтың Құран кітапты тесіп шығалмағаны мен кісінің тірі қалуы…
Ол оқиғаға куә болғандар Аллаһты ұлықтап, мадақтарын жаудыруда. Ал біздер видео арқылы куә болып көрелік:
Ол оқиғаға куә болғандар Аллаһты ұлықтап, мадақтарын жаудыруда. Ал біздер видео арқылы куә болып көрелік:
Егер сақтаймын десе, кәдімгі кітаппен де сақтай алатын болар?
Бәлендей уытты емес деп есептелетін Калаштың өзі 200-300 метрден рельсті тесіп өтеді. Әншейін кездейсоқтық.
Әрі, неге кевлар-сталофлонға шығын болғанда, Құран сөзі жазылған қағаздан бронежилет тігіп алмайды деген ой туады. Неге солай жасмайды? Дұрыс: тесіліп қалып, масқара болмау үшін.
Мысалы, қол астында христианы бар, мұсылманы бар әскербасылар баяғыда мынадай қулық жасайтын болған. Мұсылмандарға сүре жазылған жібек көйлек береді екен де, христиандарға мақта көйлек береді екен.
Жібек көйлекке жебе тигенде, оны денеден суырып алу оңай болғандықтан, көп жауынгер тірі қалатын болған. Оны көрген христиан амиголар шынымен сүренің құдіретіне сеніп, исламға өте бастаған. Сауатсыздық та керемет машина.
1914 жылғы соғысқа келген ауылбай-крестьяндардан тұратын жасақтарға — орыс генералдары аспанға бұлтты күндері прожектормен кірес пен әулие әлдекімнің бейнесін түсіреді екен. Аспандағы мақандар белгі берді деп, бейшара надан шаруалар ит өлімге дейін жан аямай соғысатын көрінеді-міс.