Мұғжиза: Қасиетті Құран Кәрім кітабы адамды өлімнен құтқарып қалды

Ливияның не болып жатқан бүгінгі жағдайын барлығымыз да білетін шығармыз. Қақтығыс, соғыс, қырылыс деймізбе әйтеуір Аллаһ елімізден ондай жағдайлардың бетін ары қылсын!.. Бірде youtube-тан араб тілі жайында қажетті ролик іздеп отырып, мына бір Аллаһтың кереметіне тап болдым! Кешегі соғыс барысында қалатасында Құран кітабы бар кісіге қаңғыған оқтардың бірі келіп тиеді. Ол оқ қалтасындағы кішкене ғана өте жұқа қағазды Құран кітапқа тиіпті. Таң қаларлығы үлкен оқтың Құран кітапты тесіп шығалмағаны мен кісінің тірі қалуы…
Ол оқиғаға куә болғандар Аллаһты ұлықтап, мадақтарын жаудыруда. Ал біздер видео арқылы куә болып көрелік:
Бөлісу:

23 пікір

asaubota
иә, мұндайды естігем. жүрек тұсындағы кішкентай Құран ба әлде дұға кітапшасы ма соған тиіп, адам аман қалған.
e_zhalgas
голливуд фильмдеріндегі көтжыртар батырдың жүрек тұсынан табыла кетіп, оқтан аман сақтай қалатын қайран виски (ром, брэнди, арақ және т.б.) құйғыш темір ыдыстар, харисонфордыңдысс
Gastarbaiter
Голливудтан басқаны көрмегір, Гайдайдың фильмінде ғой Никуллинді бір бөтелке портвейн құтқарып қалатыны.
ken
Құранның орнында кез келген кітап болуы мүмкін еді ғой.
e_zhalgas
кез-келген кітап болса, бұл жерде мына жазбаны көрмеген болар едік
neoaskar
Оқтың күшін білмейсің бе, оқ өтпеу үшін бронжилет кигенше, үстеріне кітап жауып алып соғысар еді ғой адамдар, кез келген кітап оқты ұстап қалатын күші болса, Бұл Құран Кәрімнің мұғжизасы. Алла адамды сақтаймын десе, осылай сақтайды. Бүкіл адамзат баласының Исламды мойындайды, тек шайтанның (лағнаттуллаһ, Алланың қарғысына ұшараған) азғыруына түскен адамдардар басқа.
ken
Оқтың күшін білмейсің бе, оқ өтпеу үшін бронжилет кигенше, үстеріне кітап жауып алып соғысар еді ғой адамдар, кез келген кітап оқты ұстап қалатын күші болса
Оқтың күшін білмейсің бе, оқ өтпеу үшін бронжилет кигенше, үстеріне Құран жауып алып соғысар еді ғой адамдар, егер Құран оқты ұстап қалатын күші болса

Алла адамды сақтаймын десе, осылай сақтайды
Егер сақтаймын десе, кәдімгі кітаппен де сақтай алатын болар?
neoaskar
Адамға жанды беретін де, аллатын да Аллаһ тағала,
ken
біреу олай емес деді ме?
dauitov
Бұл әлгі бір шыбықты сындырғаннан көп, топ шыбықты сындырудың қиын, мүмкін еместігіне ұқсас сияқты.Мұқабаны,әрбір бетті тесіп өткенше екпін азая берген ғой.Не ажалы келмеген.Кейін ол кітаптың бүкіл ілімнің ілімі,ғылымны ғылымы, жарғылардың жарғысы т.б.екендігін де ескеруіміз керек.
alashaman
Алланың қалауы осы болған ғой
satibaldi
Шылқыған өтірік.
Бәлендей уытты емес деп есептелетін Калаштың өзі 200-300 метрден рельсті тесіп өтеді. Әншейін кездейсоқтық.
Әрі, неге кевлар-сталофлонға шығын болғанда, Құран сөзі жазылған қағаздан бронежилет тігіп алмайды деген ой туады. Неге солай жасмайды? Дұрыс: тесіліп қалып, масқара болмау үшін.
shimaibek
Сонысымен мұғжиза! Сонысымен керемет!
Gastarbaiter
Діндегі популизмнен жиіркенішті дүние жоқ деп ойлаймын.
satibaldi
Дәл айттың епті.
satibaldi
Жалпы, діндарлардың белгілі әдісі ғой, өсек таратып жіберу. Бағзы замандардан келе жатқан үгіт құралы.
Мысалы, қол астында христианы бар, мұсылманы бар әскербасылар баяғыда мынадай қулық жасайтын болған. Мұсылмандарға сүре жазылған жібек көйлек береді екен де, христиандарға мақта көйлек береді екен.
Жібек көйлекке жебе тигенде, оны денеден суырып алу оңай болғандықтан, көп жауынгер тірі қалатын болған. Оны көрген христиан амиголар шынымен сүренің құдіретіне сеніп, исламға өте бастаған. Сауатсыздық та керемет машина.
timurrr
Мұсылмандар жібек кимейді.
satibaldi
Неге?
timurrr
Өйткені, харам! Өле қалсаң да кимейді! Күнаһар пендеміз ғой, біреу-екеуі киер жанынан қорқып, тығылып, жасырып. Бірақ «мұсылман» қолбасы ұсынбақ түгілі кім ұсынса да «целый состав» кимейді!
satibaldi
Онда дереккөт кітапты тағы бір қарап шығып, осы жерге салып қояйын. Дәл солай жазылған еді.
satibaldi
Ал мынабір уақиға тіпті қызық.
1914 жылғы соғысқа келген ауылбай-крестьяндардан тұратын жасақтарға — орыс генералдары аспанға бұлтты күндері прожектормен кірес пен әулие әлдекімнің бейнесін түсіреді екен. Аспандағы мақандар белгі берді деп, бейшара надан шаруалар ит өлімге дейін жан аямай соғысатын көрінеді-міс.