EXPO дегеніміз не?

Блог - Pokemon: EXPO дегеніміз не?«EXPO дегеніміз не?» деген сұраққа көпшілігіміз тұтылып, лезде жауап қатуға жасқанамыз. Биыл Қазақстанда өткізілгелі жатқан дүниежүзілік көрменің тарихы терең, маңызы жоғары екенін білмедім дегенше, сауатсызбын десеңші. Осыған орай, ғылымға тікелей қатысы бар EXPO көрмесінің не екенін, қашан әм қайдан бастау алғаны жайлы аз-кем ақпар бере кеткеніміз орынды.

EXPO (ағыл. exposition) — индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсетуге арналған ашық алаң болып табылатын халықаралық көрме. 1844 жылы Парижден бастау алғанымен, алғаш рет EXPO деген атпен 1851 жылы со замандары Британ емпериясының ханзадасы болған Альберттің қолдауымен Лондонда өткізілді. Оның ұтымды, техникалық пайдасы ұшаң-теңіз екенін сезінгеннен кейін арасына 1-2 жыл салып Нью-Йорк, Париж, Порто сынды бақуатты қалалар іліп әкетті. Америка мен Еуропа құрылығынан аспаған көрме, 1970 жылы алғаш рет Азия құрлығына бет алып, жапониялық Осака қаласында өткізілгенін де біле жүріңіз. Азиядағы дамыған елдер Жапония, Қытай әм Оңтүстік Кореяда ғана өткен көрме төртінші болып Қазақстанға келгендігі де бір мақтаныш.

Әр ел, әр қала көрмеге арнап нышан ретінде ғимарат тұрғызу дәстүрге айналған. 1889 жылы Парижде өткен EXPO көрмесіне орай белді Эйфель мұнарасы, Лондонда хрустал сарайы тұрғызылған болатын. Сондай-ақ, EXPO тек қана ғылыми емес, саяси дәрежеге де ие. Британдықтардан бөлініп шығып өз бетінше дамуға бет алған АҚШ, тек 1893 жылы Чикагода EXPO көрмесін өткізіп, өзінің әлемдік деңгейге шыққандығын, экономикасының мықтылығын әм әлемде белді саяси рөлге ие болатындығын паш еткендігі бар.

Сонымен, биылғы Астанадағы EXPO көрмесінен күтеріміз көп. 115 ел қатысатын ірі көрмеде Нобель сыйлығының иегерлері экологиялық проблемаларды талқылап, жалпы бір ғана ел емес, күллі планетамыздың жағдайы нысанға алынары қуантпай қоймайды. Әйткенмен, біздің де өз көздеген мақсатымыз, көздеген жоспарларымыз бары да анық енді!
Әрі қарай

Әлемдегі ең биік ғимарат

Әлемдегі ең биік құрлыс алаңы өз жұмысын бастады
Сауд Арабиясындағы Жидда қаласында Kingdom Tower деген атпен ірі архитектуралық жоба жасалынды. Бұл ғимарат әлемдегі ең биік архитектуралық ғимарат болмақ. Осы жылдың наурызынан бұл ғаламат жобаның ірге тасы қаланды.
Әрі қарай

Ұлы тауларым

Ұлы тауларым – ұлы анам едің еңселі
Сағынып жүрмін, сағынып жүрмін мен сені!
Сыңғыры жетпей сұлу бұлақтың бұлқынған
Жап-жазық өлке жабықтырады еңсені!

Ұлы шыңдарым – кезуші ем биктеріңді,
Құздарыңа өрмелеуші едім буып белімді.
Бұланыңды аңдып, Ұларыңды аулап жүруші ем
Асау үйретіп, самалыңды еміп, сүйіп көліңді!

Қайран тауларым, құздарыңнан неге ұшпағам,
Көліңе шөгіп, Қысаңдар неге қыспаған?
Анамсың сірә, соншама еркелеткеніңді
Даңғаза басым көшіп кеткенше ұқпаған!

Ұжымақ деген Тәңір тауы ма, сірә, Алтай ма?
Алтауым ба ұқсап қалатын Алтайға?
Ғимараттарға лифтпен шыққан адамдар
Құдіретің мен қиындығыңды байқар ма?

Астана мынау жап-жазық дала, төбелер,
Төбелер қайтып алып таулармен теңелер.
Ғимараттарды қаншалық биік салсада
Талғамы биік таудың халқына не берер?

Тар жолдар мұнда, сәл қате жүрсең жақпайсың,
Сатып алмасаң емін-еркін бір жатпайсың!
Қапаста өскен ұл-қыздарының бойынан
Ұлы таулардың бір қасиетін де таппайсың?

Биікті көрмей түзейді қалай сыйықты,
Көргені жоқтан күтеміз қандай биікті.
Жаһанданудың жауыздығы ма, кім білсін,
Қайран қазағым таулардан солай үрікті!

Тауымда қалды бақтты шақтар, бөтен күн,
Қалаға келіп шаңырағымды көтердім.
Әй, қайдам, маған бұйырмас мұнда мұңсыз күн
Бөлтіріктердей тауына қарап ұлумен
Өтермін, мәңгі өтермін!

Әрі қарай

Студенттік өмір қызықтары

Сәлем бердім, уа «Керекинфо» жамағаты. Жайдары жаз келді, көңіл-күй керемет! Салғырттықтан гөрі, белсенділік басым.  Сабақ аяқталды, сессия ақырындап жүріп жатыр. Одан қалды 5 апталық практика бар. Содан кейін нағыз жазғы демалыс басталады. Сабақ, сессия демекші, студенттік өмірдің қызығы біткен бе?!

Әрі қарай

Қазақстандағы тұңғыш "Жасыл ғимарат"


Global Development компаниясы Қазақстандағы тұңғыш бизнес орталықтар арасынан Жасыл ғимарат Халықаралық статусына ие боу үшін Қонаев көшесіндегі мына ғимарттың құжаттарын әзірлеуде.

Parkview Office tower деп аталыатын бұл ғимарат 2009 жылдың соңында эксплуатацияға берілді және де Алматы шаһарындығы алдыңғы қатарлы бизнес орталықтарының бірі. Сондықтан девелоперлер болашақ үшін Parkview ғимаратын жасыл стандартымен сертификацияламақ. Негізі Халықаралық екі стандарттау жүйесі бар. Олар-BREEM (BRE Environmental Assessment Method — ғимараттың экологиялық тиімділігін бағалау әдісі), 1990 жылы ағылшындар ойлап тапқан BRE Global, және LEED (The Leadership in Energy and Environmental Design — энергетикалық және экологиялық басқаруды жобалау ), бұл 1993 жылы Америкалық Жасыл ғимарат кеңесімен құрылған. Осы екуінің бірін иемденген құрылыс ғимарты Жасыл ғимарат атағына ие болады екен.
«Жасыл» құрылыс және «жасыл» ғимрат — бұл дегеніміз экологиялық және энергетикалық материялдарды үнемдеу мен сапаны арттыру, комфорттық ғимраттарға қол жеткізі мүмкіндігі. «Жасыл» ғимрат — су құбырларын, ғимаратты жылыту, жарқтандыру, электрмен қамту, сондай-ақ құрылыс және әрлендәру материялдарын рационалды түрде қолдану, рекуперация технологиясын қолдану (кей ресурстарды қайта пайдалану ) сияқтысынмен пайдалы. «Жасыл» құрылыс және «жасыл» ғимрат термині Батыста бұрыннан бері қолданыста, ал елімізде бұл енді енді айналымға айналмақ. Ал Кедендік Одақ елі Ресейде бұл тақырып, қызу талқыға түскеніне біраз болды.

Parkview Office tower ғимараты екінші деңгейге жатады екен. Бірақ жетістіке жету мүмкіндігі зор. Себебі құрылыс салынғанда жаңа технологиялар қолданған. Мысалы, әжетханаларында сантехникалық құралдарда инфрақызыл датчиктер бар, олар судың аса көп қолданбауын қамтамассыз етіп отырады. Ғимарат Building Management Systems орталықтандырылған жүйеде қызмет істейді. Сондай-ақ, заманауи Johnson Controls вентиляцилары және кондиционирлері қолданылған. Жылы едендер, яғни тоқпен қуат алатын еденде тиімді екен. Ал сумен жұмыс атқаратын радияторлар көп ыстық суды талап етсе, жылы еден шығынды азайтып жылуды сақтау қабілетімен мықты.

Global Development басшылығы, осымен шектелмей тағыда пайдалы жабдықтармен қамтуды көздеп отыр. Құрылыс салғанда осы қағидалар орындалса сіз, әрине шамалы қаражат жұмсап, кейін екі-үш еселеп ақшаңызды қайтару мүмкіндігіне ие боласыз. Әрине мамандар құрылыстың 10–30 % қымбаттауы болатынын айтады. Бірақ бұл өз жемісін береді. Мысалы: сіз лампаларды эконом немесе светодиодқа ауыстырсыңыз 80 пайызға үнем жасайсыз.
Бұл барлығына тиімді болар еді. Жалға беруші жалға беру құнын 3% арттыра алса, жалға алушы
Аренда ствкасы қымбат болса да, эксплуатаци­лық шығындарын азайта алады. Бұл дегеніңіз қазіргі жағдайда Қазақстандағы ғимараттар шығынын екі есеге азайтуға әкелер еді.

Мәліметтер орысшадан аударылып, сәл қысқартылды… Ақпараттар мына жерден алынды Your text to link...
Әрі қарай