Ең пайдалы көкөніс. Асқабақ таңдаудың қыр-сырын, пайдалы қасиеттерін біле жүріңіз



Күз бен қыста Сіз білуге тиісті кеңестер топтамасы. Бес минутыңызды бөліп асқабақ таңдау, оның пайдасы туралы бейнесюжетке назар салыңыз. Ең пайдалы көкөніс — асқабақты жиі тұтынатын кезең басталды.
Әрі қарай

Әйгерім Кеулімжай

«Рахмет! Мүмкіндігімше тырысам». Бұл менің кейіпкерімнің осы блог-тұғырнамада жазған алғашқы пікірі. Не істеуге тырысатыны туралы сәл кейінірек.
Блог - Marco: Әйгерім Кеулімжай
Материалды бастамас бұрын түсінгенім – біз Әйгерім туралы көп нәрсе біледі екенбіз. Ол – ғалым, блогер, өлең жазады, сурет салады. Дегенмен, бұл өнердің бәрі қайдан пайда болған? Бастауы қайда? Өзімді осы сұрақтар қызықтырды. Жауап табатын бір ғана жер Әйгерімнің ауылы, үй іші екені анық. Өзінен ештеңе сұрағым келмейді, ендеше, Қурайлыға кеттік
.

Жер бетіндегі Қызыл ғаламшар

ЮТА штатындағы мына шөлді-қыратты мекен — Марс ғаламшарының тіршіліктен ада ландшафтын еске түсіреді. Дәл осы жерде марсиандық шөл дала зерттеу станциясы орналасқан. Жобаның басты мақсаты да сол, келер күндерде адамзаттың қызыл ғаламшарда әрекет ету мүмкіншіліктерін байқап көру. Мұнда түрлі тәжірибелер жүргізіліп, бұған қоса Марста және Айда пайдаланылатын техникалар ғарышқа жіберілместен бұрын, алдын-ала тексерістен өтеді.
Рейтер агенттігінің фотографы Jim Urquhart осы Жерде орналасқан Марсқа барып, ондағы тіршілікті көріп қайтқан екен.
Суреттер сөйлейді: Жер бетіндегі  Қызыл ғаламшар
Әрі қарай

БІЛІМДІЛЕР АЗАЙЫП БАРАДЫ.....

Қазіргі таңда білім беру кемшіліктері айтарлықтай деседі болады.Елімізде әртүрлі оқу орындары бар.Білім беру кемшіліктері кездесіп отырады.Бұл кемшіліктер бірде білім беруден бірде білім алудан кетіп отырады.Сонымен қатар қазіргі жастар шетелге оқуға әуес боп бара жатыр.Шетелге қызуғуы онда білім деңгейі жоғары дәрежеде болғандықтан шығар.Шетелге кеткен оқушылар ата-анасының рұқсатымен ал енді біреуі өз еріктерімен кетеді.Шетелге білім алам деп кеткен Айнұрдың қайғысы жастарға мысалға келтіруге болады.Егерде төменгі сыныптан бастап, шетел тілдерін тереңдете оқыса, жастар шетел елге бармай,өз елімізде білімдерін толықтырар еді.Білім беру орталықтарында оқушыларға бағдарламадан тыс мағлұматтар көп бермейді.Біздің мектептерде оқулықтардан оқушылар қиындық көреді.Бұнын себебі баспаханаға да және жыл сайын оқышулар саны көбеюде.Оқыту бағдарламасынан әдеп сабағын алып тастағаннан кесірінен білім алушылар ешқандай этика, эстетика дегенді білмейді.Білім алушыға керекті нақтылы бағдарлама уақытында беріліп жатса, білім беру кемшіліктері азайма па еді.
Әрі қарай

Қайықшы және ғалым.

Өзіне өте сенімді, тәкаппар бір грамматика маманы қайық жалдайды. Олар жағалаудан ұзап кеткен соң ғалым қайықшыдан:
— Сен тым құрыса грамматикадан бірдеңе білесің бе?-деп сұрайды. Қайықшы басын шайқайды. Сол кезде ғалым оған:
— Онда сенің өміріңнің жартысы бос өтті дей бер,-деп жауап қайтарады.
Бұл сөз қайықшыға ауыр тиеді. Ол ашуланады, бірақ білдірмейді.
Кенеттен күшті боран басталып кетеді. Су қайықты бағытсыз алып, иірімге апарып тастайды.
Сол кезде қайықшы артына бұрылып, грамматика білгішінен сұрайды.
— Әй, грамматикашы, жүзу білесің бе?
— Жоқ, білмеймін, — деп жауап береді грамотей.
Қайықшы болса оған былай дейді:
-Онда сенің бүкіл өмірің текке өтті. Өйткені қазір қайық мына иірімде аударылады.
Әрі қарай