найт/намайт

найт: келіншегім, футбол, тейбл теннис, каратэ, картинг, көөөп ақша, Алматы, Түрген, математика, логикалық есептер, психология, лимонмен көк шай, құрт көже, ет-нан, палау, ЛФЛ, өзіміздің жігіттермен футболдан кейін саунаға бару, (аллергиям болса да) жусанның иісі, жауыннан кейінгі топырақ иісі, аз ұйқтау (түні бойы пашти ұйқтамау, түстен кейін 1 сағат ұйқтау), ұйқыдан тұра салып тастай су ішу, таңертең жүгіріп кеп сүт ішу, үйге шаршап келгенде тамақтың дайын тұруы, ПСП-мен фифалату-пестету, ай-фонда пиано тарту, КВП, Аль Пачиноның кинолары, Джим Керридің фильмдері, жұмыстың жоспармен жүруі, ақылды бастық, нормасын білетін әріптестер, жаңа служебный мәшинем, ЛП, настр болмағанда домбыра тарту, шілде айын жайлауда өткізу, атқа міну, қымыз ішіп кәйппен мызғып алу, самауырынның шайы; әкемнің үйіне жылына 5-6 бес күнге сағындірііп барғанда паханмен шахмат ойнау, братишкалармен стрит ойнау, сестренкаларды ойнап қорқыту, мамам мен әйеліме тосын сый жасау; ауылдағы төбетім, ит төбелестіру, Ван мысығы.

намайт: бұрынғы қызымның сылтаулармен зыбандай беруі, глориктер, қазақ футболы, енем мен келіншегімнің телефонмен сөйлесулері, нағашыларымның наздары, на понт шет тілде сөйлейтін қыздар, физмат пен ктл-дің қыздары, еркек сияқты қыздар, шашын гельдейтін жігіттер, ретсіз көп сұрақ қоя беретіндер, скрытыймен скидывать ететіндер, өтірік топастанып қалатын жаныбарлар, өтірік айталмайтын далбайлар, автобусқа міну, қазақ тв-сінің орыстардан идеяны тігіп кетіп жасаған қайталама «дүниелері», қазақша тв, автомойкалар (и жалпы ҚЗ-дағы сервис), қарызын қайтармайтын туыстар, сөзінде тұрмау, кешігу, жиі-жиі командировка, Қызылорданың желі, Шымкенттің жолдағы беспределы, креслосына жабысқан шал бастықтар, олардың стерва нақсүйерлері, папасының чмо балалары; жұмысқа тұрғызшы деп жалыніііп келіп, ұнатпай қалғанда қойып кететін ағайынның малдары балдары; өсек айтатындар мен сөз тарататындар, «сен орыссың ба?» деген сұрақ, 321 шен иелерінің отырыстарда өзінше «е, бала, қай елсің?» дегені, арамтамақтар, көпшіліктің ортасында шылым шегетіндер, «по сунне жүршиш» дейтін «браттар», жұмыста жиналып-ап апта соңғы/түнгі «ерліктерін» жамырай айтатын 26-35 жастағы жасөспірім балақайлар, кешкілік сериалдар, әсіре ұлтшылдар мен діншілдер, рэп, хард рок, сары түсті барлық сусындар, қанден иттер.
Әрі қарай