найт/намайт

найт: келіншегім, футбол, тейбл теннис, каратэ, картинг, көөөп ақша, Алматы, Түрген, математика, логикалық есептер, психология, лимонмен көк шай, құрт көже, ет-нан, палау, ЛФЛ, өзіміздің жігіттермен футболдан кейін саунаға бару, (аллергиям болса да) жусанның иісі, жауыннан кейінгі топырақ иісі, аз ұйқтау (түні бойы пашти ұйқтамау, түстен кейін 1 сағат ұйқтау), ұйқыдан тұра салып тастай су ішу, таңертең жүгіріп кеп сүт ішу, үйге шаршап келгенде тамақтың дайын тұруы, ПСП-мен фифалату-пестету, ай-фонда пиано тарту, КВП, Аль Пачиноның кинолары, Джим Керридің фильмдері, жұмыстың жоспармен жүруі, ақылды бастық, нормасын білетін әріптестер, жаңа служебный мәшинем, ЛП, настр болмағанда домбыра тарту, шілде айын жайлауда өткізу, атқа міну, қымыз ішіп кәйппен мызғып алу, самауырынның шайы; әкемнің үйіне жылына 5-6 бес күнге сағындірііп барғанда паханмен шахмат ойнау, братишкалармен стрит ойнау, сестренкаларды ойнап қорқыту, мамам мен әйеліме тосын сый жасау; ауылдағы төбетім, ит төбелестіру, Ван мысығы.

намайт: бұрынғы қызымның сылтаулармен зыбандай беруі, глориктер, қазақ футболы, енем мен келіншегімнің телефонмен сөйлесулері, нағашыларымның наздары, на понт шет тілде сөйлейтін қыздар, физмат пен ктл-дің қыздары, еркек сияқты қыздар, шашын гельдейтін жігіттер, ретсіз көп сұрақ қоя беретіндер, скрытыймен скидывать ететіндер, өтірік топастанып қалатын жаныбарлар, өтірік айталмайтын далбайлар, автобусқа міну, қазақ тв-сінің орыстардан идеяны тігіп кетіп жасаған қайталама «дүниелері», қазақша тв, автомойкалар (и жалпы ҚЗ-дағы сервис), қарызын қайтармайтын туыстар, сөзінде тұрмау, кешігу, жиі-жиі командировка, Қызылорданың желі, Шымкенттің жолдағы беспределы, креслосына жабысқан шал бастықтар, олардың стерва нақсүйерлері, папасының чмо балалары; жұмысқа тұрғызшы деп жалыніііп келіп, ұнатпай қалғанда қойып кететін ағайынның малдары балдары; өсек айтатындар мен сөз тарататындар, «сен орыссың ба?» деген сұрақ, 321 шен иелерінің отырыстарда өзінше «е, бала, қай елсің?» дегені, арамтамақтар, көпшіліктің ортасында шылым шегетіндер, «по сунне жүршиш» дейтін «браттар», жұмыста жиналып-ап апта соңғы/түнгі «ерліктерін» жамырай айтатын 26-35 жастағы жасөспірім балақайлар, кешкілік сериалдар, әсіре ұлтшылдар мен діншілдер, рэп, хард рок, сары түсті барлық сусындар, қанден иттер.
Бөлісу:

34 пікір

Zhanylai
физмат пен ктл-дің қыздары
неге намайт?
satvaldo
екеіуінде де оқыдым. өздерің паң санайды. басқа қызларға жай смертныйларға қарағандай қарайтынын байқадым да. содан намайт.
Altygradus
хмм мүмкін таныс шығармыз
satvaldo
сіз Қызылордалық болсаңыз тошна таныс емеспіз :ҚҚҚ
Altygradus
неге ҚО???
ФизМат дегенге Ботаническийдегі деп қабылдап отырмын өз басым
qisyq
Түргенге қыдырыстап барғансың ба әлде басқадай жақындығың бар ма?
satvaldo
қыдырыстап (бір түрлііі сөз екен) барам, жақындығым жоқ.
біздің каластастармен суетадан қашып жиналатын жер ғо…
asaubota
базар жоқ, түсініп отырмын шамамен қандай адам екеніңді
monti
почему-та Гастербайтер-Сатвалдо сияқт
satvaldo
менің қазақша сөздік қорым жетпейді.
Gastarbaiter
мен Сатыбалдыға қойған лақап атпен кіріп клон болуға ұялар едім.
sammita
«сен орыссың ба?» деген сұрақ
ұқсайсың ба орысқа?
asaubota
орыстарға жиен екенін жазып еді ғой бір жерде
satvaldo
нағашы жағы шатақ, рееемииикс десем болады :ҚҚҚ
sammita
осы сұраққа ренжіп ұрсып тастайтын шығарсың. ұнамайды депсің.
satvaldo
анам тілі — орыс тілі. мәнгә пох :ҚҚҚ
қыздар сұраса ренжімеймін негізі )))
кей қассақтар әдейі «кемсіткісі» кеп сұрайды да, соған ренжимін. қазақша білсең де өздерінше үйстіп «кемсітеді». білмесең (інім 2-3 жыл бұрын әке тілінде дым білмейтін), әкенді «ынжық-сатқын-бейшара бір әйеліне шамасы келмейді» деп өсектейтінің қайтерсін.
asaubota
бізге (ауылдағы менің руыма) әлі күнге дейін ренжіген кезде «орыстар» дейтіндер бар. руымның аты Сейіт, бұрын Сергей деген кірме орысты рудың үлкендері қабылдап алып, атын сейіт қылып өзгерттіп, қазаққа үйлендіріп ел қылып жіберген екен. қазір бүкіл ру соның атымен аталады, менің 10-шы атам.
satvaldo
сендерде ренжіген кезде ғана болса, бізде құдайдың құтты күні сол. сондықтан ауылға көп бара бермеймін. әкем себебін білгесін, дым демейді. ал, анамның еті үйренген.
Aizhantabyn
мәәә, физмат пен ктл қыздары не істеді сонша?)))) Жап жақсы, ақылды ғой олар!
Aizhantabyn
ууууупс, көрдім)
a63a1
жеке пост қылмай-ақ осы жерге жазып кетейін
Ұнайд: Ұнайтындардың барлығы дерлік ұнайды
Ұнамайд: Ұнамайтындар ұнамайды, қызық
Beytanis
Ұнайды-ұнамайды деген біреуге керек дейсіңдер ме? Контентбайытқыштар
meirzhan
біреуге керек болмаса да, өзімізге керек. блог ресми БАҚ емес қой, Бейтаныс.
Beytanis
Негізі бір тақырып ашып сол жерге жалпылама ұнайды-ұнамайды деп барлық юзерлер жазуы керек сияқты деген пікір-көзқарас-ой-сезім-ұсыныс бар еді. Ал, былайша, көпшілікке қарсы дауым жоқ, Мәкееее. Жазыңдар, әдддемі жазып жатсыңдар.
e_zhalgas
рэп, хард рок
Не ар жағы, не бер жағы болады ма десем, екі жақты да сойып салыпсың ғой
asaubota
Эстафеталар деген қауымдастық ашып, барлығын сол жерге жинап қойдым. келесіде жазам дейтіндер болса сонда жазсын және басқа да эстафеталар сол қауымдастыққа жазылсын.
sammita
жақсы болды, рахмет.
asaubota
ЛФЛда ойнау ол деген уже деңгей ғой.

келесі блог-құрылтайда жиналып футбол ойнау керек екен.
satvaldo
не ғой, сенбистер лақтырып кетпесеңдер, сосын ойында аһілеп-уһілеп қалмасаңдар болды ғой, брат…
Gastarbaiter
рэп, хард рок,
Кантри тыңдайтын шығарсың