Эстапета. Балықбастар, тойыс балық аулаудың маньяктары аман болсын.

Әбіләкімнен эстапета оқтауын ала салып, іске кірісіп кеттім. Әрине виртуалды түрде. Тушонкі қосылған макарон мен бичпакеттің дайындалу әдісін үйретпей-ақ қояйын, оны бәрі білетін шығар.

Бүгін қолымнан келетін балықтан жасалатын тағам түрін көрсетемін. Виртуалды түрде деп айттым ғо, ептібаймат. Сондықтан, ойша елестету қабілеттеріңді іске қосыңдар.

Селедканы бәрі білетін шығар. Қазақша майшабақ екен. Тіске басуға таптырмайтын құрал, құралы нес, тамақ. Оны алқаш амиголар жақсы біледі. Сонымен, бүгінгі тағам:

1. Картоп пен майшабақ.

Әрі қарай

эстафета : Сірне немесе бұқтырма


Мен эстафета күткен жоқпын айып етпессіздер! Эстафета ұсыныла қалған жағдайда не жазам қолымнан дым келмейд деп ойланып отыр ем кешеден бері. Сүйтсем есіме сап ете қалғаны :) Былтыр бір кабинетте отыратын ұжымдас достар болып отбасымызбен бірге кабинеттегі бір апамыздың (әпкеміздің кей жерлердің атауы бойынша)туған күнін табиғатта өткізгенбіз. Сонда осы тағамды өз қолыммен дайындап жұрттың алғысына бөленгенмін :)
Әрі қарай