Осыдан 59 жыл бұрын апам Мәйке дүниеге Асанкелді деген ұлды алып келіпті. Сол баланың бүгін туылған күні екен. Яғни, менің әкем Асанның туылған күні. Әкей туралы не айтсам болады? Елдің бәрінің әкесі жақсы. Менің әкем өзгеден ерекше, артық деп айту әбестік болар. Әркімнің өзіне тән ерекшелігі болады емес пе? Мен бүгін әкемнің маған ұнайтын екі ерекшелігін айта кетейін. Ең біріншісі — әрине, әкемнің адалдығы, кісі ақысын жемеуі. Бір жолы кісі шақыратын болып үйге лепешкі алады. Сатушы қателесіп кетсе керек, әкейге артық екі мың теңге беріп жіберіпті. Сатып алған заты көп, басы ауырғандықтан ақшаны санамастан үйге кетіп қалады. Ал, үй дегенің ауылда.