Тәжік салған із.

Ал қуаныңдар. Тәжік ұстап алдық. Ұстағанда жаммман ұстап, соттап жібердік. Бейшара бес күнге абақтыға қамалды. Жазығы бар. Астанамыз Астананың көшесінде кіші дәретін өтепті, жазған неме. Оны қайдан білдік? Елорданың полицейлері жақында ғана үлкен мақтанышпен таныстырған жаңа камералар бар емес па… солар түсіріп алыпты. Бірақ өз басым бейшараны аядым. «Астана салқын, шыдамадым», — дейді. Енді өзіміздің халық «джаурап» жүргенде, тәжік байғұс шынымен тоңған шығар. Дегенмен біздің сот әділ ғой, анау-мынау жеңілдік беретін деректерді де ескеріп, шағын ғана жаза белгіледі.
Әрі қарай

Әділдік деп осыны айт!

Бразилияның Santa Rita do Sapucai атты қаласының түрмесінде жазасын өтеушілер велоқұрылғылар арқылы электр қуатын өндіреді. Ол қуат қаланың қажеттіліктеріне жаратылады екен. Жазасын өтеуші неғұрлым ұзақ уақыт педаль айналдырса, соғұрлым түрмедегі мерзімі де қысқарады-мыс. Сондықтан жазасын өтеушілер педаль айналдыруға құмар дейді. Бұл жазаны ойлап тапқан қалалық сот екен. Әділдік деп осыны айт!

Әрі қарай

Онай құтылмақшы ма?

Жақында, Шымкент соты 16 жастағы оқушы Динара Атажанованы 2011 жылы 21 қараша күні көлікпен қағып өлтірген полицейді ақтап шықты. Полиция майоры Асқар Құлбаев көлікті мас болып айдап, оқушыны жаяу жүргінші өтетін жерде 90 км/сағат жылдамдықпен келіп соғып, 60 метр жерге ұшып кеткен балаға қарамай өте шыққан болатын. Бұдан кейін ол оқиға орнынан ізін суытқысы келген, алайда оны жол-көлік оқиғасының куәгерлері ұстады. Бұл іс қазір қоғамның наразылығын туындатып үлгерді. Дегенмен, Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік соты Асқар Көлбаевтің үстінен көрілген істі қарады. Анық болғандай, ол мас күйінде көлік жүргізген. Сот отырысы барысында ол кінәсін толық мойындады. Сондықтан оны екі жылға жүргізушілік куәлігінен айырылды.
Осыдан кейін полицейлердің мінсіз қызмет атқарып жүр дегеніне қалай сенесің? Әлде «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді ме?»
Әрі қарай

Ұялып отырмын...

Сыныққа сылтау дейді ғой… Ұяттымын. Сөзімде тұрмадым, бастаған ісімді дұрыстап аяқтай алмадым.
Сағынның ісі туралы түсірген сюжетіміз екі апта бұрын дайын болған, бірақ сайтқа әлі шықпай жатыр. Веб-бағдарламалаушымыз босамай жатыр. Өзім де ауырып қалып, қадағалай алмадым.
Бүгін бағдарламаның 117 саны жазылған диск «Алматы» арнасына жөнелтілді. Құдай қырсығынан сақтаса, алдағы жексенбі күні сағат 17-00-де эфирге шығуы тиіс. Ал облыстар оны өткен аптада көріп алды, өйткені спутник арқылы жүретін таралым «Алматыдан» бір апта бұрын.
Ерінбесеңіздер, жексенбі күні теледидар көріңіздер.
Әрі қарай

Досқалиевті соттау керек пе?

Экс – денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің «жемқор» атанып, құқық қорғау органдарының табалдырығын тоздырғалы бірнеше айдың жүзі болды.Оған қарсы қылмыстық іс қозғау, аурухана әңгімесі, оны өтірік ауру болды деген айыптар, сол аурухананың
Әрі қарай

Куәгер...

Сот процессі.Сөз кезегін алған қол-аяғы гипстелген жәбірленуші: Таңғы алтыда тұрып жүгіретін әдетім бар еді. Әдеттегідей жүгіріп бара жатқанымда түйсігім бір нәрсенің боларын сезді.Төбеге қарағанымда көріп үлгергенім тоңазтқыш.Бұрылып үлгергенім ғана
Әрі қарай