Жұрттарға рахат, La Lune'мен ойнап жүр

Поштыма пауэрпойнтпен жасалынған слайд жіберіпті, бір бауырым. Француздар түнде аймен бірге түскен суреттер екен. Маған өте ұнады. Слайдтағы суреттерден видео жасап, ютубқа орналастырдым. Сауынтірегіде сол слайдтағы әшулә.
Иә, ютубтан «авторский право» деген бірдеме келді, содан кивиге де жүктедім.

Сілтеме kiwi.kz/watch/md38r06ybd8c/

Сілтеме www.youtube.com/watch?v=cVZp2H-fMqc
Әрі қарай

Атышулы жиналыстар. «Ұлы құрғақшылық»

Ойбай, мәлімет іздеп келген аграрийлер болса, кешірім сұраймын: әңгіме жаңбыр әлде су тапшылығы туралы емес.
Әлқисса, 1929 жыл, АҚШ, Атлантик сити (Нью Джерси). Жергілікті казинолардың біріне машиналар келіп тоқтауда. Ішінен шляпалы һәм ұзын етек күрте киген джентльмендер түсіп, жан-жағына күдіктене бір көз тастап, казиноға қойып кетуде. Жақыннан көрген адамға жан қалталарында қос-қостан тапаншалары барын көру қиын емес. Ал, «сақтықта қорлық жоқ» дегендей, мәшинелердің ішінде атақты «Томмиганнан» тап қазір сақылдатып ата жөнелетін бірде шопыр, бірде оққағар рөліндегі жігіттер және отыр…
Әрі қарай

Жиналыс жабдықтары. Сатқын флэштер.

Ертеректе, плазмалық панельдер сән мен мекеменің кемелінің көрсеткіші болғанда, бір емес, екі плазмалық панель алдық қой барып.
Біреуі әп-сәтте-ақ басшының кабинетіне жол тартты; ал екіншісін, нақ сол басшымыз аз-мұз ойланып тұрып: «программисттерге беріңдер, керегіне жаратсын!» деп әмір берді. Бұл жерде, әкімшілік әмірдің райын түсінетін адам, «керегіне жаратсын» деген сөзден — рақатын көрсін дегенді емес, осы мекеменің игілігіне жаратсын деген мессежді ұғуы керек.
"Қайда тығам? Оқытушылар бөлмесінде оқу материалдарын қарайтын видеокешен қылғым келді. Ой, қызық емес" Сабақ кестесін көрсетіп тұратын болса дедім бір кезде. Бірақ, 30 топтың барлығын кезекпен айналдырып көрсеткенше, онсызда асығыс-үсігіс студенттер қиратып кетер деп қорықтым. Ақыры не керек«жүгірме жол ұйымдастыруды шештім. Яғни қоңырау кезінде, радиодан құттықтау айтылады, ал панельден туылған күн иесінің суреті мен, астында құттықтау сөз жүгіретін болса деп ойладым. Шешілді-бітті: төрт күннің ішінде панельдің бетін компьютерден басқаратын программа жазып шықтым. Бұл бір жаңалық болды-ей: кейін туылған күннен басқа, хабарландыруларға да пайдалана бастадық. Бір шикіөкпе, талабы бар студентті алып, хабарландыруға жауапты қылып, отырғызып қойдым.
X күні. Дәлірек — xxx күні
Дәріс оқып жатқам. Тіл-құлақтан айрылған вахтер жетіп келді. „Анда“ Бізде» Төменде"" дейді кемсеңдеп.
Барсам" Бәлкім, сол жерде тышқан жүгіріп бара жатса, артынан ере жүгіріп, кірген тесігіне мен де кіріп кетер ме едім"
Не бетімді айтайын: плазмалық панельде кәдімгі классикалық, неміс үлгісіндегі порнофильм көрсетіліп жатыр!
Өкпемді қолыма алып жүгіріп, басқару кешені орналасқан бөлмені ашып қалмаймын ба? Онда құлағына құлаққап киіп алып, дүниені ұмытқан студент мәтін теріп отыр"
Сүйтсем, оқиға желісі шамамен былай өрбіген. Біреу біздің байғұсқа «мына екі бетті теріп, мынаған көшіріп берш» деп, флэш береді. Бұл келіп, флэшті компьютерге тығып қояды да, өзі мәтінді тере бастайды. Жадыда жалпыадамзаттық құндылыққа ие файлдардан басқа, порнофильмдер де жатқанға ұқсайды. Қағылез Winamp видеофайлды автоматты түрде ойнатып кеп жібергенге ұқсайды.
Кейін мұндай курьездар көптеп кездесті ғой. Слайд әкелінген флэштерді салып қалғанда,
үлде мен бүлдеге оранған баяндамашы қыздың, үйінде баналды халат-тәпішкімен жүргенін де көрдік. Сиырдан салмақты ағайлардың туылған күн кешінде бақырып ән айтып отырғанын да көрдік.
Түйін біреу: флэштің мазмұнын жеті мәрте қарап алып, бір рет сал!



Мақала сілтемесі: http://xattama.wordpress.com/2011/01/30/hardware/
Әрі қарай