Астанада жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

Жалпықалалық сенбілікке 188 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде 4 180 кәсіпорын мен мекеме, соның ішінде 46 жоғарғы және арнайы орта білім беру мекемелері, 177 мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелері, 58 денсаулық сақтау мекемесі, 146 мемлекеттік мекеме, ведомстволар мен ұлттық компаниялар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Жүк тиегіштердің 171 бірлігі және жүк көліктің 335 бірлігі іске қосылды, барлығы 506 мамандандырылған техника. Сенбілікте саябақтардың және шағынгүлбақтардың жалпы көлемі 2,3 млн м2 тазалық жүргізілді,   9 397 ағаштарды (қызыл тал, қара үйеңкі, қарағай, қайың, емен, пирамида сияқты терек, шетен, шаған, сағызқарағай, шефердия, шегіршін, қарақат, алма) және бұталардың 891 м.б. негізгі аймақтар бойынша отырғызылды.


– Алматы ауданында – 3 300 д. ағаштардың көшеттері отырғызылды («Нұрлы жол» жаңа вокзал ауданы, Президент саябағы, Есіл өзенінің бойындағы саябақ (оң жағалауы), денсаулық сақтау объектілері, білім беру мен сарай маңындағы аумақтар);


– Байқоңыр ауданында – 585 д. ағаштардың көшеттері мен 22 м.б. бұтақтар (Кенесары к-сі, Уалиханова к-сі, Тұрсық саябағы, денсаулық сақтау объектілері, білім беру мен сарай маңындағы аумақтар) отырғызылды;


– Есіл ауданында – 5010 д. ағаштар мен 480 м.б. бұтақтар (Е10 к-сі, Арай к-сі, Қорғалжыл тас жолы, сақтау объектілері, білім беру мен сарай маңындағы аумақтар) отырғызылды;


– Сарыарқа ауданында – 502 д. ағаштар мен 389 м.б. бұтақтар (Есіл өзенінің жағалауы, Бейсекова к-сі, Бейбітшілік к-сі, Кенесары к-сі, Көктал-2 т.а. сақтау объектілері, білім беру мен сарай маңындағы аумақтар) отырғызылды.


Өзендер арналарын санитарлық тазалықпен қамтамасыз ету мақсатында еріктілер мен қоғамдық ұйым өкілдерін тартумен экологиялық акциялар Есіл, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзендерінде өткізілді.


Сенбіліктің кезінде (14.00-ге) 904,83 тонна қоқыс жиналып шығарылды.


Экологиялық айлықта министрліктердің, агенттіктердің, Астана қаласы мәслихатының, Астана қаласы әкім аппаратының, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ардагер кеңесінің, кәсіподақ пен қоғамдық бірлестіктердің ұжымдары белсенді қатысты.


Кіші және орта бизнес қызметкерлерінің күшімен іргелес жатқан және кіретін аумақтары жиналды. Коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдарды:


– аула іштерін абаттандыру,  балалар онайтын және спорт алаңдарын, кіші сәулет нысандары, жиектерді және т.б. қалпына келтіру;


– инженерлік пен коммуникациялық желілерде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында пайда болған ақауларды жою;


– сыртқы жарнама мен рәсімдеу объектілердің (билборттар, пилондар, аншлагтар, жарық құрылымдары);


– өтпежолдарды және көпірлердің қоршаулары, құрылымдарды жуу, аялдамалардағы павильондарды жөндеу, тазалау;


– бей-берекет тасталған автокөлік құралдарды шығару;


– сым желілерін сәйкесінше жасау, көшелер мен саябақтардағы жарықтандырғыштарды жуу мен бояу.


22 қыркүйек күні Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді

Осы жылдың 10 қыркүйек 10 қазан аралығында Астана қаласының аумағында күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша экологиялық айлық  өткізіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Осы жылғы 22 қыркүйек күні өтетін жалпықалалық сенбілікке 72 мың адам қатысады деп күтілуде, 2000-нан астам кәсіпорын мен ұйым, 46 жоғары оқу орны мен орта кәсіптік оқу мекемесі, 177 орта мектеп мен жалпы білім беретін мекеме, 58 денсаулық сақтау мекемесі, 146 мемлекеттік мекеме мен ұйымдар және кәсіпорындар, 520 бірлік мамандандырылған техника.


 Сенбілікке қатысушыларды қоқысты жинайтын арнайы (күрек, тырнауыш) жабдықтармен, қолғаптармен және қаптармен қамтамасыз етеді.


Осы экологиялық айлық шеңберінде келесі жоспарлауда:


          — қала ауданын санитарлық тазалау;


         — көше бойы, жаяу жол және үй аралық ауданды жинау;


         — ағаш егу;


         — нөсер торлары және арық жүйелерінің құбырларын тазалау;


         — гүлзар және гүлбақшаларда, бақ пен саябақтарда жасыл желектерді күтіп ұстау агротехникалық мерзімдік іс-шаралар жұмыстарын жүргізу;


         — заңсыз жерлерде орналасқан қоқыс үйінділерін жинау.


Жалпықалалық сенбілікке қалалық және республикалық мекемелердің қатысуымен 12 534 жаппай ағаш отырғызуды ұйымдастыру жоспарлануда.


Бұдан басқа, 15 қыркүйекте біздің елорда «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық экологиялық акциясына қосылады, онда әлемнің 150-ден астам елі және 380 млн жуық еріктілер қатысады. Осы акцияның бірегейлігі, акцияны өткізу барысында жиналған барлық қалдықтарды (араласқан қалдықтардан қайталама шикізатты бөлек жинау) сұрыптап, одан әрі қалдықтарды өңдеуге арнайы зауытқа тасымалданады.


Жалпықалалық сенбіліктің басты мақсаты, қоғамның назарын астана қаласының көшелерін таза ұстау және экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Көшелер мен аулаларды абаттандыруға үлесін қосқысы келетін тұрғындар және қала ұйымдастырушылары қатыса алады.

КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты

Бүгін «Астана – таза қала!» жалпықалалық сенбілігі барысында 10 мыңнан астам көшет отырғызылды. Жыл сайынғы шара қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі күзгі экологиялық айлық аясында ұйымдастырылды.

Бір топ блогер «Хан Шатыр» маңындағы аймақта сенбілікке қатысып, көшет отырғызып қайттық. Мұндай қоғамдық жұмыстарға бұдан кейін де белсене қатысып, отбасылық демалыс түріне айналдырмақшымыз.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Біз барған жер Жамбыл облысынан келген делегацияға арналған екен. Олардың және Павлодар облысының бүгін жәрмеңкесі де болып жатыр.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Сенбілікке балаларды да апардық. Еңбекке баулу!

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Бізге жақын маңда Астана қаласының әкімдігі де шыққан екен. Ортадағы бикеш Астана қаласы әкімінің орынбасары екенін біліп таң қалдық. Малика Ерланқызы ақжарқын, қарапайым кісі екен. Шәйға шақырып, дастархан басында өзі шәй құйып жүр.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Жас жігіттер де аздап жүрек жалғап алды жұмыс ортасында.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Қыздар да Малика апаларымен фотоға түсу мүмкіндігін жібермеді.
Әрі қарай

Жалпықалалық сенбілікке 4 мыңнан астам медицина қызметкерлері қатысты

Жалпықалалық сенбілікке Астаналықтар белсенді қатысты. Соның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлері де қалыспады. Дәрігерлер үшін жыл сайын сенбілікке қатысу өзіндік дәстүрге айналды. Сондықтан 4 мыңнан астам медицина қызметкерлері, соның ішінде денсаулық сақтау ардагерлері қаланы абаттандыруға, көгалдандыруға және тазартуға өз үлестерін қосты.

Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбілікке 4 мыңнан астам медицина қызметкерлері қатысты

«Адамның денсаулығы негізінен оның өмір салтына байланысты деген қағидатты ұстанып, қоршаған орта мен оны күтіп ұстаудың денсаулығымызға тікелей әсер ететінін ұмытпауымыз керек. Жинаған жер емес, қоқыс тастамаған жер таза деп бекер айтпайды ғой. Сондықтан барлық қала тұрғындарын табиғатты аялауға шақырамыз», — деді Астана қаласы денсаулық сақтау саласының ардагері Алтын Сүлейменова.

Сенбілік барысында 3500 қаптан артық қоқыс шығарылды, 5000 жуық ағаш пен 20 мың метрден астам жолдың жиегі әктелді. Бұл қорытынды нәтиже емес. Астанада экологиялық айлық 18 мамырға дейін жалғасатындықтан бұл көрсеткіш әлі де салмақты цифрлармен, тамаша нәтижелермен толығады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

"Біз таза қала үшін" сенбілікке қатысып келдік

Расында да Астанаға екі жыл бұрын келсем де, толыққанды астаналық ретінде сезінбеппін) Бүгінгі сенбілікке қатысып, нағыз астаналық екенімізге көзім жеткендей болып қайттық-ау) Жанасыл екеумізді айтам да. Біздің үлесімізге Әзірет Сұлтан мешітінің маңы бұйырды. Бардық...

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАстана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдік
Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікҚұдай-ау… Не деген қамқорлық десеңші?!) Қаз-қатар тізілген жап-жаңа, бояуы кеппеген шелек, күрек, зембіл (носилька), қоларбаларды көргенде, кезіндегі мектепте ұйымдастырылған сенбіліктер есіме түсіп, көңілім босап кетті) Қалжың ғой. Ойын ойынымен, ол кездегі сенбіліктерге не күрек жетпей, не зембіл жетпей, кезек күтіп тұратын едік. Қашып кетуге көзіңді баққан жетекші) Ең қызығы үйі мектепке жақын балалардың үйінен күрек, шелек тасып жүргендері ше))

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдік
Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікРасымен де ұйымдастыру мықты. Құралдардан бөлек арнайы палатка тігіп, сенбілікке келгендерге кофебрейк те ұйымдастырған екен. Әне жерде, самаурын да қайнап тұр. Керемет емес пе?!

Қош, қолға күрек алып, топыраққа тигізе бергенде, айналамызда жүргендердің апыр-топыры шықты да қалды. Сүйтсек, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков келіп жатыр екен. Айналасындағылар жұмыс жасап жүргендерден көп екенін көріп, қосымша күш келді деп қуанып кеткенімді несіне жасырайын?!)

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАйтқандай әкім шалқайып тұрмады, «Бүгінгі сенбіліктің маңызы бөлек, бұл «Біз – таза қала үшін» жалпы қалалық сенбілігі болғанмен, жан-жақтан келіп қоныстанған барша астаналықтарды біріктіретін,өзін астаналық ретінде сезіндіретін шара деп қысқаша түсіндіре кетті де (көрдіңіз бе, менің ойыммен дәл келіп тұрған жоқ па?!), іске кірісіп-ақ кетті.

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАл біз жұмыс істеудің орнына шарт та шұрт суретке тартумен әлекпіз. Қайтейік, қара жұмыс жасаған әкімді сирек көреміз. Таңсық қой.

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікБіраз талдың түбін қопсытып, топырақ салған соң, әкім мырза сақылдап қайнап тұрған самаурыннан екі кесе шәй ішті де, қасындағы топ адамды ертіп ап, келесі бір жақтағы сенбілікші қауымға аттанып кетті. Оларға да дух беретін тойыс оларды да бір желпіндіріп алса, соның өзі қанша көмек…

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАл Жанасыл екеуміз осы желпінген күйі біраз іс атқардық та, әлгі шәйден ауыз тиіп, табанды жалтыраттық. Бірақ расымен де, астаналық ретінде Елордамыздың көркеюіне аз да болса үлес қосқаныма өз-өзіме риза болып қалдым. Дәл мен сияқты қаншама адамға сондай ой келген шығар. Демек сенбілік өз мақсатына жеткен сияқты.

Айтпақшы сол жерде сенбілікке 100 мың адам қатысты деген ақпарат та айтылып қалды. Аз сан емес…
Әрі қарай

Ильич ата ізімен



Шіркін, субботник асарға аз да болса келеді. Ленин де кезінде капиталисттердің көтіне тұз сеуіп, өзі сенбілікті бастаған еді. Қалай болғанда да сондай сеніммен өскенбіз.
Кейін ғой, қазекемнің мұрты майланып, шеге қағып, лампочкі бұрауға гастарбайтер жалдауды әдет қылғаны.

Бүгін бәріміз үй ішімізбен көктемгі сенбілікке шықтық. Ауланы тырмалап, ескі құсқыны өртеп, өртейтінді өртеп, ауылдың даласы осы күнде тезек пен түтін сасиды. Күн майдың айындай жадырап тұр.
Рахат)
Әрі қарай