Ертең басталатын үшінші ортаазиялық форумда Интернет саласына қатысты айтылған болжамдар мен қабылданған шешімдер талқыланады



Мамыр айының 18-19 жұлдызында Алматыда жыл сайын ұйымдастырылып отырылатын «Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы InternetCA-2012» форумы өтеді. Аймақтағы Интернеттің даму деңгейін халықаралық мамандар мен 4 ортаазиялық республикадан келген сарапшылар бағалайды.
Әрі қарай

Диагноз

Бір кісі ойнап-күліп жүріп, денсаулығына шағым айтпастан ана дүниеге кете барыпты. Көз шырымын алып алмақ болған, содан оянбай кете барған. Мәйітті дәрігер келіп тексеріпті. Марқұмның бала-шағасына мемлекеттен көмек көрсету үшін тексертпесе болмайды. Содан еш аурудың белгісін таба алмапты. Әйелінен " соңғы кезде денсаулығы бойынша шағым айтып жүр ме еді?" деп сұрапты. Анау «Жоқ» деген. Сондағы дәрігердің қойған диагнозы, заключениесі «Аңдамай сөйлеген, сондықтан да ауырмай өлген» болыпты
Әрі қарай

Дәрігерге қараған күнің құрысын немесе мен бүгін не тындырдым?

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Дәрігерге қараған күнің құрысын немесе мен бүгін не тындырдым?
Балабақшадағы медбике ұлыма жалпы қан сараптамасын жасату үшін жолдама жазып берген-ді. Өткен жұмада әкесімен бірге осы шаруаны тындырды. Біздің ықшамауданнан жақында ғана жап-жаңа типтік жобадағы емхана пайдалануға берілген еді. Бұрынғы емхана кісі санына шақталмаған, ол жерге ауруын емдетпекке барған науқас, керісінше сырқатына сырқат жамап қайтады. Ал қазіргісі кең, жайлы. Айыбы — зертхана жоқ. Сода жолдамалары қолында, сол баяғы емханаға тартып барыпты ұлым мен әкесі. Еншісін алып кеткен оларды о жерде ешкім құшақ жая қарсы алмағанымен, кішкене баламен сүйретіліп барып тұрған соң, төсінен итермепті. Ертесіне 3-тен кейін сараптама қорытындысы дайын болатынын, келіп алып кетулері керектігін айтқан екен. Бүгін сол есеппен үйдегі сіңлім барды сүйретіле… Жаңа бір әзірде қоңырау соқты, сараптама қорытындысы қолға берілмейді-мыс /башпайларын да ұсынып көріпті;)/. Әлгі жаңа емхананың медбибілері өздері әкетеді-мыс. Сонда бұл туралы о баста ескертетін болса, қайда қалыпты? Сіңлім де босқа ұрыс естіді, өмірі ештеңе тындырмайсың деп жатырмын жалма-жан. Қазір зертхана меңгерушісіне соғып, біраз шаңын қағып алдым. Біздің дәрігерлердің немқұрайлылығына қаным қайнайды. Бүгінгінің дәрігеріне қарап жол бойында ала таяғын айналдырып тұрған жол полицейі көз алдыма келеді. Күніміз түспесін сендерге!
Әрі қарай