Ертең басталатын үшінші ортаазиялық форумда Интернет саласына қатысты айтылған болжамдар мен қабылданған шешімдер талқыланады
Мамыр айының 18-19 жұлдызында Алматыда жыл сайын ұйымдастырылып отырылатын «Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы InternetCA-2012» форумы өтеді. Аймақтағы Интернеттің даму деңгейін халықаралық мамандар мен 4 ортаазиялық республикадан келген сарапшылар бағалайды.
Үшінші форумда Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан және Қазақстаннан шақырылған ұлттық сарапшылар, Литва, Украина, Грузиядан келген халықаралық мамандар баяндама жасайды.
Сонымен қатар, шараға мемлекеттік органдар өкілдері, жекелеп айтқанда Интернет дамуының саяси және заңнамалық аспектілерін ұсынатын ҚР парламенті депутаттары қатысады.
Форумның негізгі блоктары болып Проблемалар-Шешімдер; Трендтер-Болжамдар; Идеялар-Жобалар-Бастамалар бекітілді.
Форум аясында интернетте пікір білдіру еркіндігі, интернетті реттеудің құқықтық мәселелері, интернет контентін дамыту, Орталық Азиядағы интернет-журналистикасының негізгі трендтері, ұлт тілдеріндегі интернет сегментіндегі және жалпы Желідегі тенденциялар, интернеттегі этика және басқа да бірқатар тақырыптар бойынша сессиялар ұйымдастырылады.
Интернет-форумның бағдарламасымен мына жерден танысуға болады: medianet.kz
Форум 18 мамыр күні (жұма) сағат 9-30-да «Астана» халықаралық қонақүйінде (Алматы қ., Байтұрсынов к-сі 113, Сәтбаев к-нің қиылысы) ашылады.
Шараның екінші күні кэмп форматында өтеді: форум қонақтары және қатысушылар қазақ және орыс тілдерінде қатар жүретін презентациялар мен шеберлік сыныптарын таңдап, қатыса алады.
Форумды Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, Конрад Аденауэр атындағы қордың және Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен MediaNet халықаралық журналистика орталығы және Қазақстанның Медиа Альянсы ұйымдастырып отыр.
Қосымша ақпарат:
Василина Воркова — +7 727 2612790, +7 777 8442066, vassilina.vorkova@gmail.com
Дінмухамед Зиядин — + 7 727 261 66 69, +7 702 4901767 aliziyadin@gmail.com
Пікір жоқ әзірше