ЕҢ АЛҒАШ СҮЙІСКЕНІҢ ЕСІҢДЕ МЕ?
Әліштің «Құлап жүр» деген әңгімесін оқығаннан кейін, өзімнің балалық шағымда басымнан өткізген мына қызық оқиғаны жазуды жөн көрдім. Сегізінші бітірген жазғы каникул кезі болатын. Ойынды азайтып, өзімізше «жігіт» атандық. Гитара үйреніп жүргенмін. Туыс ағамның ініме сыйлаған керемет гитарасы болды. Жұрттың бәрі сұрайтын. Көшеміздің шет жағында Нұрлыбек деген 74-жылғы керемет «гитарис братан» болған. Ол гитара тартып, әндеткенде жанына жиналып қалатынбыз. Қолыма гитара тиісімен сол «братанға» бұрауын келтіріп бер деп алып баратынмын. «Тастап кет, келтіріп қоямын» деп алып қалады ол. Сосын екі-үш күнсіз гитара жоқ, барып сұрасам ертең келмен қайтарады. Сүйтіп өтіп жатырды күндер.