ЕҢ АЛҒАШ СҮЙІСКЕНІҢ ЕСІҢДЕ МЕ?



Әліштің «Құлап жүр» деген әңгімесін оқығаннан кейін, өзімнің балалық шағымда басымнан өткізген мына қызық оқиғаны жазуды жөн көрдім. Сегізінші бітірген жазғы каникул кезі болатын. Ойынды азайтып, өзімізше «жігіт» атандық. Гитара үйреніп жүргенмін. Туыс ағамның ініме сыйлаған керемет гитарасы болды. Жұрттың бәрі сұрайтын. Көшеміздің шет жағында Нұрлыбек деген 74-жылғы керемет «гитарис братан» болған. Ол гитара тартып, әндеткенде жанына жиналып қалатынбыз. Қолыма гитара тиісімен сол «братанға» бұрауын келтіріп бер деп алып баратынмын. «Тастап кет, келтіріп қоямын» деп алып қалады ол. Сосын екі-үш күнсіз гитара жоқ, барып сұрасам ертең келмен қайтарады. Сүйтіп өтіп жатырды күндер.
Бас жағындағы үш аккорд бар ғой баспалдақ жасап отыратын тек білетінім сол гитарадан сондағы. Өзімді бір крутой гитарис сезініп жүрдім  әрі айналамдағы жігіттерге «учитель» болып қоямын арасында .
Бір күні кластас үш-төрт «жігіт» жиналып гитара тартып отырғанбыз. Екі қыз өтіп бара жатыр. Біреуі өзімнің кластасым Гүлден (марқұм иманды болсын!). Ал екіншісі бейтаныс қыз. Бәріміз сол қызға қара-а-ап қалыппыз… Киімі де өзгеше. Үстінде қызыл футболкасы, джинсы қысқа юбкасы, (артын кішкене жүрек қылып жамаған) әсіресе аяқкиімі ерекше әппақ кроссовка киген «городская» қыз (біз шіркін ол кезде әлі де жалаңаяқ жүре беретінбіз). Мамасы ауылда тұрды негізі. Бұл қыз кішкентайынан қалада нағашы әжесінде болған. Қалада оқиды екен. Каникулға ауылға келген екен. Содан «жігіттер» болып, қой мына қызбен таныспаймыз ба? – деп шештік. Бізді Гүлден марқұм таныстырды. Біз бейтаныс қызбен жақсы араласа бастадық. Орысша араластырып сөйлейді, өзін еркіндеу ұстайды, қалалық қыз ғой енді. Еркелеу ме өзі, опщым ауылдың қыздарына қарағанда ерекше қыз. Енді «жігіттер» болып, «ал қайсымыз барамыз бұл қызға?» – деген әңгімені бастадық. Негізі мойындаймын іштей өзім «ғашықпын», білдіртпеймін онымды қасымдағыларға. Содан арамызда біреуі мен барам деп келісті.
Сол қызға қарай келе жатырмыз. Әлгі жігітке өзімізше қолпаштау білдіріп қоямыз. Күнде кешкілік жиналып әңгіме айтып отыратынбыз. Үйге қайтарда келіскен «жігіт» қызбен қалып қойып сөзін айтатын болды. Қайтатын кезде «уақыт жақындады, кетейік» деп жатсақ анау келіскен «жігітіміз» отказ берді. Онысы іштей «ғашық» болып жүрген маған да шанс болып кетті. Қуанып тұрсам да сездіртпей, «мен қаламын» дедім. Сондағы қызға айтқан сөзімнің түрі мынау: «Мен сені жақсы көрем, сен мені жақсы көресің бе?..  Алғаш гитара тартып отырған кезде ұнаттым сені, сонда не дейсің? Менімен жүресің бе дегенің бе?.. Ана қыз мен түсінбейтін орысша әңгімелерін айтып жаудырды опщым. Ертең кешке соқ жауабын айтам дегенін естіп алып, кеттім үйге қарай мәз болып. Ертесіне кешті күтіп, ерекше көңілде «ұшып» жүрмін. Кеште болды, қызбен кездесіп тұрмын. Қол-аяғым дірілдеп тұр. «Мен келістім! — деді қыз. Қалшылдап кеттім, аяқ-қолдың дірілдегені «ерунда», жүрек тарсылдап кетті.  Енді не істеймін?!.. Ес шығып кеткен. Қыз бірдеңе деп жатыр оны естімейді құлақ… Айтып жатыр… Бір кезде қыз мойныма асылып құшақтады да, еріннен жабысып сүйіп жібергенде,… көз қарауытып шалқамнан құлай жаздадым… Ия, құлап қала жаздадым!
Қазір әке болдық, азды-көпті біршама қыздармен де жүрдік қой. Осы «Алғаш сүйіскен сәтті» кейде мырс етіп, еске аламын…
Бөлісу:

118 пікір

asaubota
есімде. біраз жүрдім де сосын айтсам айтайын деп бір күні қызға айттым сезімімді. ол да иә деді. сосын сол күні жүрдік жүрдік де қасымызда бір досым бар, оны үйіне шығарып салдым. ана бала төменде қалды, біз подъезде, 8-этажда. қимай қоштасып тұрдық та, бір кезде сүйісіп кеттік. сөйтсек 45 минут сүйісіппіз! :))) ана бала айтты, 45 минут күттім дейді :)
ErNur
Сен қалада өстің ғо. Біздікі ауылда қызды үйінен шығарудың өзі бір қиын еді ғо
edige
Осында сұрақ туындап тұр:
Уйленгенсін бе? Сол қызбен қосылдың ба? Қанша уақыт сүйесің жұбайыңды қазір?
Ал мен ұмытып қалыппын. Сондай пәк, сондай лох махаббат десейш…
ErNur
Сұрағыңа жауап бермеймін… Шүкір бұйырғанын көрдік, көріп те жүрміз. Кейбір жігіттер құсап қасына жақындағанның бәрін тіктім деп соғып жіберетін.
ErNur
Соғып жіберетіндердің қатарынан емеспін дегенім ғо
qisyq
Ең алғаш сүйіскенім есімде жоқ… блин:(
edige
Ал қалғаны есемдеееееееее — деп қуланып отырсын ба qisyqеке
qisyq
Ой, қалғанын өлсең де ұмытпайтын сияқтысың ғой))))
Шын, есіме әлі түсіре алмай отырмын.
AKY
Қыз пысықтық танытқан екен)) Әйтпесе сол күйі «тормыз» боп тұра беретін жайың бар ғой)))
ErNur
Сол кезде ғой «тормоз» болып жүргенім. Ал қазір… :)))
edige
«Сол кезде ғой «тормоз» болып жүргенім. Ал қазір… :)))»
Соғып жіберетіндердің қатарына бар жатырсын ау… бірақ ол енді өзіңнің жеке өмірің
Айып етпе.
ErNur
Соғып жіберетіндердің қатарына бар жатырсын ау…

Қателестің брәтішкі! өтіп кеттім. Жас қырыққа кетті шырағым.
Тырнақтың астынан кір іздейтін бәле емесіің бе сен бала? Қоймайсың ғо тіпті
edige
«шырағым»
Жарайды ақсақал, сөзің өтті +1
patick
Қарсы сұрақ: Ең алғаш тігіскенің есіңде ме?
asaubota
ауылда артель бар еді, сонда болды. мен бір шетін ұстап тұрдым, олар тікті.
Gastarbaiter
Біз қойды сөйтіп соятын едік.
Gastarbaiter
Ия, Нұрғиса, «Келін» фильміне бұл әңгіменің қатысы жоқ.
Nurgisa
Бір минут өтер-өтпес ақталыпсың ғой… Соған қарағанда, ойыңа бірден сап еткені әшкереленіп қалмау болған сияқты-ау. Дұрыс қой бірақ ол да…
Gastarbaiter
Енді «ия» дедік қой.)))))
Gastarbaiter
Тоғызыншы сынып, жаңа жылдық вечірде бір қызды биге шақырып, бетімді бетіне тигізіп, иығыма басын қойғанына кайф ұстап тұрдым. Келесі биге шақырғанда шықпай қойды.«Тормоз» деп ойлаған щығар. Біраздан кейін тағы бір медлякқа зорлап шақырдым. Диджей жігіт медляк болса светті өшіретін әдеті бар еді. Бір біріміздің көзімізше сүйісуге ұялатынбыз.
Свет өшкен бойда тап бердім.
Abilakim
Қай-қайдағыны еске түсіріп… кіммен сүйіскенім есімде жоқ. Бірақ бір қызға «падазрением» кетіп тұр. Кейін көре қалсам сұрайынш «сол жолы сүйісіп пе едік?» деп,.егер «аха» десе сол қызбен сүйіскенім, «жоқ» десе ана қызды бірінші деп есептеуім керек шығар…
alisha
Менің ең бірінші сүйіскен адамым — күйеуім… осыны тіптен ойламайды екем, Ернұрдың осыны еске түсіріп, қуантқанына рахмет!
Abilakim
Көп нүктелер көңлімді қобалжытты.
alisha
а, жоқ оның ішінде қандай да бір ойлар жасырынып жатыр екен деп қабылдама))) сондай әдетім бар,… ;) деген таңбалар ұнайды))) дәлірек, әдет шығар
Abilakim
Төлеген Мұхамеджанов пен Нұржамал Үсенбаева қыз-жігіт болып жүріп жүріп бір-біріне қосыла алмай басқамен отау құрыпты. Кейінірек өздеріне белгілі себептермен ажырасқан екен. соқа бастары жүргенде қайта кездесіп, көңіл жарастырған деседі.
Алғаш сүйісіп, кейін бөлініп, ол басқа қызбен сен басқамен шамалы уақыт жүріп, кейінірек үйленген шығар деп ойлап қалдым.
ПыСы.Жоғарыдағылар секілді ажырасып қосылудан сақтасын!
sammita
алғашқы абзацыңда сәйкессіздіктер бар. Екеуінің жүріп, өзгемен отау құрып, ажырасып, қосылуы жайлы өздерінің сұхбатын оқып ем.
Abilakim
сонда әдейі ажырасты ма?
19852407
Қыз бен жігіт болып жүрмеген. Тек комсомол жиындарында тоқайласқан, бірақ тіл қатыспаған ешқашан.
AKY
Тормоз деп айтты деп, блогқұрылтайда мені іздеп жүрген Ернұр
ereke_enu
алғашқы және соңғы — помидор)))
neoman
Сүйісу шын сезімнің келгенін білдіре бермейді, иә. Көбінесе, махаббат бұл оқиғадан 1-2 ай кешігіп кеп жатады. Немесе сол асығыстықтың кесірінен, тіпті, келгісі келмей қалады
konvict
Біраз адамдар сүйіскенде көзді жұмамыз дейді. Ал, менде ашылып кете береді
Aldeken
жатарда сүйіссең, ұйықтай алмайтын шығарсың түнімен…
serjan
Ох! қалай жазарымды білмей толқып тұрмын, 10 сыныпта оқитынбыз, оқушылар тарағанда кабинетте қалып қойдық екеуіміз, ол кезде тек бетінен бір сүйгенге мәз болып жүретінбіз, сол күні алғаш сүйістік, дұрысы ол үйретті маған менен гөрі әлде қайда тәжірибелі болып шықты қызым.
Daniar-Alan
хехе менде де солай болған. қызым өзімнен 3-жас үлкен ед…
e_zhalgas
арқарай үйретті ме, әлде жарты жолда тастап кетті ме?
Daniar-Alan
ляхтырды… біздің заманның қыздары ондаймес еді ғо…
a63a1
Тақырыпқа жауап беріп кетейін
Ең алғаш сүйіскенім есімде, құддай-ауу екі күн ерінімді жумадымғой
e_zhalgas
арқарайғы алғашқың туралы сұраудың өзі ұят екен мынадан кейін
a63a1
 лібәәә, масқара, ятсыз
vebred
Алғашқы рет сүйіскен қыздың сөзі

Кешір жаным, дей беріп ем күттірсем
Қатты қысып, құшағыңа тықтың сен
Аспан құлап бара жатты үстіме,
Құдай ұрсын, одан кейін түк білсем!
Алғашқы рет ерінге-ерін тигенде,
Қарсыласар қалмады ғой күй менде,
Қаным тасып ақты ма әлде бойдағы
Ақ төсіме батты ма әлде түймеңде.
Көзімді ашып алғанымда әлгі бір,
Қайта естіліп маңайдағы бар дүбір
Дел-сал етіп, есімді алып бойдағы
Көпке дейін басылмады сол діріл!
VKM
a63a1
кімді ойладың жарқыным?
a63a1
біздің жақта теріскейден соққан желдің ызғары қатты болып тұр
TERISKEY
мен жақтан одан өзге жердің бәріне ызғар соғады
VKM
 қашаааан болған оқиға. Келе салып, мамама айтқаным есіме түсіп, күліп алдым)))))
ErNur
Сонау 90 жылдардың оқиғасы ғой
MINbala
ең бірінші сүйіскенім есімде. Мен ол кезде 8 кл бітіріп жаздық каникулда болатынбыз… Ержеткен кезім бойым 160 кластагылардың алдымын… Үлкен қыздармен жақсы араласам... ол қыз 11 класқа көшкен еді… Бір күні кешке, жоқ түн екен ғой тамыз айы болуы керек мен ктіп бара жатып сол кызды шақырдым… бір көшеде тұраьтынбыз… сосын әңгіме дүкен,,,,құшақтасып тұрып сүйісіп кеттік… Не істерімді білмей дал болдым… Ол өзі үйретіп, главный рөлде болды… солай болды…

Негізі маған өзім суйіп артынан жүгіріп әйтеу дегенде арманыма жеткен қызбен алғкаш сүйіскен сәтім естеп кетпейді… Бұл енді жеке шығарма… Бүл бір бүтін роман ғой… Оны құпия сақтаймын… Тек жан достарым біледі… Ауылдың жігіттері мені түсінеді…
Adiletshu
7-сыныпта. 8-март қой дейм. Бір баланың үйінде вечеринка жасағанбыз. Бәрі өзіміздің кластастар. Вино іштік, шешессс… Бір кезде сүйісу басталды нақ. Сонда сүйісіп жүрген 2-3-ақ қыз. Лібә, солармен бәріміз сүйісіп шыққан шығармыз. Дым романтика жоқ…
Delhi
  7 сынып, вечер, бәрініз сүйісіп жатсыңдар… шықтыңдар...
a63a1
мен сонау 2 класста ғой дим, қыз өзімнен үлкен болу керек, сонымен сүйісіп, не керек шындықты жасырғанмен не пайда өтті де кеттіғой. Сол… одан кейін ұйқы қашты, залет болып кетпедіме екен әлгі байғұс деп
Zilola
оляяя, кай-кайдагы еске тусiп, ужассс тiзем дiрiлдеп кеттi го
Delhi
 айтшы аааа, не түсті есіне?  қалай болд?
Zilola
Х класты бітіріп Х елді-мекенге жазғы каникулда барғанмын, сонда бір жігітпен 3 рет таныстым (солай болды енді, 3ші рет таныстырып жатқанда мен сені танимын дедім шыдамай), сол жігітпен ақыры алғашқы сүйісу болды. Буаааақ, сүйісу ващще ұнамады, әзір ұнап тұрғаны да шамалы.
dark_nazgul
Есімде))) құдай сақтады сол түні...
Zilola
Құдай сақтады дегенге интерес оянып кетті, сонда нақты не болып еді )))
Тым жеке ақпарат болса, жауап жазбасаңыз да болады
dark_nazgul
Оралхан Бөкейде бар ғой «бойжетудің пісіп-жетіліп тұрған жанартаулары бір сәтте жарылды» деген)))))
сол сияқты…
Daniar-Alan
құдай сақтады сол түні...
Zhan
Абзал айтпақшы ол ернін екі күн жумаса, мен екі күнге дейін "Өлә, бұл сонда не болды?" деп екі күн ойланып жүргенім есімде.
asaubota
мына түрлеріңмен тақырыптағы үшінші сөздің екінші, үшінші әріптерін өзгертіп жазатын шығарсыңдар сендер, яцыздар
a63a1
негізі мен ең алғаш сүйіскенде помидордың орынында болғанымды кейін сезіндімғой. Бәсе дим, алдында қасымда 5 қыз жан жағымды қаумалап жүріп аяғында жалғыз екеуіміз неге қалғанымды енді түсініп жүрм
a63a1
ақымақ басым кейін сыныбының есігін де күнімен күтіп, табалдырық тоздырып едім, ол қыз ваще игнор жасап жүрдіғой. Сөйтсем үлкен қыздар эксперименттерін жасап жүр екен. Мен соның құрбаны болғанымды енді түсіндім
Delhi
Олардың құрбаны болғанынмен үйренгенін де бар болар))
a63a1
менімен сүйіссең, риза қылдырамын )))))) ол жағынан 100 пайыз сенімдімін
Delhi
 мына авадағы маймыл, жжжооқ, рахмет. Сүйіспей өткенім жақсы оданда.
a63a1
байқа арманда қалып жүрме әйтеуір))))))
a63a1
Ернім құрғамайды менің)))
Aldeken
Не ғо, Абзал, жалпы ақкөңіл, ақжарқын жігітсің ғо, дегенмен
Ернім құрғамайды менің)))
дегеніңді нақтылап, толықтырып жазған дұрыс болар.
Ертең, қол алысып, амндасуға жүрексініп қалып жүрерміз…
a63a1
 кетей нақ, сүйіскенде айтам лбәәәә,
Zhan
Сен ерніңді екі күн жумай и еще құрбан болғаныңды мойындапсың. Мен екі күн неге толғанды десейші, қыздар мұндай тақырыпқа келгенде қанша дегенмен ұялып, тартынып тұрады ғой. Мен сол кезде «Неткен керемет сүйіс болды» деп басым айналған жоқ, "Өлә, ауылға жайып жіберсе не болам? Елдің бетіне қалай қараймын?" деп қорыққам. Сөйтіп сол оқиғадан біраздан кейін қыздардан сыр суыртпақтасам біразы сүйісіпті. Ух деп көңілім орнына түскен сол кезде.
Zilola
ал мен өзімді андай* қызбын деп ойлап, шынымды айтсам асылып өлгім келді, қазір ғо күліііп прикол тастап отырғаным )))
Aikona
Менде де осындай күй болып еді, енді қайттым деген сұрақтар ойымды қаумалап
Zhan
Иә, дұрыс айтасыңдар Зилола, Айкона, негізі қыздар бұл тақырыпта ұялшақ келеді. Абыройды басты орынға қояды. Қазір «енді есейдік, өзіміз білеміз» деген сөз емес, қыз бала мұндай тақырыпқа келгенде бәрібір ұялып тұратыны жасырын емес.
Adiletshu
Мен сол күні бір ерлік жасағандай досыма айтып бердім
satibaldi
Лібәәә, құлақтан кастрюльдеп кетті нақ
Zhan
Осы бес қыздың бәрімен сүйісіп шықсаң аузыңды қанша күн жумай жүрер едің Әбеке? Хорошо что сүйіспегенсің…
a63a1
Барлық нәрсенің алғашқысы жақсығой, бәріңмен сүйіссем лібәәә ерінім езіліп кетер
Aikona
Ерінім ауырып қалған  Оның басын итере алмай әуре болғанымнан дәмін сезіне алмай қалдым десең иа
Erlan
«городская» қыз Мамасы ауылда тұрды негізі.
окып отырып мына өлен есіме тусіп кетті )

А вы не трогайте, не трогайте меня
Не задавайте мне вопросов глупых зря
И так сердито не качайте головой
Сегодня к маме я приехала домой
kazkozha
еееее мое мен алғаш сүйіскенде ше, ол кезде мен 10 сыныпты бітірген едім, Ауылға өзімнен 2 жас үлкен қыз қыдырып келген, сол қызбен танысуға ауылдан өзімнен үлкен жігіттеріне еріп барған едім. Менен 4 жас үлкен бір жігіт сол қызды сындырамын деп оқталып барып ол қыз маған сынып қалып сол жігіттен бірінші таяқ жеп соңынан жігіт кеткенсон әлгі өыздын тілін мен жеп қоя жаздағаным әлі есімде. сол сүйіскен қызбен әлі де хабарласып тұрамын. Қазір екеуміздін де отбасымыз бар. Бірақ қыздын айтуынша мен де ол қыздын біріні сүйіскен адамы екенмин. бір бірімізге әлі де ыстықпыз!!!
kazkozha
Өыздың емес ҚЫЗДЫҢ
ana
Сұмдық 2 сынып.7 сынып дейді. Ал менің ауылымда барлығы бір ру болатын, сол үшін бе әлде өзімнің тым «серезныйлығымнан» ба (или шли гордая болғам ба деп қоям, оған себеп сыныптағы балдар менен ұялатын. Мазақтамайтын да .)11 сыныпты бітіргенше ешкіммен сүйіспеппін.Ешкім де ұнамаған, тек бір бала ұнаған еді, оның өзі менен 1 класс төмен оқитын, Ақтау қаласынан келген болатын.Сыртынан ұнатып жүретін едім кейін ұмытылды.
Сонымен .....2 курста бірақ сүйісіппін ғой ,қалаға келгенде.Даж есімде жоқ қалай, кіммен, соған қарағанда ұнатпағам ,әшейін сүйісе салғам ау дим.
Aikona
26 ға келіп сүйіспеген қыздарды білем
ken
Ол мақтанарлық нәрсе ма, ұялатын нәрсе ма?
Beytanis
Дереу Қызыл кітапқа енгізіп жіберу керек

Ол қыз
Соңғы түзету:
Daniar-Alan
Ол қыз
қайдан білесің? мүмкін сүйіспей
Beytanis
қайдан білесің? мүмкін сүйіспей

ойыңды аяқтап жіберсең…
Anar70
есімізде) мектеп бітіру кешінде…
MamaAya
))) 1-ші курста))) Жақсы жігіт ед! Мені Жолға шығарып салып тұрған,,, жүргенімізге 2-3 күн болған,, бірақ сол күні сүйістік))) их, күшті кездер ед!!! Бірақ,,, маған сүйісу процесі түк ұнамады,, тек тұрдым,, еш жерім қимылдаған жоқ,, көзім бақырайып!))) Ертесіне ерніме ұшық шығып кеткен,, әп-әдемі жігіт еді, жиіркенетіндей еш себеп жоқ, бірақ неге екенін солай болды)))
Aya
ұшық шықты ма деп сұрайс, сізге шыққан екен ғой))))))))))))
ken
сенікі қалай болып ед. жазщищ
Aya
қызық па?
Ispek92
Сұрадан сұрасам жауап беремісің Ая ханым))
MamaAya
нуууу!!! Ацикловир жағып,, қалаға қайтқанша жаздым ғой)))
zholantai
есімде, 29 желтоқсан болатын, жаңажылдық банкеттен шықты, үйіне жеткізіп салуын өтінді, түнгі аяз, өте суық, оның үйінің алдында үлкен арық бар, сол арықтың жанында тұрмыз, аз-маз әңгімелесіп тұрдық, бір кезде мұздай бірдеңе ерніме жабысып қалды, оның ерні екен, сонымен 10 минуттай жабысып тұрдық, тұра берер ме едік, суықта, бір кезде қыздың ағасы кеп қалды, қыз тайып тұрд, ағасы лекция оқыд, және өзінің менің классымдағы қызды жақсы көретінін, оған жоламауымды сұрады, о қызды мен де қолыма түсіре алмай жүргем, соны білед екен, о қыз екеуміздің де қолымызға түспей кетті
zholantai
со банкетте класстас қызды алып қайтам деп пландағам ғо, қайдан, өзімнен бір класс төмен оқитын қыздың планына түсіп қалдым,
Ispek92
 МамаЯ көнкірент табылды, толығырақ жаз пост қылып
zholantai
толығырақ жазатын дымы жоқ, ағасына плотно ұсталып қалғаным болмаса, аздап демімізді алып алайық, есімізді жияйық деп басымызды екі жаққа ажыратып, пауза жасай бергенімізде келіп қалд, а то жабысып тұрғанымызды келіп қалса, ұят болатын ед,
Соңғы түзету:
bazuka
Есімде, бірақ түк ұнамады((