Қисық сөздер. Екінші сөз. Ақыл махаббаты



Ғашықтық, құмарлық пен – ол екі жол.

Абай

И любить и быть мудрым невозможно.

Ф. Бэкон


Екінші сөзді қай арнамен жіберерімді, қалай бағыттарымды білмей біраз ойландым. Әрине, біздің ойдан елге келіп-кетер дүние шамалы.

Әуелгі жазбағым ұлт мәдениетінің кейбір аспектілеріне қатысты болған-ды, алайда ол туралы өмірден көргенім көп, түйгенім аз, оқығаным жетерлік, қорытқаным шамалы екен. Қой дедім. Кейінге қалдырдым. Одан да өзім білетін, басымды ұрған, бауырыма қысқан жағдайға қатысты тәжірибеммен бөлісейін деген шешімге келдім.
Әрі қарай

Үй болудан бұрын үйлену қиын.

Группамда менен өзге он қыз, оның екеуі тұрмыс құрған, бір-бір ұлдары бар. Сегіз қыздың ата-аналарының рұқсатымен, енді сол кісілердің таңдауы ғой, жүріп жүрген жігіттері бар. Бәрі де оқуды бітіргендерін күтіп жүрген жағдай :). Болашақ күйеубалдармен танысу бақытына ие екенімді айтып кеткім келіп отыр :). Сол көп күйеубалдардың бірі, Сугу жайлы айтып берсем қарсы болмассыздар деп ойлаймын.
Әрі қарай