Жақсы дос - жан азығы

Өмірде кездесетін сан алуан қиындықтар мен қуаныштарды бірге көтеріп, ағынан жарылып, сырларын да бөлісіп отыратын жандар бір-бірімен дос бола алады. Достық ұғымына байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жетерлік. Мәселен, " Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол ", " Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады ", " Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас", т.б.
Ата-бабаларымыз кезінде өзінің жан досы үшін өмірлерің қиып, қиындықтарына бірге төтеп берген. Ал, қазіргі таңда жан дос деген некен-саяқ. Көпке топырақ шашпаймын, бес саусақ бірдей емес әрине, алайда кейбір достар өзінің жолдасын қызғаныштан, көреалмаушылықтан бұрыс жолға бағыттатып отырады. Шынайы дос — қашан да бір-біріне адал, арам ойлары жоқ, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын жандарды айтуға болады. Достықтың сақтаушысы, қорғаушысы адалдық пен шынайылық деп ойлаймын.
Дос деген киелі ұғым. Дос — биікке жетелейтін, шыңға шығаратын, көкке көтеретін, қызық қуанышына ортақ, қиындықта демеу болатын жан. Нағыз достар бір-біріне сенім артатын, жақсылығын асырып, жамандығын жасыратындар. Дос табу оңай, бірақ оны сақтау қиын. Бақтағы гүлді дұрыс баптап өсірсең, әдемі, жайқалып өсіп тұрады. Солай, достықты да баптап сақтасаң ұзағынан болады. Сондықтан да достық ұғымы мәңгілік сақталсын, берік болсын десең, өзің дұрыс бағбан болуың қажет. Бұл ұғым биігінен төмендемесін десек әрбір адам дос тұрғысынан адал болғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болары анық. Ал, сіздер үшін қазіргі уақытта достық ұғымы базардағы бағадай арзан ба, әлде қымбат па?
Әрі қарай

Мендегі бір бастама: "CӨЗ.KZ" әлеуметтік жобасы.

СӨЗ.KZ жобасы — бұл ұлы ойшылдардың, данышпандардың, Аллаһ (Субаһанаһу уә Тағалә) пен оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) даналыққа толған асыл да көркем сөздерін әлеуметтік желілерде әдемі суреттермен таратып, мотивация жасау. Жастардың ойына ой қосып, оларды даналыққа жетелеу

СУРЕТТЕРДІ ДОСТАРЫҢЫЗБЕН БӨЛІСІП, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ТАРАТУЫҢЫЗ СҰРАЛАДЫ.

Әсіресе басты өтініш: ВК-да отыратындар болса топқа тіркеліңіздерші. Әйтпесе адам слыйшком ап-аз(
Әрі қарай

Неге біз осы?..


70-80 жылдары танымал болған сатирик Джордж Карлин жұбайы қайтыс болғаннан кейін мына бір мақаланы жазған екен.

Біздің уақыттың парадоксы – бізде биік ғимараттар бар, бірақ шыдамдылық төмен, жолдар – жалпақ, ал көзқарас – тар.
Жұмсайтын қаржы көп, иеленетін игілік аз. Көп сатып аламыз, аз қуанамыз.
Үлкен үйлеріміз бар, отбасы – кішкентай. Жаныңа керектің бәрі бар, уақыт жоқ…
Жоғары білім бар, ақыл – аз. Сарапшылар – көп, қиындықтар одан да көп. Жақсы медицина бар, денсаулық – жаман.
Тым көп ішеміз, тым көп шегеміз, бәрін жауапсыздықпен жұмсаймыз, аз күлеміз, тым жылдам жүреміз, тым тез ашуланамыз, тым кеш ұйықтаймыз, шаршап оянамыз, тым аз оқимыз, теледидарды тым көп көреміз және дұғаны тым сирек тілейміз. Талаптануды көбейттік, құндылықтарды азайттық.
Тым көп сөйлейміз, тым сирек сүйеміз және тым жиі жек көреміз. Тіршілік кешуді білеміз, өмір сүруді білмейміз. Адам өміріне жылдар қосамыз, ал жылдарға өмір қоспаймыз.
Айға жеттік, қайта оралдық, бірақ көшенің арғы бетіне өтіп жаңа көршімен таныса алмаймыз.
Ғарыш әлемін бағындырдық, жан әлемін бағындыра алмадық. Үлкен, бірақ жақсылығы жоқ жұмыстар атқарамыз
Ауаны тазартамыз, алайда жанымызды ластаймыз. Атомды бағындырдық, алайда мінезге әлсізбіз.
Көп жазамыз, аз білеміз. Жоспар – көп, жетістік – аз. Асығуды үйрендік, күтуді үйренбедік. Ақпаратты бұрынғыдан көп тарататын жаңа компьютерлер шығарамыз, алайда сирек шүйіркелесеміз.
Бұл жылдам тамақтанудың және жаман асқорытудың, үлкен адамдар мен кішкентай жүректердің, аяқасты табыс пен қиын арақатынастардың уақыты. Отбасы кірісі мен ажырасу көбейген, әдемі үйлер мен шайқалған шаңырақтардың уақыты.
Бұл қысқа қашықтықтардың, бір реттік жаялықтардың, бір түндік байланыстардың, артық салмақ пен бізді қоздыратын, қойдыратын, өлтіретін дәрілердің уақыты.
Бұл сіресіп тұрған сөрелердің, бос қоймалардың уақыты. Бұл осы хатты Сіздерге жеткізетін және басқалармен бөлісетін немесе «Delete» тетігі арқылы өшіре салуға мүмкіндік беретін технологиялар уақыты.
Есте сақтаңыз, жақсы көретін адамыңызға көбірек уақыт бөліңіз, өйткені олар мәңгі бізбен бірге болмайды.
Есте сақтаңыз, жақын адамды қаттырақ құшыңыз, өйткені бұл шын жүректен ұсына алатын жалғыз байлық.
Есте сақтаңыз, жақын адамға «сені сүйемін» деп айтыңыз, бірақ әуелі шын жүректен сезініп алыңыз. Шын сезіммен өбу мен құшақ кез келген қателікті түзей алады.
Есте сақтаңыз, қолынан ұстаңыз және сол сәттерді бағалаңыз, өйткені күндердің бір күні ол адам қасыңызда болмай қалуы мүмкін.
Әрі қарай

"Нақыл сөздер шайқасы" немесе "Сөзден сөз шығады"

Ойын ұсынамын.
Біреу нақыл сөз, афоризм, қара сөздерден үзінді, мақал, мәтел жазады. Соған жауап ретінде қарама-қарсы немесе толықтыратын нақыл сөз жазылуы керек. Таба алмасаңдар, басқа тақырыпта мақал, мәтел, нақыл сөз жазуға болады.
Ойдан шығаруға да болады, бірақ қисыны бар болуы керек. Ерекше жағдайда абсурд жазуға болады, бірақ ол әзіл не алдыңғы мақалмен /нақыл сөзбен үндес болуы шарт. Афоризм авторы белгілі болса, жазған дұрыс.
Мысалы:
Әрі қарай