7 мыңнан аса астаналық оқушы «Мектепке жол» акциясының қолдауына ие болды

Республикалық «Мектепке жол» акциясының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.


Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен жаңа оқу жылынан бастап ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ әлеуметтік жағдайына байланысты мектепке келе алмайтынын ескерткен балаларға материалдық және басқа да көмек көрсету.


Акцияның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 152 961 000 теңге көлемінде астаналық 7524 балаға көмек көрсетілді. Оның ішінде 6439 оқушы демеушілер есебінен берілген 109 409 200 теңгенің көмегін алды. Айта кетейік, Астанада осы акцияны өткізген 11 жыл ішінде 63 мыңнан астам балаға көмек көрсетілген.  
«Мектепке жол» акциясы шеңберінде орталық алаңда мектепке қажетті форма, кеңсе тауарларының 10-50 % жеңілдіктері бар жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеге 40 мыңнан астам адам келді. Шараға ірі тігін фабрикалары «Фортуна», «Казлегпром-Алматы», «Sens fashion», Карағанды аяқ киім фабрикасы және Астана, Қарағанды, Петропавловск, Шымкент, Теміртау қалаларынан тауар өндірушілер мен 30-дан аса кәсіпкер қатысты.


Осы жылы «Мектепке жолды» мемлекеттік органдар, «Нұр Отан» партиясы, мешіттер, әскери бөлімдер, екінші деңгейдегі банктер, «Билайн» компаниясы, жеке кәсіпкерлер, волонтерлер мен қоғамдық қорлар белсенді түрде қолдады. Шара барысында белсенді меценаттар марапатталды және әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды іске асыруға арналған «Қайырымды іс» жаңа акциясы басталды.


 «Мектепке жол» жыл сайын Мемлекет басшысының 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін мектеп оқушыларының толық келуін қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бастамасымен өткізіледі. 


«Мектепке жол» акциясы аясында 18-19, 25-26 тамызда және 1-2 қыркүйекте Астанада мектепке керек-жарақтардың жәрмеңкесі өтеді

Астана жаңалықтары: «Мектепке жол» акциясы аясында 18-19, 25-26 тамызда және 1-2 қыркүйекте Астанада мектепке керек-жарақтардың жәрмеңкесі өтеді

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 18-19, 25-26 тамызда және 1-2 қыркүйекте Астанада нарықтағыдан төмен бағалар бойынша мектепке керек-жарақтардың жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясындағы жәрмеңкеде мектеп формасы мен керек-жарақтардың нарықтағыдан төмен бағалармен мамандандырылған сатылымы ұйымдастырылады. Шараға отандық өндірушілер, кеңсе тауарларын, мектеп формасын, шұлық-нәски бұйымдарынкөтерме баға бойынша сатушылар қатысады.

Қосымша ақпаратты Бейбітшілік к-сі 11 мекен-жайы бойынша орналасқан Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан(113 кабинет) немесе 557403 тел. арқылы алуға болады.
Әрі қарай

Қарапайым қайырымдылық

Алланың алдында тең демесеңіз, бұл дүниеде адам баласының бірі — ілгері, бірі, бәрібір — кейін. Бірақ, осы жөңкілген жұрттың арасында да өзгелерден биіктеу тұратын адамдар бар. Олардың биікітігі қалтасының қалыңдығымен, әлеуметтік статусымен, сыртқы жылтырлығымен өлшенбейді. Олардың биіктігін ешкім көрмеуі де мүмкін. Әңгімеміз еш пайда ойламай-ақ өзгеге көмектесе алатын қайырымды жандар туралы болмақ. Жанары мұңды жоқ-жітік пен жаны жаралы жетімдерді араластырмай-ақ «биік адамдардың» бейнесін ұсынып көрмекпін.
Әрі қарай