Мамандық таңдау
Мамандық таңдау мәселесі адамның өміріндегі ең маңызды нәрселердің бірі. Кейінгі өмірің тікелей соған байланысты болмаса да, өміріңе әсері өте көп. Сондықтан да о бастан осыған көңіл бөлген жөн. Ал қазіргі мамандықтық таңдауда ең бастысы ГРАНТ алу мүмкіндігі болып тұр. Яғни, адамдар балалық шақтағынемесе есейіп, таңдау жасай алатын кезде қалаған мамандығына емес, қай мамандық бойынша грант алу мүмкіндігі жоғары, қай жақта конкурс аз дегенге көбірек көңіл бөледі. Бұл енді тікелей материалдық жағдайдан шығып отырған проблема ғой. Ол жағына тереңірек кірудің қажеті шамалы. Басқа жақты қайдам, мына біздің алғыр Шымкентте құжат тапсырудың соңғы күніне дейін конкурстың статистикасын аңдитындар өте көп. Тіпті кейбір конкурстың статистикасына қолы жетімді іскер жігіттер талапкерлерден ақша алып алады да, соңғы сәтке дейін конкурсты қадағалайды. Осы кездегі адамдардың әрекеттері қор биржасындағыға өте қатты ұқсап кетеді. Абыр-сабыр, статистиканы жіті бақылап, жүгіріп жүрген біреулер. Ең соңында ең бәсекелестігі аз мамандыққа құжаттарын өткізеді де жібереді. Ақрында талапкер байғұс өмірі естімеген сиырдың сүтінен қымыз алу технологиясы деген мамандық бойынша грант иегері атанады. Ал, жу! Балаң грантқа түсті. Енді біреулері иттің басына тышып жатқан мамандықтарды таңдай береді, таңдай береді. Оған дейін сол мамандық бойынша диплом алып, жұмыс күтіп жүргендердің кезегі КСРО кезіндегі Кремльдің алдында Ленинді көруге кезекке тұрғандардан да ұзақ екенімен жұмысы жоқ. Қазір бітіріп алып, басқа салада істеп жүргендер өз мамандығы бойынша істеп жүргендерден көп болмаса, аз емес. Сөйтіп, қазіргі жұмысы бойынша екінші оқуды оқып алады. Толып жүрген екі дүркін бакалавриаттар. Одан да басында мамандықты дұрыс таңдаса екі шығын болып, екі рет оқып бас қатырмай, қажетті мамандығыналар еді.
П.С. Бұл жердегі қолданушылар оқуын бітіріп, мамандығын алып қойған қыз-жігіттер ғой. Өздерінің іні-қарындас, сіңлілеріңе кеңес беруде ескерерсіңдер
Әрі қарай
П.С. Бұл жердегі қолданушылар оқуын бітіріп, мамандығын алып қойған қыз-жігіттер ғой. Өздерінің іні-қарындас, сіңлілеріңе кеңес беруде ескерерсіңдер