Біртүрлі мамандықтар...

Мүмкін, көкекский прикол шығар, бірақ, бөлісуді дұрыс көрдім.
Арамызда өзінің мамандығын сүйетіндер де, жақтырмайтындар да бар. Дегенмен төмендегі мамандықты жақсы көретіндер де бар шығар. Сонымен…

Доп жинаушы
Гольф ойынынан кейін алаңның қасындағы аумақтарда гольф доптары қалып қоймауын қадағалайды.

Сиырдың тұяқтарын күтуші (Коровий педикюрщик)
Тұяқтардың нашар жағдайы сиырдың жағдайына, сауын сүттің көлеміне, сондай-ақ, жануардың көбею мүмкіндігіне кері әсерін тигізеді екен. Европа мен Американың элитный (бұл сөзді дегдарлы деген аудармасымен келісе алмадым) фермаларында осы үшін арнайы жауапты қызметкерлер тағайындалады.

Жиһаз сынақшысы
Бұл кәсіпқой мамандардың ірі дизайнерлік компаниялар мен жиһаз фабрикалары жалдайды. Үстелдер мен кітап сөрелерін ешкім сынақтан өткізбегенмен, орындықтар, креслолар мен кереуеттер міндетті түрде сынақтан өтуі тиіс.

Пингвин аударушы
Полярлық станциялардың маңында өмір сүретін пингвиндер төбелерінен ұшып өтетін тікұшақтарға (вертолет) қараймыз деп шалқасынан құлап жатады екен. Денелерінің қолапайсыздығына байланысты шалқалай құлаған пингвиндер өз беттерінше аунап, тұра алмағандықтан, әрбір вертолет ұшқан сайын оларға көмекке арнайы маман келеді. Әйтпесе, байғұстар жатқаннан тұрмай кетуі әбден мүмкін.

Құмырсқа іріктеуші (Муравьиный селекционер)
Арнайы құмырсқа фермалары үшін құмырсқаларды аулап, іріктейді. Көбіне бұл жәндіктерді у дайындау (медицинада қолданылады-мыс) немесе әрі қарай тамаққа қолдану үшін асырайды екен.

Қолтық иіскеуші
Дезодоранттар мен антиперсперанттар шығаратын компанияда жұмыс істейді. Бұл қызметкердің міндеті сынақтан өтетін топ мүшелерінің қолтығына дезодоранттарды сеуіп, күні бойы оның иісі қалай өзгеретінін иіскеп, бақылау болып табылады.

Ми шығарушы (Выниматель мозга)
Бұл мамандықтың психиатрияға ешқандай қатысы жоқ екенін атап өту керек. Ми шығарушы қасапханада жұмыс істейді және өлтірілген жануардың миы бас сүйегінен мұқият шығарылып, еш жері бұзылмаған күйінде мейрамханаларға тасымалдануын қадағалайды.

Қыртыс (әжім?) түзеуші (Разглаживатель морщин)
Элиталық (дегдарлы, епті...) аяқ-киім дүкендерінің қызметшісі. Оның міндеті сатып алушылар сан мәрте киіп көргеннен кейін аяқ-киімдерде пайда болатын қыртыстар мен әжімдерді түзеу болып табылады.

Жұмыртқа айырғыш (Яичный сепаратор)
Кондитерлік өнімдерді дайындау барысында арнайы құрылғының көмегімен жұмыртқаның ақуызын сарысынан айыратын маман.

Стриптиз бишілерін зерттеуші (Исследователь стриптизёрш)
Осындай бір біртүрлі вакансияға қызметкерлер алуды өткен жылы америкалық зерттеу университеттерінің бірі жариялаған болатын. Қызметкер 60 күн бойы стриптиз билеушілерді бақылап, жүйелі түрде арнайы жазбалар жүргізуі тиіс болған. Жалақысы 10 мың доллар.

Сырғытпа таяқтарды жылтыратушы(???) (Полировщик клюшек)
Әрбір гольфклубқа қажетті маман. Ол, ВИП-клиенттердің сырғытпа таяқтарын доппен үйкелісті жақсартатын арнайы қоспамен сүртіп отырады. (клиенттің басқа жерін де сүрте ме деген күдік те жоқ емес )

Көпшіктерді (жастықтарды) түзетуші
Жатын бөлме жиһаздарын сататын қымбат жиһаз дүкендеріне қажет маман. Жұмыс күні барысында бұл маман сауда залында жүріпкөпшіктер мен жапқыштардың қыртыстарын түзеп жүруі керек.

Презерватив сынақшысы (Испытатель презервативов)
Презерватив өндіруші компаниялар өз өнімдерінің мықтылығына сенімді болғысы келетіні таңқаларлық жағдай емес. Сол себептен әрбір жаңа өнімді шамамен 1000 адамнан тұратын «жалдамалы» сынақшылар кемінде 1 жыл бойы сынақтан өткізеді екен.

Зариктер (рахмет, Нұрғиса) бойынша сарапшы (Эксперт по игральным костям)
Бұл, әрине, Лас-Вегас пен Монте-Карлода таралған мамандық. Егер казинода теңгерімі бұзылған, немесе, қисайтылған зариктер табылса, бұл клиенттерді алдау әрекеті ретінде бағаланады.

Жұмыртқа иіскеуші
Элиталық кондитерлік дүкендер мен мейрамханаларға қажет сирек мамандық. Бұл маман тамаққа бұзылған жұмыртқа қосылып кетпеуін қадаалайды.

Балапандардың жынысын анықтау бойынша менеджер
Балапан дүниеге келген алғашқы тәуліктерде-ақ оның жынысын қатесіз анықтау қажет. Себебі, құсты тамақтандыру мен баптау оның жынысына тікелей байланысты екен.

Жалдамалы туысқан
Жалдамалы достар мен туысқандар қызметін ұсынатын ресми қызмет өткен жылы Қытайда (???) пайда болды. Негізінен бұл қызметтің көмегіне той, туған күн немесе басқа да мерекелер қарсаңында өздерінің мәртебелерін көтеру үшін адам санын көбейту қажет болған кезде жүгінеді екен. Дегенмен, бұл қызмет, ресми емес түрде әлемнің барлық жерінде бұрыннан көрсетіліп жүргені жасырын емес.

Әжетхана бойынша жолкөрсетуші (Гид по туалетам)
Жапонияда бұл мемлекеттік қызмет (Жанна, рас па?). Адамдарға қалада жақын жердегі әжетхананы табуға көмектеседі. Қызмет құны 4 цент шамасында.

Кезекке тұрушы
Кез-келген мемлекетте ресми емес түрде «кезекке тұрушылар» қызметі бұрыннан бар. Ал, Британияда бұл қызмет заңдастарылып, ресми түрде көрсетіледі. Фирма қызметкерлері сіз үшін кез-келген кезекке тұрып, итерісіп, салғыласып беруге дайын. Бағасы сағатына 40 долларды құрайды.

Тампондарды сынаушы (Испытатель тампонов)
Жеке бастың гигиенасы құралдарын шығарушы зауыттардың осы бір маңызды мамандары әрбір тампонды жеткілікті түрде ылғал жұтқыштығын, және жіптерінің беріктігін тексереді. Бұл еріккеннің ермегі емес, АҚШ азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасының талаптары.

Дереккөз
Бөлісу:

44 пікір

Aldeken
Қайсысын таңдар едіңдер?
asaubota
Мастурбатор деген де жұмыс бар. өткенде суреттерімен көргем. Қытайдағы бір спермабанкте қыздар сондай жұмыс атқарады екен.
Daniar-Alan
Gastarbaiter
Күлме нақ, қолында штукатур-малярдың перчаткасы, порнушка қыздарына еш қатысы жоқ, қатал военкоматтың еркектүсті аяжандары сияқты түрлері))))
araika
Рахмет, тәубеме келдім
Nurshat
Жұмыртқа айырғыш (Яичный сепаратор)
omarbirat
Стриптиз бишілерін зерттеуші
Мына мамандық қызық екен, 10 мың доллар жалақы үшін шалбар былғауға тура келетіні болмаса
Aldeken
40 долларға кезекке тұрып, айғайласқаннан жақсы ғо, бәрібір…
omarbirat
Бір-екі ай істеуге болады енді. Одан кейін «мұндайлардың талайын көргенмін» деп тұратын военкоматтардағы быраш апайлар сияқты қарсы жынысқа қызығушылық басылып кетіп жүрсе
omarbirat
Бұрын кәрі атқа шөп шайнап беретін жұмыс туралы бір әзіл болушы еді. Соған ұқсайды екен көбі
ademi_alem
пингвиндер төбелерінен ұшып өтетін тікұшақтарға (вертолет) қараймыз деп шалқасынан құлап жатады екен. Денелерінің қолапайсыздығына байланысты шалқалай құлаған пингвиндер өз беттерінше аунап, тұра алмағандықтан, әрбір вертолет ұшқан сайын оларға көмекке арнайы маман келеді. Әйтпесе, байғұстар жатқаннан тұрмай кетуі әбден мүмкін.
)))))) ой, қызыыық
Marco
ең қажетті, әрі ең «трогатальный» мамандық екен)
ademi_alem
))) Көзіме пингвиндер елестеп кетті аударылып жатқан тұра алмай. Сондай қызық, оййй қызық ))))
Marco
қызық ештеңесі жоқ, оларды ешкім тұрғызбаса өліп қалады, не аштан өледі, не жыртқыштар жеп кетеді(((
ademi_alem
жоқ, түсіндім ғой оны. )) мен күлгенде пингвиндерді мазақтап күліп оырған жоқпын, сүп-сүйкімді түрлерін елестетіп сүйсінеее күліп отырмын. Өз бетімен тұра алмайтын, үлкендердің қамқорлығына мұқтаж сәби сияқты.
Nurgisa
Сол мұқтаж сәбилерді жыртқыштар жеп кетед деп әбіржіп отыр Марко, түсінемісің? ((((
ademi_alem
Түсіндім, түсіндім.
kokbori
Үйелеп қалды деген сөз болар
a63a1
Жоқ, сен мазақ қылып күліп отсың, пингвиндердің ар-ожданын таптадың
Erkekyz
Мда, естіәмеген елде көп.))
Marco
Пейнтбол шариктерін жинаушылар да болады. Әсіресе ашық алаңдарда ойнаған кезде, нысанаға тимеген шариктер жарылмай қалады. Оларды жинап алсаң қайтадан пайдалануға болады.
Botik11
гид по туалетам болсаң да, мал тап!)
Gulistan
Әжетхана бойынша жолкөрсетуші (Гид по туалетам)
Жапонияда бұл мемлекеттік қызмет (Жанна, рас па?). Адамдарға қалада жақын жердегі әжетхананы табуға көмектеседі. Қызмет құны 4 цент шамасында.

Жапониясын білмедім, бірақ Англияда, көбіне көп Лондондағы көптеген қоғамдық орындардың туалетінде және әйел бөлмелерінде арнайы адам отырғызады. Ол келген-кеткен адамның киімін түзеуге, сулық беріп, бағыттап отыруға жұмыстанады
bizbike
біздің қоғамдық әжетханалардың алдында ақша жинап, қағаз беріп тұратын апайларды қалай атауға болады екен?
Aldeken
Әжетке хана жасайтын апай…
sammita
дегустатор ше, арақ-шараптың)
Nurgisa
Кузей Гунейдегі Гуней доп жинаушы-ау деймін, гольф алаңдарындағы.
asaubota
жоқ, оныкі таяқтасушылық (Caddie)
FaraOn1
мамандық дипломированный адамдарр ма не? мүмкін жай ғана қызмет түрі, және өз ісінің шеберлері ғана шығар
aikarakoz
Қолтық иіскеуші?  Таза ауа оған аромат сияқты болатын шығар?!
zhanibek_nurish
Гинекологтың: «Адамдардың да түрін көретін күн бар екен ғой!» дегеніндей болды, бұл
zhanibek_nurish
Ми шығарушы (Выниматель мозга)
Бұл мамандықтың психиатрияға ешқандай қатысы жоқ екенін атап өту керек. Ми шығарушы қасапханада жұмыс істейді және өлтірілген жануардың миы бас сүйегінен мұқият шығарылып, еш жері бұзылмаған күйінде мейрамханаларға тасымалдануын қадағалайды
, «Индиана Джонс» фильмінде десертке маймылдың миын әкелетін кадр бар еді, соған ұқсайды екен,
madickisbig
жиырматүрлі біртүрлі мамандықтар
araika
Қоса отырсам: Қытайда туалет гиді деген кәсіп бар екен. Қала көшелерінде жүріп, бар болғаны 4 центке жақын маңдағы әжетхананың қайда орналасқанын нұсқайды. Ең қызықтысы, еңбек кітапшасына да жазылады

Ұлыбританияда кезекке тұрушы маманы да ең тиімді әрі үнемді. Сіздің кезегіңіз үшін ақысын төлесеңіз болғаны (сағаты 25 фунтқа дейін)
Marationok
еңбек кітапшасына да жазылады
мынау өмір бойы маңдайға басылған клеймо ғой, еңбек кітапшасының парақтарын жұлып тастаса ше?
araika
Сол да сөз боп па, жаңасын ала сал
bizbike
қазақтар жалдамалы туысқан қызметін жақсы атқаратын болар
Armanjan
Азияның бір елінде (Тайланд ғой дим қателеспесем) адам сойғыштар болады екен. Өлген адамды терісін сыпырып, барлық денесін мүшелеп беретін. (Абай.кз немесе Маса.кз жазды ау дим, фотосымен беріп еді)
Tyulpan
қыртыс жазғыш сонда қалай жазат кен қыртысын, м? не қолданат дегенди...үтіктемит шығар енді
bizbike
мен бүгін есігімді жабам деп, бәтеңкемнің үстінен өткізіп, оңдыртпай жырып алдым аяқ-киімімді. Кімге апарсам екен енді?
bi2
ken
bi2, осыңмен тақырыптың талқылануына нүкте қойыпсың ғой