КерекИнфо Лого байқауы - 10.000 теңге!

Блог - asaubota: КерекИнфо Лого байқауы - 10.000 теңге!

КерекИнфо сайтының және бұдан кейінгі өнімдерінде қолданылу үшін жаңа логотип іздейміз.

Басты шарт: ешқандай шарт жоқ. (логотип жасай алатын адам өзі түсінеді бәрін)

Соңғы күн: 15 қыркүйек 2013

Жүлде: 10.000 теңге

Жұмыстарды asaubota@gmail.com адресіне (mail.ru почтасынан жіберілгендер қабылданбайды) JPG, PNG, CDR форматтарында жіберіңіздер. Жеңімпаз 17 қыркүйек күні анықталады.
Әрі қарай

Дизайнерлер бюросы жаңа логосын іздеуде

Бюроның бұрынғы логотипіҚұрылғандарына 1 жыл толуын жақында атап өткен Қызылорда қалалық Дизайнерлер Бюросы мекеменің жаңа логотипіне байқау жариялайды.

Байқаудың талаптарына сәйкес логотипте мекеменің қысқартылған немесе толық атауы және дизайнерлік сипатта болуы қажет. Дизайнерлер бюросының негізгі қызметі мен мақсатына сай әзірленуі шарт. Шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде көркемдік ойдың шеберлігіне, идеялық мақсатқа және графикалық талғамға ерекше мән берілетін болады.

Байқауға ұсынылатын барлық жұмыстар kyzylorda_dizainerler11@mail.ru электронды поштасына мамырдың 5-сіне дейін жіберілуі тиіс. Байқаудың қорытындысы мамырдың 7-сінде жарияланады.
Әрі қарай

Блог құрылтай бітіп қалды ма?

Білмеймін. Жұрт жазып жатыр, жазып жатыр. Ал мен компты ашып, ішіндегі Blogcamp деген папканы көрген сайын млмл (© altygradus) боламын.



Жұрт қатарлы неге маған бұл құрылтай әдемі болып көрінбейтініне таңмын. Келгендердің барлығы шынымен де көзге абажадай болып көрінген кемшіліктерді байқамағаны ма деймін. Әлде шынымен де жұрт айтқандай бәрі тамаша өтті ме… Общым, мен әлі түсінген жоқпын.
Әрі қарай