Блог құрылтай бітіп қалды ма?

Білмеймін. Жұрт жазып жатыр, жазып жатыр. Ал мен компты ашып, ішіндегі Blogcamp деген папканы көрген сайын млмл (© altygradus) боламын.



Жұрт қатарлы неге маған бұл құрылтай әдемі болып көрінбейтініне таңмын. Келгендердің барлығы шынымен де көзге абажадай болып көрінген кемшіліктерді байқамағаны ма деймін. Әлде шынымен де жұрт айтқандай бәрі тамаша өтті ме… Общым, мен әлі түсінген жоқпын.

Ризамын

Себебі біреулер үшін Құрылтай аяқталғанымен мен үшін алда үлкен таудың төбесі қылтиып тұр. Бұл құрылтай жұмысы бәрімізге де сынақ болды ғой. Әзірлік жұмыстарында бір-бірімізді жақыннан тани түстік. Ың-шыңсыз түсіністік. Соған ризамын!


Суретте: Блог құрылтайдың «Барбаросса жоспары»

Ұсыныс

Осы бастан мүмкін болса, Блог құрылтай қорын ұйымдастыруды ұсынамын. Блогшылардың біреуге алақан жаймай, ұйымдасқан істерінің шығындарын өздері өтеп жатса ғанибет. 11 ай уақытымыз бар. Ай сайын 500 теңгеден (инфляцияны да ескеру керек шығар...) жинап отырсақ, грантқа немесе өзге де ұйымдастыру жұмыстарына қажетті соманы өзіміз жинай аламыз деп ойлаймын. Осыған келіскен болсақ, оны жүзеге асыру механизмдерін ойластыруға болады. Немесе әрбір қатысушыға қажетті заттардан не керек екенін айтсақ та болады. Осы жолғысында әрбір блогшы мойнына атқарылған іспен қатар, заттай бір шығынды да өзі көтергенін біреу білер, біреу білмес.

Сабыр

Келер жылғы құрылтайдың сәтті өтуі бір кісіге сенім білдіруде, әрі оның тапсырған ісін түсініп атқаруына байланысты. Болмады емес, небір провокаторлар, т.с.с. болды ғой. Қазір де ондайлар бар. Онсыз болмайды. Дүние заңдылығы сол. Ондай кедергілерге назар аударып та керек емес немесе шама келсе дәл сол сәтте түбінен қопарып түсу керек. Оның үстіне біздердің әртүрлі екеніміз бесенеден белгілі. Бірақ ортақ іске келгенде компромиске бара алатынымызды түсіндім. Лайым, түсіністігіміз арта берсін!

Кішкентай кедергі

Ең үлкен кемшілік — құрылтайға соңынан қосылған, тіркелмей келгендердің blogcamp форматын түсіне алмағандарында. Құрылтайды ұйымдастырушылар бар деп түсінгендерде (БАҚ немесе көпшліктің олай түсінуі дұрыс. Бірақ біздің жоспарда тіркелгендер түйсінуі тиіс болатын). Әрбір адам өзі бір істі мойнына алып, соны атқарса, шағымдануға мұршасы да болмас еді. Әрі өзіне бөлінген істі дұрыс атқарып алмай, өзгеге артын ашып күлмес еді.

Астаналықтар қазірдің өзінде біз бұны қалай өткіземіз деп отыр екен. Түптеп келгенде өтетін орны ғана өзгереді. Форматы өзгермейді. Келесі жылғы Блог құрылтайға қатысқысы келген адам шақырылмайды, құлақтандырылады. Өзі тіркеліп, жұмысты мойнына алады. Тек үйлестіріп отырса болғаны. Астаналықтарға бұл жерде ешқайсымыз да салмақ салмауымыз тиіс. Әрқайсымыз сол жаққа (Бурабай, инш!) барып, құрылтай өткізуіміз керек. Осы бастан сондай ойда болғанымыз жөн.

Ниет

"Құрылтайға бірінші кезекте оны ұйымдастыру үшін келдім, сосын қатысу үшін келдім" деген оймен келе сала, қым-қуыт жұмысқа бел сыбана кірісіп кеткендерді көргенде кәдімгідей қуанады екенсің. Аз уақыттың ішінде не болып, не қойғанын аңғара алмағандарға еш реніш те жоқ. Бәрі бірдей түсініп кетуі мүмкін емес қой.

пысы. Келесі құрылтайға 11 ғана ай қалды. Алматылықтар жиналып, келер жылға жоспарларды пысықтап қойдық. Тағы бір Барбаросса жоспарын әзірлеп жатырмыз. Ал сен ше?
Бөлісу:

38 пікір

bekmur
Endi tikelei atsalysuga tyrysamyn)) Bul joly tek shai ishuge bargan sekildi boldym))
urimtal
Сендердің баннерлерің сұмдық көмектесті!!! Келесі жолы да шай ішіп, баннер әзірлесең жақсы ғой :)
bekmur
Ogan endi Almaska jeke rahmet aitu kerek))
urimtal
Алмас, саған жеке рахмет! АРБ!
asaubota
ұсақ кемшіліктер болды ғой, бірақ плюстер көп болғасын ондай олқылықтар білінбей де қалды. ал, құрылтайды құрылтайға келмегендер сынады кеше. оларға өз ойымды ашып айтып тастадым: www.facebook.com/arshato/posts/161437423914525
urimtal
Эмоциялар әртүрлі болады ғой. Игеру кейде қиын. Қазіргі қуанышты көңіл күймен жүріп те жақсы өткен құрылтайымызға кесірімізді тигізіп алуымыз мүмкін. Әркім өзінің ойын айта береді ғой. Қақпақ бола алмаймыз. Бірақ бәрімен дәл қазір сөз таластырудың да қажет емес екенін ұмытпау керек сияқты.
VKM
Аршат аға, тура бетке айтады екенсіз… респект
Abilakim
Әкесі жаудан, шешесі шәйдан қайтпаған Аошат емес пе бұл))))Бетке айтады ғой, к… ке айтатындардан сақтасын…
Zilola
Мен всегда дайынмын, бірәқ сол жүгіру мен басқару жағын онша қатырмаймын ғо, сондықтан баяғы әдетке салып жеңіл бірдеңені тауып алармын :)))
omarbirat
Блог-құрылтай туралы небір әсерлі жазбаларды оқып, енді блог ашып, блогшы болмасам ба деген ой келді, бар ғо :)))
qisyq
Қор туралы идея өте сәтті айтылып отыр. Тәуелсіз болсақ керемет болар еді! Блогшылар, осыған байланысты пікірлеріңді жазыңдаршы.
Abilakim
Миға сиымды, ақылға қонымды ой екен. Қор деген.
urimtal
Қор дегенде ҮЕҰ емес, кәдімгі ақша туралы екенін бәрі түсініп отырған шығар деп ойлаймын. Бір есептен «Блог құрылтай» деген ҚҚ да ашып қойса дұрыс екен-ау.
Zere
Құрылтайға дәл сол кезде барып қалған, не қорға ақша салу керек екенін білмей қалғандар өздерін ыңғайсыз сезініп қалмай ма?
qisyq
Ақпараттық агиткампания жүргізу ше?
Gastarbaiter
Бюджетті бөлу кезіндегідей қырғын соғыс, мынағаын жұмсау керек, анаған жұмсау керек! деп қырылу болмаса, және Қор-басы болатын қолы қатты адам керек.
Erbol
Асеке кемшіліксіз ештеме болмайды.Биыл тұңғыш рет өткенін ескере отырсақ, ол кемшіліктерді кемшілік деп санауға болмайды, десең ба.Бірақ шыны сол,қателіктерді сезіп тұрсам да өзім санағым жоқ кемшілік деп.Ең бастысы Блогкемп ел көңілінен шықты.Мүмкін кейбір жеке адамдардың ойлары жүзеге аспай қалып, сол жағынан қынжылыс болмаса.Енді келер жылға жоспарды айтсақ.Арнайы қоғамдық қор құрып, өз қаржымыздан қор жинау (қаржы жинау) өте дұрыс бастама. Бұл арқылы болашақта биылғыдай ұйымдастырушы мына ұйымдар дегеннен арылып, таза блогкемп форматына келер едік. Яғни ұйымдастырушылар блогшылар. Биыл блогкемп форматын түсіндіріп алғанша деген оймен, сосын демеушілердің қаржысын белгілі бір шотқа аудару деген сияқты бірқатар мақсаттармен ұйымдастырушы ұйымдар болды.Биылғы құрылтайдан соң блогкемп форматы түсінікті деп ойлаймын, келер жылы қиындық болмауы тиіс.Қоғамдық қор мен қор жинауға келсек бұны бәріміз қолдаймыз деп ойлаймын.Блогшылар сол қордың шотына аударып отырамыз, кім қанша аудара алады сол көлемде. Сол қордың жанынан негізгі үйлестіру кеңесі құрылсын. Ол кеңес бар жұмысты ақылдасып, есебін беріп, жоспарын жасап, әркімнің міндетін бөліп беріп, үйлестіріп отырады(кейін кейбіреулердің жыл бойы аударған ақшам қайда лом көтеріп келмес үшін, сырттан кейбір қара ниеттілердің ақпараттық соғысына азық болмас үшін дегенім ғой).Сосын құрылтайдың бар жұмысын бір кісіге артып қойып, соған ауыз ашып отыруға болмайды.Қазірдің өзінде кейбіреулер блог құрылтайдың ат-атағын бір адам иеленіп жатыр, болашақта өзінікі жасағысы келіп жүр, бәріңді пайдаланып жатыр деген құсықтарды жіберіп жатыр. Бәрі түсінікті болғанымен кейде пенделік ұстап қалғанда адыраңдап кетуі мүмкін ғой кейбреудің.)))«Келесі жылы құрылтайдың сәтті өтуі бір кісіге сенім артып, соның айтқанын орындауға байланысты» деген пікірге айтқаным ғой.Өйткені негізгі үйлеструшілер блогкемп форматын түсінді. Осыларды жаңағы қордың үйлестіру кеңесі құрамына кіргізу қажет.Өйткені блогқұрылтай ешкімнің, ешқайсымыздың меншігіміз емес, барлық қазақ тілді блогшыларға ортақ дүние.Менің айтпағым осы.Бұра таратпай, ақылдасып, сабырмен, салиқалы түрде істесек кез-келген шараның сәтті өтерін көз көрді.Блогқұрылтайдың болашақта сәтті болуы да, ғұмырының ұзақ болуы да ауыз бірлігімізге байланысты.
asaubota
блогерлерді бұдан кейін бір күш деп айтуға болады. бұл күш арқылы не істей аламыз, қандай қызмет түрлерін көрсете аламыз?

1. сайт жасау. давай біреулерге, ұйымдарға сайт жасап берейік. ақшасын блог қорына аударады.

2. интернетте пиар. давай біреулердің сайттарын, мақалаларын, тауарларын немесе басқа т.б пиар жасайық, анда-мында сілтемелерін лақтырайық. бұл өте маңызды және табысты жұмыс интернетте.

3. хостинг қызметі. алдымен үлкен бір сервер алайық. сосын өзіміз сайттарға хостинг қызметін ұсынайық. бұл да жақсы табыс көзі.

4. пошта қызметі. қазір көп компаниялар, фирмалар әлі күнге шейін майл.ру поштасымен жүр визиткаларында. мұның серьезно емес екенін түсіндіріп, оларға өз домендерінен пошта ашып берейік. қатты қымбат емес, бірақ ақша жақсы түседі. мысалы мен Ақтөбеде біраз жігіттерге өз пошталарын істеп бердім Гугл және Яндекстің тегін қызметтері арқылы. мысал үшін mail.kerekinfo.kz қарап көріңіз.

әзірше ойларым осы, өз қолымнан келетіндерін тізіп шыққаным ғой.
Erbol
Маған пиар ұнап тұр, мамандығым болған соң ба.Идея күшті.Бірақ мыналарды жүзеге асыру үшін ТОО ма, АО ма бірдеме ашу керек шығар. Менің басыма уже бір ат келіп тұр. "Қазақ блогшылары" ЖШС, Қостанай (қай жақ ед) филиалының деректірі Әбіләкім бырат ))). Аршат әлде қор арқылы жүзеге асырсақ дейсің ба?
asaubota
ИП да жарайды. домен, хостингтерді сосын тек өзімізден алатын болып отырсақ. негізі жұмыла кіріссек өктеріп кетуге болады.

Дизайн қызметін де ұмытып кетіппін. сосын аударма ісін де қосу керек. істеушіге әрине еңбекақысы төленеді, бірақ қорға да сол арқылы артық комиссиясы түсіп отырады ғой. мысалы бір сайтқа 100 мың делік, соның 25 пайызы қорға кетсе нормально емес пе? Аудармаға да мысалы өзінің негізгі бағасы 1 бет 1000 теңге болса біз 1200 десек, қалғаны қорға кетеді. сосын мұндай қызмет түрлері өзімізге керек болса басқаға тапсырмай тек өз адамдарымызға тапсырып отырсақ, сонда ақша далаға кетпей өз адамдарымызға түседі. түсіндіре алдым ба?

былай ғой схема: мысалы біреу сайт жасатқысы келеді, 120 мың дейді. иә, дейміз де сайт жасаушылар мен, Садық немесе Батырларға хабарласамыз. осындай сомаға заказ болып тұр, саған 75 пайызын береміз, қалғаны қорға кетеді дейміз. Бір фирмаға логотип керек, 30 мыңға заказ береді. Ақзере, Айколармен келісеміз осындай ақшаға істеп бересің бе, қалғаны қорға кетеді.

сонда өз адамдарымызға да ақша түседі, қорға да.
Erbol
Түсініп отырмын. Не дейсіңдер халайық?
monti
қарсы емеспін, мен қолымды көтерем ;)
asaubota
«байы, байыт» деген принцип қой қысқасы. сен де ұтасың, блог қоры да ұтады.
qisyq
Ондаған кітап аударған тәжірибеміз бар екі жылдың ішінде, мен аудармамен айналыса аламын.
omarbirat
Локализация жағынан көмектесе аламын.
Abilakim
Клиенттердің тойын «скидкамен» басқарып берем… Мен байғұс басқа не істей алам?!
Zere
Мен де келісемін! )
Gastarbaiter
Лібә мынау «красный кресттегі» общак системасы ғой. Карта ойнағанда, ортадағы ақшаның 15 пайызын общакқа лақтырады, қалғанын ұтқан адам алады.
Арақ шарап темекі насыбайды магазиннен емес арнайы дилерден аласың, диллер общактан ақша алып, үстіндегі ақшасын оборотқа жібереді, ай сайын 15 процентін общакқа тастайды. Өз фотографтары болады, әрбір сүгіретті тек сол түсіреді, қалғандары сатып алады, одан шыққан ақшаны общакқа салады.

Конкурс ұйымдастырылады, қатысушылар взнос лақтырады, сыйлық қорының 15 пайызы общакқа кетіп отырады.
Жергілікті лотереямен де общакты көтеруге болады.
qisyq
Аршат, өте жақсы идея. Корпорацияға айналып кетуі де мүмкін.
asaubota
кімнің қолынан не шаруа келетінін шамамен білеміз ғой, білмесек арнайы сайтымыз болады соған жұрт не істей алатынын жазып тұрады немесе арнайы анкета істеп қоямыз. соған қарап орталықтағы координатор шаруаларды бөліп отырады. бұл жерде ақша бөлісе алмай қырылып қалыпты деген әңгіме де болмайды. әркім өз еңбегін алады, тек бір бөлігін қор өзі алып қалып отырады. қазірден бастап айналыссақ келесі жылға дейін біраз шаруа істеге болады.
urimtal
түсінікті болған сияқты. Онда концепциясын әзірлеуге отырайын :)
patick
орысшадан қазақшаға хуярить етем :)
Gastarbaiter
Ағылшыннан қазақшаға
Abilakim
Қазақшадан қазақшаға аударуды мен мойныма алайын
Gastarbaiter
ондай қызмет те керек ау Нұр.кз -ке қарасақ…
nurjanbay
ақша жүрген жерде саясат, реклама, пара, жеу, т.б. шығады.
менің жеке ойым: егер қолынан келетін адамдар бірігіп ақша табамыз, тірлік істейміз десе жөн. спонсор боламыз десе жөн. бірақ бәрімізге ортақ қоғамдық нәрсеге ақша араластыруға болмайды
Gastarbaiter
Ия, басы тәтті басталып, аяқ жағында күйе жағу, бөлісе алмау, міндеттеу, таласу болады. Талай ғасыр дәлелдеген нәрсе ғой. Бірақ біреуге қойған мақсаты бірлі жарым қарым қатынастан артық, сондықтан көпшілік келіссе әр жерден шыққан қарсылыққа бұтақ қояды.
Ал кейбіреулер жүрегі қаламаса да, жұрттан қалмау, тобырға ілесу инстинкті оянып, адам санын көбейтіп жүре бергенім жақсы дейді.
Маған да бір минус қойыңдарш)))
asaubota
«Нысананы» көре алмай қалғандарға: tv7.kz/video/40979/ Құрылтай туралы сюжет соңғы он минутында.

түсіріп алу