18 ЖАСАР СТУДЕНТ "JAS KASIPKER-2019" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы, Астана гуманитарлық колледжінде " Jas kasipker -2019" байқауының марапаттауы өтті. " Jas kasipker" байқауы «Жігер.Абырой. Сана» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұсынылған КЕАҚ грантының аясында ұйымдастырылған жоба.


Байқауға қатысуға өтініш білдірген қатысушылардан 5 жас кәсіпкер таңдалып, сұхбат алынды. Соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен, 18 жасар жас кәсіпкер Сара Сахынбек жеңімпаз атанды. Бас жүлде иегеріне ДРОН DJI spark alpine white, үздік 6 кәсіпкерге смарт сағаттар сыйлыққа беріліп, мақтау қағаздарымен марапатталды.


Шара барысында кәсіпкерлер өз жобаларына шағын таныстырылым жасады. Астана гуманитарлық колледжі студенттерінің сұрақтарына жауап беріп, ой алмасты.

Елордалық кәсіпкерлер «Кедергісіз Қазақстан» акциясына қосылуда

«Кедергісіз Қазақстан» акциясы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары еліміздің әлеуметтік саясаты, халықтың белсенділігін арттыру және меценаттық қағидаттарын ілгерілету мақсатында өткізілуде.

«Q Group», «Ғажайып Evrikum» саябағы және «Chaplin Cinemas» компаниялар тобы Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын құп алып, осы идеяларды ілгерілету бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

ДЦП ОҒАН ДЕРТ ЕМЕС

Блог - qbusiness: ДЦП ОҒАН ДЕРТ ЕМЕС

2017 жылдың 27 қаңтар күні тараздық жас кәсіпкер Азат Бердіқұлов Алматы қаласына келеді. «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік мектебін жаңа тәмамдаған түлектер кешінде Азат алдағы жоспарларымен бөліспек.
Блог - qbusiness: ДЦП ОҒАН ДЕРТ ЕМЕС
Азат дүниеге келгенде дәрігерлер ДЦП диагнозын қойған. Өмірге құштар жан қиындыққа мойымай, өз бетінше кәсіп ашып, он екі мүшесі сау адамдар жасай бермейтін дүниелерді атқарып жүр. Ол «Бизнес бастау» мектебінің екі айлық курсын тәмамдады. Бүгінде туған қаласы Таразда компьютер жөндейтін маман. Жас кәсіпкер болашақта қайырымдылық қорын ашуды мақсат тұтады. Аяқ-қолы жоқ Ник Вуйчич әлемді өзінің шешендік өнерімен баурап алып, талайдың жүрегіне үміт отын құйды.
Ал Азат икемге келмейтін денесіне қарсы тұрып, ерекше қайсарлығымен қазір аяғынан тік тұрған кәсіпкер. Ол да ертеңіне алаңдайтын, қолымнан ешнәрсе келмеді деп налыған миллиондардарға үміттің сәулесі болары анық.
Блог - qbusiness: ДЦП ОҒАН ДЕРТ ЕМЕС
Құрметті, БАҚ өкілдері, блоггерлер қазақтың осындай қайсар баласы туралы жазып, көпшілікке ой салсаңыздар екен. Осы орайда сіздерді «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік мектебінің түлектер кешіне шақырамыз.

БАҒДАРЛАМА:
17.00 – Түлектер кешінің ашылуы.
17.30 – Түлектерге бизнес мектепті тәмамдағандары туралы диплом табыстау
18.00 – Азат Бердіқұлов сөз сөйлейді.
18.30 – Түлектер кешінің мерекелік бөлімі.
22.00 – Қорытынды.

Ұйымдастырушылар: «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік мектебі және «SapalyQazaq» қоғамдық ұйымы
Байланыс: +7 701 743 25 46 +7 778 410 10 11
e-mail: biznes.bastau@gmail.com
Әрі қарай

Білесіз бе? Шуда сөмке де шығады.

Дидар атты қазақтың жігіті қазір Шу қаласында өнімдерін шығарып жүр. Былғарыдан әмиян, сөмке, кілтсалғыш деген сияқты бұйымдар жасайды. Сүйікті ісіңді кәсібіне айналдыратындардың табысы қандай? Бұл сұраққа Grand Craft табиғи тері өнімдерін шығарушы Дидардың жауабы төменде. Бұл өнім ұнап жатса, Алматыдағы Достық сауда орталығынан табасыз. Меніңше, ер адамдаға сыйлық іздеп сабылғанда, қыздар үшін керемет көмек болады деп ойлаймын. Сапалы, бағасы да жақсы. Если что, 7 мамырға да аз уақыт қалды. ;);) Ал, өзге қолөнершілердің айтқандары туралы осы жақтан оқуға болады. businessnews.kz/2016/04/kazakstannyn-handemade-industriyasy-kalaj-damuda/

Блог - BalgynBalgyn: Білесіз бе? Шуда сөмке де шығады.

Дидар Мұқашев, Grand-Craft табиғи тері өнімдерін шығарушы:

Жалпы тері бұйымдарымен жұмыс жасауды 2013 жылы жолдасым екеуміз бастадық. Интернет желісінен жинаған мәліметтерге жүгіне отырып жасап шыққан ең алғашқы бұйымның нәтижесі көңілімізден шығып, ары қарай осы бағытта жұмыс жасауға бел будық. Арада біраз уақыт өткен соң, бірнеше бұйымдар жасап көрдік. Жасаған дүниемізді көпшілік қауымға ұсыну үшін, кәсібімізге ат қоюды ойластыра бастадық. Осылайша, 2014 жылы «Grand-Craft» атаулы тері бұйымдарын өндіретін шағын ғана шеберхана дүниеге келді. Grand-Craft-тың кәсібі өте шағын. Бүгінгі таңда шеберханамызда екі адам ғана еңбек етеді.

Блог - BalgynBalgyn: Білесіз бе? Шуда сөмке де шығады.
Өкінішке орай, шетелден әкелінген шикізатты алуға тура келіп отыр. Бірақ, жақында отандық тері комбинаттың бірінде өндірілетін шикізаттың сапасын көріп қайттық. Сондықтан, болашақта бұйымдарымыздың бір бөлігін отандық шикізаттан жасайтын ойымыз бар. Біздің өнімдеріміз Алматы қаласы, Dostyk Plaza ойын-сауық кешеніндегі Experimentarium дүкенінде сатылады.Сол сияқты интернеттегі әлеуметтік желілер арқылы да сатамыз. Шындығына келсек, өнімдердің кең таралуына және жарнама жасауға, қажетті көңіл бөле алмай жүрмін.

Блог - BalgynBalgyn: Білесіз бе? Шуда сөмке де шығады.

Кәсібім шағын болғандықтан, мен әлі көптеген қиындықтармен жолықпаған шығармын. Бірақ өз көзқарасымды айта кетейін. Біріншіден, шикізат құны. Шетелден импортталатын шикізат құны жоғары келеді. Соған байланысты біз өндіретін бұйымдардың бағасы да өседі. Екіншіден, отандық шикізат өндірісінің тапшылығы. Ойдағы бұйымдарды іске асыру үшін, отандық шикізаттың ішінен түрі немесе түсі табылмай жатады.

Блог - BalgynBalgyn: Білесіз бе? Шуда сөмке де шығады.
Отандық шикізат өндірісін барынша дамытса, біз үшін шетелдік шеберлермен бәсекелеске түсуге зор мүмкіндік пайда болатын шығар деп ойлаймын. Әрине, Қазақстанда тері бұйымдарымен айналысатын көптеген шеберлер бар. Бірақ, мен әлі бәсекелестікке түсетін дәрежеге жеткен жоқпын. Кәсібім дамып жатса, бәсекелестік бағымды сынап көрермін.
Әрі қарай

Венчурлық капитал. Экономиканы әліп деп танымайтындарға арналған анимациялық фильм

Оcылай екен...: Венчурлық капитал. Экономиканы әліп деп танымайтындарға арналған анимациялық фильм

Көбімізге қаржылық айналымдар мен инвестиция түрлерін үйренуге экономикалық терминдердің күрделілігі кедергі болып жатады. Бірақ, «бақсам, бақа екен» демекші, көптеген күрделі терминдерді тіпті 5-ші сынып оқушысына да түсіндіруге болады.
Осындай оймен DFJ Gotham' компаниясының басқарушы директоры Дэниель Шульц бес оқитын баласына венчурлық капиталды түсіндірмек болып мынадай иллюстрациялы әңгіме жазған еді. Сол әңгіменің желісімен жасаған алғашқы анимациялық фильмімді назарыңызға ұсынамын. :)

Әрі қарай

"Адамдар-ай, адамдар!". Акт #2. Ызалы кәсіпкер.

«Анаған 60 мың кетсе, мынаған әрі кеткенде — 100 мың кетсе, лібәәә — қалтада бәрібір 200 мың қалад!». Бұл менің ойым. Бір хабарландыру бойынша бара жатқандағы.

Өткенде газетте хабарландыру қарап отырып, осы жұмыс туралы оқығанмын. Тап менің опцияларымды жазып қойыпты!!! Жалақысы — 450 мың, соцпакет-бичпакет — барлығы ішінде! Резюмемді жіберіп едім, лібәәәә — тез жет, ептібайымайд деді.

Барсам — көт тоймайтын херемет офис екен. Хатшы да жоқ: бірден бастық қарсы алды. Салған
Әрі қарай

10-12.02.2012. Астана. Startup Weekend.

  • kazjur
Жаңа aorda.kz сайтына жариялап едім, осындағыларға да пайдалы болар деп тағы да хабарлап отырмын.



Startup Weekend [стартап уикенд] – идеясын бизнеске айналдырғысы келетін жандарға арналған үлкен мүмкіндік. Ақпан айының 10-12 күндері Астанада ұйымдастырылып отырған шараға технологияға қатысты идеясын бизнеске айналдырғысы келетін кез-келген адам қатыса алады.
Әрі қарай