ДЦП ОҒАН ДЕРТ ЕМЕС

Блог - qbusiness: ДЦП ОҒАН ДЕРТ ЕМЕС

2017 жылдың 27 қаңтар күні тараздық жас кәсіпкер Азат Бердіқұлов Алматы қаласына келеді. «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік мектебін жаңа тәмамдаған түлектер кешінде Азат алдағы жоспарларымен бөліспек.
Блог - qbusiness: ДЦП ОҒАН ДЕРТ ЕМЕС
Азат дүниеге келгенде дәрігерлер ДЦП диагнозын қойған. Өмірге құштар жан қиындыққа мойымай, өз бетінше кәсіп ашып, он екі мүшесі сау адамдар жасай бермейтін дүниелерді атқарып жүр. Ол «Бизнес бастау» мектебінің екі айлық курсын тәмамдады. Бүгінде туған қаласы Таразда компьютер жөндейтін маман. Жас кәсіпкер болашақта қайырымдылық қорын ашуды мақсат тұтады. Аяқ-қолы жоқ Ник Вуйчич әлемді өзінің шешендік өнерімен баурап алып, талайдың жүрегіне үміт отын құйды.
Ал Азат икемге келмейтін денесіне қарсы тұрып, ерекше қайсарлығымен қазір аяғынан тік тұрған кәсіпкер. Ол да ертеңіне алаңдайтын, қолымнан ешнәрсе келмеді деп налыған миллиондардарға үміттің сәулесі болары анық.
Блог - qbusiness: ДЦП ОҒАН ДЕРТ ЕМЕС
Құрметті, БАҚ өкілдері, блоггерлер қазақтың осындай қайсар баласы туралы жазып, көпшілікке ой салсаңыздар екен. Осы орайда сіздерді «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік мектебінің түлектер кешіне шақырамыз.

БАҒДАРЛАМА:
17.00 – Түлектер кешінің ашылуы.
17.30 – Түлектерге бизнес мектепті тәмамдағандары туралы диплом табыстау
18.00 – Азат Бердіқұлов сөз сөйлейді.
18.30 – Түлектер кешінің мерекелік бөлімі.
22.00 – Қорытынды.

Ұйымдастырушылар: «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік мектебі және «SapalyQazaq» қоғамдық ұйымы
Байланыс: +7 701 743 25 46 +7 778 410 10 11
e-mail: biznes.bastau@gmail.com
Бөлісу:

1 пікір