«Крупный» балабақшадағы «крутой» тәрбие

КРУТОЙ БАЛА«Өмірдің бір қызығы бала деген,
Баламды оқытуды жек көрмедім,
Баламды медресеге біл деп бердім», –
деп сөздің «бісмілләсін» ақын Абай тілімен бастағанды жөн көрдім. Бала – өмір, тіршілік сабақтастығы. Бала сүю – жұбайлардың арманы. Тоғыз ай толғағы жетіп дүниеге келген нәрестенің қайратты, ақылды, иманды болып бойтүзеуі әр ата-ана үшін маңызды. Ал «оны» кім береді? Баяғы қазақы тәрбие қалғалы қашан. Баяғы дегенде, қайсысы деп ойланып та қалған боларсыз?! Қос қарттың ортасына қосып, кәріқұлақтардың хикаясы мен ертегісі негізінде дана қылу. Ал, бүгінгі «тәй» басқан сәби мектеп жасына келгенше балабақшада тәрбиеленеді. Ата-әжесінің тәлімін алатындар бірең-сараң, нақты санмен дөңгелетіп сөйлетсек 20 пайыздай ғана. Оның басым бөлігі қазақы дәстүрдің бір пұшпағын сақтап қалған ауылды жерлерде.
Ал қаланың «крутой» баласы «крупный» балабақшаға барып жүр. Сондағы көпті білмесе де білген сынай танытып жүрген «айғайшыл» тәрбиеші апайлардың тәлімін алады. Тәрбиеші апай деп қалдым, кешіріңіздер, басым бөлігі сәбидің исін искеп, жаялық ауыстырып көрмеген жас бойжеткендер. Әлгі бойжеткендердің бала тәрбиесі жөнінде айтқан кеңестерін тыңдап көрсеңіздер, шек-шілеңіз қатып, ащы шегіңіз түйіліп қалмасына ешкім кепілдік бере алмайды. Сонда қаланың «Зерелері» қайда жүр? Әлде, оларда «крутой» болып кеткен бе? «Крутой» болып кеткендері де бар екен. Ал біз іздеген «Зерелер» қарттар үйінің тар терезесінен «мен мұндалап» телміреді. «Атаңа не қылсаң алдына сол келеді», бүгінгі «крутой» бала ертең бұдан сорақысын жасамасына кім кепіл?! Үстіңнен шылымның исі аңқып тұрып, аузыннан арақтың «перегары» мүңкіп тұрып «балам шылым шекпе, арақ ішпе» деп ақыл айтқан болса, онда кейін ол баланы шылым шеккені үшін жазалауға құқығы жоқ. Өйткені, «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі».
Мына байғұс, «балабақшаны неге сонша бейшара кейіпке ұшыратты» деп байбалам салатындарыңызды да сезіп отырмын. Бәріне бірдей күйе жаққым келмейді. Әрине, «Зередей» тәрбие бере алатындары да бар. Мәселен, Амангүл Оразбекқызының итшілеп жүріп ашқан жекеменшік Астана қаласындағы «Әкан-ай, бәкан-ай» балабақшасы. Ұлттық болмысымызға сай тәрбие беру – балабақша ұжымының басты мақсаты. Сонымен қатар, тәрбиешілері де қазақ тілін жетік меңгерген, әрі білімді, әрі мейірімді жандар. Өз ісінің мамандары. Осындай балабақшалар саны артса, жоқ, саны емес, дұрысырағы – барлық балабақшалар Амангүл апайдан үлгі алса нұр үстіне нұр болар еді. Өкінішке орай, бұндай балабақшалар қос қолдың саусақ санынан аспайды.
Қара бастың қамын, қалтаның қалыңдығын ойлап балабақша ашып жатқандар саны қаулап өсіп келеді. Бұл «бизнесмен» сымақтарды баланың тәрбиесі қаншалықты алаңдатады? Бұған жауапты мен айтпасам да, әлгілердің әріптесі Астана қаласындағы №25 «Таңшолпан» балабақшасының тәрбиешiсi Әсел Қозыбақова ойын былайша ақтарып салады: «Қазiргi кезде жекеменшiк балабақшалардың барлығы дерлік талапқа сай тәрбие бередi деп ойламаймын. Олардың арасында тәрбие мәселесiн екiншi орынға ысырып, баланың жыламауы мен қарны ашып қалмауын қадағалауды басты мiндетi санайтындары да бар. Әр мекеме өз қаражатымен, өз күшiмен ашып отырғаннан кейiн ойына келгенiн iстемесiне кiм кепiл?» Дөп басып айтты. Иә, мұндай жауапты iстi бастарда заңдастырып барып қадам жасаған жөн. Балабақшаларды әркiм жетегіндегі есегіне айналдырып, оның iшкi iсiне, жұмыс кестесiне қол сұғуы көңілге қонымсыз. Олар ойына келгенін істейді. Балаларға тәрбие беретін тәрбиешілерді қалай тағайындайтынын да білмейсің. Қазақ болса, жақын-жұқының жинайтыны әбден белгілі. Сондықтан, Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитеті осы істі күн тәртібіне алса жөн болар еді. Тәрбиешілерді жұмысқа аларда арнайы емтихан алып, олардың білім деңгейін тексеру керек. Сонымен қатар, олардың жалақысын жоғарлатқан дұрыс. Өйткені, михнаты көп, «шарапаты» аз жұмысты кімнің істегісі келеді? Тоғыз жерге барып, тоғызынан «только» шығара алмаған жұмыссыздар келеді. Тәрбиенің іргетасын қалаушылар ретінде тәрбиешілер орта жастағы, тіпті зейнеткерлікке шыққан апаларымыздың болсын! Бұлар – менің көп ұсыныстарымның бірі ғана.
Тәрбиеші қауымның шамына тиіп отыруымның да өз себебі бар. Осыдан санаулы күн бұрын Астанадағы азын-аулақ жылтыраған балабақшалардың бірталайына бас сұққан едім. Сондағы байқағаным, «крупный» балабақшалар нағыз «крутой» тәрбие беріп жатыр екен. Ауызымды ашып аңырап қайттым. Тіпті, қай бетімді ұстарымды білмеймін. Нөмір бәленбайыншы (нақты атауды жөн көрмедім, өз әлімше сыпайылық танытқаным ғой) қазақ балабақшасына кіріп барғанымда шыңашақтай қазақтың қара домалақ қызы (қателеспесем есімі Әйкерім) «Здраствуйте, дядя» демесі бар ма? Сасқанымнан «Здрасте» деп жауап бердім. Әлгі қыздан «орыс тілін кім үйретті?» деп сұрасам, «біз балабақшада орысша сөйлеуді үйренеміз» деп былдырлап қоя берді. «Әттегең-ай» деп санымды бір соқтым. Байғұс санның да соғар жері қалмады, әбден көгеріп, дұрысырағы ісініп болды. Ісінген жердің іріңдегені жаман…
Жел сөз: Бұл сөздер желдің ығына қарай ШАХ-тың шаһарына жетер, бірақ желдің соңы дауылға айналып әрі қарай өтіп кетпесе болғаны!
Әрі қарай

Ескірмейтін Азиада, ес кірмейтін гимн...



Азиада алауы сөнді. Ойындар тәмам, алтыннан алқа тағындық. Шашамызға шаң жұқтырмадық. Басқа шауып, төске өрледік. Өзге ұлттық құрамалар қосалқы дружиналарымен келсе де, бұл бізге тиесілі жеңістің салмағы мен айбынын мүләйімсітпейді. Тұтас спорт мүшайрасы тосын жағдаятсыз өтуі де абырой. Тек кішкентай бір нәрсе кірбің ұялатып тұрғаны…
Әрі қарай

Азиада әнұраны: Хасанғалиев vs. Крутой



Азиаданың барыс тұмары жайында Бекжан жақсы дерек бере кетіпті.
Әнұраны да бар бұл бәстің. Алып-қашпа әңгіме көп айтылды. Жалпыұлттық мүшәйра жарияланып, Ескендір Хасанғалиев ағамыздың мына туындысы жеңімпаз атанды. Тиісінше, Азиаданың ашылу, жабылу салтанаттарында орындалады деген байлам болғандай еді.



Соңыра Ресейдегі «Жыл әнінде» Роза Рымбаева мен Батыр Крутойдың мына дүниесін паш етті патшакөңіл тыңдарманға:
Әрі қарай