Азиада әнұраны: Хасанғалиев vs. Крутой
Азиаданың барыс тұмары жайында Бекжан жақсы дерек бере кетіпті.
Әнұраны да бар бұл бәстің. Алып-қашпа әңгіме көп айтылды. Жалпыұлттық мүшәйра жарияланып, Ескендір Хасанғалиев ағамыздың мына туындысы жеңімпаз атанды. Тиісінше, Азиаданың ашылу, жабылу салтанаттарында орындалады деген байлам болғандай еді.
Соңыра Ресейдегі «Жыл әнінде» Роза Рымбаева мен Батыр Крутойдың мына дүниесін паш етті патшакөңіл тыңдарманға:
Азиадаға дайындық қызу жүріп жатыр, ашылуына Крутойға қарасты event management компаниясы жұмылдырылды дегенді естуім ғана бар. Ашып, жапқыш ән де Крутойдікі болуы мүмкін екен. Ескендір ағамыз өткенде берген сұхбаттарының бірінде өз әнінің шымылдықты ашып, азиаттар сол әнмен қол бұлғасады деген үмітін білдірген.
Осы апта соңы барлық і-ге нүкте қойып берер. Жай тыңдарман ғана ретінде маған Роза мен Батырдың айтқан әні ұнады. Бірақ көптің талғамы бір жерде түйіспейтіні де бар.
Ниетіңнен айналдым.
Он бес мың деп жын қаққан,
Билетіңнен айналдым…
Долина Маленьких Хулиганов — ДМХ — Мой Казахстан
қайдан тауып жүрсің? қай жылы шыққан? мұны қазір Жақаулар көрсе ұяла ма?
Негізі, маған бұдан гөрі, «Йоу, раз-два, мен шығамын алғалары» қызық еді
Мен арғын деген арыспын
Аузы кере қарыспын»
абылай аса алмаған сары белмін!!!-десем ә