Арманыңдағы зейнетақы туралы сурет түсіріп, байқауға қатыс

«Республика» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ «Менің арманымдағы зейнетақы» тақырыбындағы фотосурет байқауын жариялады. Фототуындылар 1 маусым мен 1 шілде аралығында қабылданады.

Үміткерлердің туындылары зейнеткерлік кезең, зейнеткерлер, зейнеттегі
Әрі қарай

Алматының Орталық мешіті балалар арасында сурет конкурсын жариялады

Алматы қалалық Орталық мешіті балалар арасында «Қазақстан мешіттері» атты сурет конкурсын жариялады. Конкурс балалар күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.
«Конкурстың басты мақсаты — балалар назарын исламға аудару»,- дейді мешіт өкілдері.
Әрі қарай

Жас журналистер мен жас карикатурашылар арасында байқау

Бәйгеге барыңды сал, жас қалам!
Бас жүлде — 150 мың теңге

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Нұр Астана» республикалық жастар апталығы Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша Астана қаласының жастар саясатын қолдау мемлекеттік
Әрі қарай

Jive ДЖАЙВ биі

Джайв биі АҚШ-тың оңтүстiк-шығысында XIX ғасырда пайда болды.Ол негрлер биі болып саналса да, Флоридадағы үндiстердің әскери биі деген болжам бар және де негрлер оны Африкададан Америкаға әкелген, содан соң үндiстер билей бастады деген де болжам
Әрі қарай

Көмек.

Туй, кешіріңіздер, өткенде қазақша үлгідегі хиджаб тігу конкурсы туралы пост бар еді, таба алмай отырмын(( Тауып беріңіздерші, сосын өшіре саламын
Әрі қарай

Патик, Қисық сендерде байқамадыңдар ма? ;)

Тағыда блог курылтай жайлы :)

Cұрақ туындап тұр: Презентация жасаймын деп тіркеліп, блог құрылтай күні келмей қалған жандар болды ма?

Мен тіркелген адамдар тізімінен Дидар кинофестивалінің сайты админі(Админі қазақ аруы, аты-жөні есімде жоқ кешіріңіздер) презентация жасайтынын көзім шалып қалған етін. Со күні(19-20 науырзда) бірақ презентация болатын бағанан(таблица) ұшырастырмадым. Презентациясына барғым келіп еді…
Әрі қарай

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс)

Осындай қауымдастық ашқым келеді. Бәрімізге реалда белсенділікке итермелесін деп, осындай конкурс жариялағым келеді.
Реалдағы белсенділік, блогымыздағы мәтіннің де мазмұнын түрлендіріп, одан әрі қызық етеді.
Әйтпесе, талқылайтынымыз кілең интернетке қатысты дүние, интернеттен көрген кино, интернеттен оқыған жаңалықтар, егер реал туралы жазсақ, көбіне ностальгия түрінде тек ескіні еске аламыз да қоямыз.
Бұл сайыс блогосфераға жаңа дем беріп, реал өмірді де қызыққа толтырады деп ойлаймын.

Қауымдастыққа әркім реалда қандай жақсылы-жаман іс бітіргенін есеп беру мақамында жазса, ештеңе бітірмегендер жазбаса да болады.

Мақтану алаңы боп кетпей ме? — дейтіндерге айтарым, ия сондай-ақ бола қойсын, бірақ түбінде қауымдастық әр қайсымыз реалда істеген тірлігімізге көбірек көңіл бөлуге талпынамыз.
Өтірік соғу-соқпауы әр адамның санасы мен ұятына жүк болсын.

Осындай қауымдастық құрып беріңдерші. Өзімнің қор болғанда рұқсатым да жоқ екен қауымдастық ашуға.
Әрі қарай