Жас журналистер мен жас карикатурашылар арасында байқау

Бәйгеге барыңды сал, жас қалам!
Бас жүлде — 150 мың теңге

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Нұр Астана» республикалық жастар апталығы Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша Астана қаласының жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорымен және «Елорда» жастары қоғамдық ұйымымен бірлесе отырып, жас журналистер мен жас карикатурашылар арасында байқау жариялайды.
Байқауға ұсынылған мақалалар мен карикатуралар үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанына дейін қабылданады. Тек 30 жасқа дейінгі жас журналистер мен суретшілер қатыстырылады. Қатысушы компьютерде терілген («Times New Roman» шрифтімен, 14 өлшемді қаріппен, 1,5 жоларалығымен басылған) көлемі 4-5 беттен аспайтын материал жолдауы керек. Ұсынылған мақала немесе карикатура бұрын жарияланбаған болуға тиіс.

Байқаудың бәйге қоры: 1-орын — 150 000 теңге;
2-орын (екеу) — 100 000 теңгеден;
3-орын (үшеу) — 75 000 теңгеден;
Ынталандыру сыйлығы (бесеу) — 50 000 теңгеден.

Қазылар алқасы тарапынан очерк, талдау мақала, репортаж жанрындағы дүниелерге басымдық берілетінін айта кету керек. Қабылданған материалдар «Нұр Астана» газеті мен басылымның ғаламтордағы «Nurastana.kz» сайтында жарияланады. Байқау қорытындысы 2011 жылдың 16 желтоқсаны — Тәуелсіздік күні шығарылады.

Мақалалар мен карикатураларды «Байқау: Тәуелсіздік-20» деген белгімен мына мекен-жайға және электронды поштаға жолдаңыздар: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 25-үй, 310-бөлме. «Нұр Астана» республикалық жастар апталығы. E-mail: 2004@nurastana.kz
Байқаудың ережесімен толығырақ «nurastana.kz» сайтында таныса аласыздар.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше