Өнертапқыштар

Адамзат жерде жүретін, аспанда ұшатын көліктерді де, қарапайым өмірде қажетті тұрмыстық техникаларды да ойлап тауып бітуге таянды-ау деймін. Дегенмен, біздің жұмыстың жұмысшылары (бізде әкімшілік, артистер және қара жұмыс иелері деп үшке бөлінеді) бұған бола жасымапты.Шатырдағы қарды күреудің заманауи әдісін тапқан секілді. Бұның алдындағы қыста шатырдың профлистісін, қара қағазын жырта-жырта бастықтардан сөз естіген сабаздардың біреуінің басына тың идея келе қалыпты. Олары сәтті түрде жүзеге аса бастаған. Неге аса бастаған? Тоқтала кетсек, соңғы кезде Қарағанды аймағында қар нормасынан көп жауып жатыр. Біздің үлкен ғимаратың шатырын тазартып шығудың өзі қиямет.Тұңғыш президентіміздің күніне байланысты демалыстан соң шатырдағы қарды аршудың арты біраз адамның артының ашуымен аяқталды.
Сейсенбі күні жұмысқа келсем кабинетімде су тобықтан. 5-ші "ұрпақтық" компым жылап тұр. Монитор мониторға емес аквариумға айналып кетіпті. Тағы басқа 3 кабинет осы күйді кешіпті. Бас инженер себептің бәрін күннің жылып кетуінен көріп отыр. Бірақ, біз де ақымақ емеспіз. Пәленің ұшының қайда екенін білеміз. Қар аршуға ерінген жұмысшылар ұзын әрі жуан шлангылар арқылы шатырдан жоғарыдан төмен қарай ыстық су ағызады екен. Ыстық судың күшімен ерігені бар ерімегені бар барлық қар төмен қарай аға береді, құлай береді. Жаңбыр жаумай су болдық, обшым…

сурет сілтемесі
Әрі қарай

Қыздар ғана кіретін кабинет

Бірінші курста ағамның үйінде жатып оқыдым. Екінші курста «Әй дейтін әже, қой дейтін Қожа жоқ» еркін өмірге қызығып жатақханаға шықтым. Жатақханаға шығу үшін медициналық тексерістен өтеді екен. Салып ұрып емханаға келдім. Тіркеу бөлімі тексерістен өтетін кабинеттерді бір парақ қағазға жазып берді. Бір уақытта құрбым Қарақаттың бауырын көзім шалып қалды. Ол бірінші курсқа енді кеп жатқан. Не істеп жүрсің деймін үлкенсіп. Мен де жатақханаға орналасайын деп едім дейді бала. «Кәне көріп жіберейін, қағазыңды бер. Саған бір кабинетті жазуды ұмытып кетіпті. Менде төртеу. Сенде үшеу. Ештеңе етпейді, бірге өтеміз. Менен кейінгі кезекпен кіресің»,-дедім ширақтық танытып. Кезек күтіп тұрмыз. Кілең әйел. Мына бала менен кейін деп қоям. Жұрт адырая қарайды. Сұрастырсам, кабинетке кіру үшін жаялық керек екен. Ақша бердім де, өзіңе, сосын маған алып кел деп әлгі баланы жұмсап жібердім. Кабинетке кіргенде бірақ білдім ғой! Баланы есік алдына тастап зыттым. Содан оқу бітіргенше Қарақаттың бауырынан қашып жүрдім. Ауылда іш ауырса да, тіс ауырса да баратының бір дәрігер. Қайдан білейін, қыздар ғана кіретін кабинет болатынын. Сөйтіп есейгенім бар.
Әрі қарай

Аты жоқ өлең

Төрт қабырға…
Кабинет терезесі
Түңлігі жоқ,
Жоқ мұның керегесі
Сыйламайды жаныма жайлылықты
Жұмысымның қашады берекесі.

Төрт қабырға…
Қараймын терезеден
Нені көріп мен бұдан нені сезем
Қайран менің бабамының киіз үйі
Алыстады ұлдарың неге сенен?!

Жайлы орындық
Жылы жер мекеніміз
Көктем туып кезекпен өтеді қыс
Тағылықтың тамшысы қанымдағы
Белгісіз қанша ұрпаққа жетеріңіз?!
Әрі қарай