Ауылдағы триллер. "Ұрлық түбі - қамау"

«Егер Шиваны күлдіргің келсе, оған болашақ жоспарың жайлы айтып бер ©»

Блог - Ispek92: Ауылдағы триллер. Ұрлық түбі - қамау

Күз мезгілі. Шамамен біздің заманымыздың XXI ғасыры енді еніп келе жатқан кез. Қазалыдағы ең жаңа мектептің бірі № 59 мектептің есігінен түс уақытында алтыншы сыныпта оқитын бір топ оқушы шығып келе жатты. Жүрістері жайбарақат, ешқайда асықпайды. Түрлерінен ешқандай суықтық байқалмайды. Қайтар жолды тарам-тарам тармаққа бөлетін жолайрыққа келген соң оқушалар бөліне бастады.
Әрі қарай

Жүк түсті

1 жыл бұрын достарыммен отырғанда «Дидар мен Мұратты еске алу керек еді. Не істеуге болады?» деп әңгіме бастаған едім. Іліп әкетіп «Футболдан турнир өткізейік» деді. Құп көрдік. 2-і де сыныптастардың ішіндегі жайдары да, еңбекқорлары еді. Дидар — батырлар жырының бәрін жатқа білуші еді. Сол үшін оның атына термешілер мен жыршылар байқауын өткізбек болдық. Алайда, шенеуніксымақтар пайда тапқысы келіп, ұйымдастыруға ақша сұрайды ғой баяғы. Содан шамамызға қарап футболды ғана өткізбек болдық. Осы демалыстарда өткен шарадан фотобаян. Бағалай отырыңыздар. (Фотоаппарат әуесқой)
Достар
Осылай басталды
Айдос
Ұйымдастырған осы досым.



Құран оқытып, ниет қылдық

Достарымыздың келіншектеріне рахмет. Зыр қағып қызмет көрсетті







Ойындар осылай өтті

Аманкелді орта мектебі — жеңімпаз

Медальді тексеріп көріп жатыр

Чемпиондармен суретке түстік

Суретке түсірген осы бала. Көрсеңдер бетіне түкіре жүріңдер)))
Әрі қарай

Мектеп демекші...

Мектепте өте тәртіпті, ұлгілі балалардың қатарынан болдым. ҰБТ тапсырып шыққанымша темекі шекпедім, алькоголь қабылдамадым.
Бірақ ҰБТ-ның қорытындысы шыққан күні бұрын ішіп көрмегеніміз бар, ішуді қойып кеткендер бар обшм ұлдардың барлығы жиналып алып, Қарли үйінің қасында(дүкенші) 2 литрлік баклашкада пиві сатып алып жуғанымыз бар.
Ішердің алдында аздап опытныйлардан ақпараттанып аласың ғой "Қалай болат?", «Мас болып қалмаймын ба?» деген сияқты. Сонда біреуінің «К… ке тебе бастаған кезде, көзіңе барлығы қосқостан көріне бастайды» демесі бар ма… Содан әр ұрттаған сайын столбыға қарап нмесе айға «нешеу» деп қарап отырушы едім. Екеу-үшеу бола басағанда тоқтай қалатынмын. Алғашқы тәжірбием сәтті болып, әлі күнге дейін кондициядан шықпаймын)))
Сол күні кейбір вундеркинт балдарымыз доканца ішіп, қуып кетті. Жерде жатқан бұтақ бөрене болып елестеп, секіре бастады.
Екі аяқпен кіресің, төрт аяқтап шығасың
немесе
әліппе ұстап кіресің, бөтелке ұстап шығасың
 
Бұл басым тарихтан берген, маңдайында дәу меңі бар ағайдың шалбанын әлі помнит қой…
Бұл басым математикадан берген, әрі сынып жетекшіміз болған тәтиімнің агрессиясын әлі ұмытпайды. Ара -тұра тақта арқылы, басымыздың қуыстығын, ми тығыздығын, бас сүйегіміз арқылы тақтаның беріктігін тексеріп алатын. Соңғы қоңыраудың сыңғырынан бұрын, сол ұстазымыздың әр анықтаманы айтып бергеннен кейін міндетті түрде қойылатын «Неге?» деген сұрағы құлақта әлі жаңғырып тұр. Бірақ өз басым осы ұстазымды қатты сыйладым. Қанша қатал болғанымен адамгершілігі мол, сабақ үйрету әдісі ерекше болатын.

ПыСы: Биыл мектеп бітіргеніме де 5 жыл болып қалыпты
Әрі қарай

Неге мен осындаймын

«Неге мен осындаймын деген гностикалық сұрақтар мазалай ма?» деген еді Сатыбалды екеуміздің жария болмаған бір сұхбатымызда.
Шынымен де, неге мен осындаймын?

Әке-шешем маған генімен бірге иықтылық пен сүйкімді күлкімді берді (бәрі солай айтады, білімге құштарлықты берді. Сыпайылыққа үйретті. Бірақ сол сыпайылықтың таяғын да біраз жеуші едім. Сол үшін сыпайылықты жау деп есептей бастадым. Бала кезде ойқастап, ерке болған мен жасөспірімдік кезде, күрт тұйық бола қалдым.
Әрі қарай