Сағыныш

Жампозым мен Жігерімнің Ақтөбеге кеткеніне бір апта болды. Сағындым, шынымды айтсам. Тіпті түнде ұйықтай алмайтынды шығардым. Бір жақсысы — енді тек бір күн шыдау керек. Ертең келеді.
Әрі қарай

Ерлі-зайыптыларға арналған ескертулер

Қоғамдық орнында бір ерлі-зайыптылардың ұрсып отырғанын естідім. Сондағы әйелдің еріне жанжал шығарып отырғаны, недәрі сен менің бір айтқанымнан тұріп кете салмадың, неге жалпайып отырып алдын сол жерде деген сөздер (бір жиыннан келе жатса керек), әрине тек бұл ғана сөздер емес жанжал ары қарай өрбіп ерінің жалпы бұл өмірдегі барлық осалдықтары да еске тісірілді, неше түрлі сөздер айтыла бастады. Сонда да ана еркектің шыдамдылығына тиісінше баға беру керек, өз өзін үстай білді «Қой деймін, болды енді» деп арасында боқтап қойғаннан басқа ештене істемеді, іші қайнап отырғаны, бізден қымсынып отырғаны байқалып түр. Мен сол кезде ойладым: мен болғанда ана әйелдің ондай ашты, ауыр сөздеріне шыдар едім ба, ол еркек түгілі менің құлағыма қатты тиіп, сүйегімнен өтті. Әй, үйіне жеткенде әбден таяқ жейтін шығар, мына еңгезердей еркектің соққысының астында қалатын шығар дедім ішімнен. Сондағы ана әйелге бір жағынан жаным ашып отыр, екінші жағынан енді өзін осыны тілеп алғандай, нең бар еріңнің абыройын көпшіліктің арасында түсіріп дегендей…
Әрі қарай