Бейсенбі

Бейсенбі көзін тырнап ашты. Алагөбе таң бозара атып келеді екен. Бірден жұқа көрпесін сілкіп тастады. Сонсоң түнде жартылай сау баспен оқып бітірген, иығында қалып кеткен кітапты сол ашық күйінде жанындағы сөреге қойып, басын ұстап үнсіз отырды. Әрине, үнсіз; ояна салып, өзімен-өзі бірдеңе деп сөйлеп кеткені қызық болар еді.
Бейсенбі асықпай басып, балконға шықты. Арзанқол темекісін сіріңкемен тұтатты да, құшырлана сорды. Кешегі күннен бір белгі – алкоголь аңқыған (иә, сасыған емес, аңқыған) ауызына салыстырмалы түрде тың иіс енді. Ұртында — екі зұлматтың аралас қоймалжыңы; айғыз әйнек пен тор матадан тып-типыл аулаға үнсіз қарап тұрып қалды.
Әрі қарай

Астананың ең экстремал кафелері



Кейде адамның делебесі (мүмкін адреналин сөзінің қазақшасы осы сөз болар?) қозып, басына және тасына оқиға іздейтін кездері болады. Астана тәртіпті қала, ұрынатын адам табу оңай емес. Дегенмен астаналық гастарбайтерге өз Отанын сағындыртпайтындай жерлер де жоқ емес әрине. Іздегеніңіз төбелес пе, шатақ па, дау-дамай ма? Арнайы сіздер үшін Елорданың ең экстрим мекендерін іздестірдік.

Ақжайық кафесі.
Вокзал маңындағы осы бір кафе сізге Астана атмосферасына бірден еніп кетуіңізге рұқсат бермейді. Әлі вокзал-пойыз ауасымен демала тұрып, осы кафеге кіріп, өзіңізді әлі өз қалаңыздай сезінесіз. Жылы арақ, тұрып қалған сыра, резіңке шашлық және арзан бағалар сізге бірден қымбат Астана аурасына кіруіңізге рұқсат бермейді. Жиналған контингент те сіз сияқты түрлі жерден келгендер болғандықтан бір-біріңізге жаман көзбен қарауыңыздың өзі конфликттің сәлден кейін басталатынын білдіріп тұрады. Кетерде есік алдында темекі тартып тұрған жігіттерден де несібеңізді ала кетіңіз.
Әрі қарай