Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды



Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды. Қарашаның 13 мен 16 аралағанда өтіп жатқан жарыста 14 облыс пен үш мегаполистің спортшылары бақ сынауда. Олардың сапында халықаралық аренада ел абыройын асқақтатып жүрген дзюдошылар да бар. Әр бірі жеңіске жетуге ынтығып, үздік нәтиже көрсетуде.

Ел біріншілігіне 500-ге тарта спортшы қатысуда. Олар 14 салмақ дәрежесі бойынша кіл мықтының ішінен ең үздігін анықтайды. Әр облыстың баптаған тұлпарлары дара танылып, татамиде мүмкіндігін байқауда. 3 күндік қорытынды бойынша медальдар санымен Маңғыстау облысы көш басында. Қоржында 3 алтын 2 күміс 1 қола

Ел біріншілігінде жеңіске жеткендер ұлттық құраманың сапына еніп, халықаралық жарыстарға жолдама алады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Астанада 100-ден астам дзюдо секциясы жұмыс істейді. Қатары 2019 жылы 85 секциямен толығады

Елордада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты аяқталды

Қазақстан біріншілігіне барлығы 437 дзюдошы қатысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 13-16 қараша аралығында елорданың «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті. Төрт күнге созылған байрақты бәсекеге еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 437 дзюдошы қатысты. Нәтижесінде, Қазақстанның жекелей Чемпионатында Алматы облысының дзюдошылары 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен жалпы командалық медаль кестесінде көш бастады. Ал Маңғыстау облысының құрамасы 3 алтын, 2 күміспен екінші орынға жайғасса, Қызылорда облысының құрамасы 2 алтын, 3 күміс, 5 қола жүлдемен үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлады Қазақстанның Дзюдо федерациясында. Жарыстың соңғы күнінде Қазақстанның аралас командалық Чемпионаты өтті. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес дзюдошылар аралас командалық сайыста бір командада 6 салмақ дәрежесі (әйелдер: -57 кг, -70 кг, +70 кг, ал ерлер -73 кг, -90 кг және +90 кг) бойынша белдесті. Аралас командалық сайыста Атырау облысының құрамасы жеңімпаз атанса, Ақмола облысының татами шеберлері күміспен күптелді. Ал Жамбыл облысы мен ШҚО дзюдошылары қола жүлдені қанағат тұтты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі astana.gov.kz/kz/news/news/16701

БІРІНШІ КҮН ЕКІНШІ КҮННЕН ӨЗГЕРЕК

Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының жекелей белдесулері аяқталды. Өкінішке орай жарыстың екінші күні алғашқы күндей болмады. Дегенмен қоржынымыз 3 қола, 1 күміс жүлделермен толықты. Азия чемпионатының қола жүлдегерлері: Әзиз Қалқаманұлы(81келі), Максим Раков(-100келі), Ержан Шынкеев(+100 келі) болды. Ал финалдық белдесуде Гүлжан Исанова(+78 келі) кореялық қарсыласына шамасы жетпеді. Осы кеште күрескен тағы бір отандасымыз Альбина Амангельдиева болса қола жүлде үшін болған белдесуде қарсыласына жол беріп, бесінші орынға табан тіреді.
Екінші жарыс күнінен кейін жапон дзюдошылары командалық есепте көш бастады. Олардың еншісінде 4 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль, екінші орында моңғол балуандары олар осы біріншілікте 4 алтын, 1 күміс және 6 қола болса, үшінші орында Қазақстан құрамасы, еншімізде 3 алтын 2 күміс және 4 қола жүлде бар. Жарыс қожайындары өзбек ағайындар болса жетінші орында, еншілерінде 3 күміс және 3 қола медаль бар,
Ертең, яғни үшінші жарыс күнінде командалық бәсекелер өтетін болады. Жерлестерімізге сәттілік!
Әрі қарай