Астанада дауылды ескерту жарияланды

Жақын күндері елордада ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бейсенбіде «Қазгидромет» Қазақстанның бас қаласында дауылды ескерту жариялады. «Астанада 21 және 22 желтоқсанда ауа температурасы түнде -30...-32 градусқа дейін төмендейді. Дауылдың ықтималдылығы 90-95% құрайды», — делінген синоптиктердің хабарламасында.

Астанада дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжауынша ертең елордада боран соғады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты «Қазгидрметке» сілтеме жасап.

«19 желтоқсанда жаяу бұрқасын жүріп, солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с жетеді. Дауылдың ықтималдығы 95-100 % құрайды», — делінген хабарламада. Ал Ақмола облысының кей жерлерінде 19 желтоқсанда тұман түсіп, боран соғады деп күтілуде. Солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші15-20 м/с жететін болады.

Әлемдік сипаттағы алғашқы қазақ дауылы "Масаң Нұрберген" метеорология тарихына енді

Менде бір керемет сюжет бар...: Әлемдік сипаттағы алғашқы қазақ дауылы Масаң Нұрберген метеорология тарихына енді
Өткен аптада еліміздің батыс аймағын, Ресейдің Астрахань облысын, Әзірбайжан және Иран жағалауларын әурелеңге түсірген сұрапыл дауылға «Масаң Нұрберген» аты берілді. Синоптиктер дауылдың жылдамдығы сағатына 14.5 шақырымға дейін жетіп, Каспий теңізінде биіктігі 1-1.3 метрлік толқындар көтеріледі деп болжап отыр. Атырау қорқыныш құрсауында. Облыстың төтенше жағдайлар қызметі тас-түйін дайындалып жатыр. Тамадалар тойларын, балықшылар арақтарын, облыс орталығына қатынайтын таксистер рейстерін шұғыл түрде тоқтатуға мәжбүр. Автокөліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер де уақытша жабылуы мүмкін. Бүгін облыстың танымал синоптигі Ақсел Көшімхан шұғыл жиналысын өткізіп, табиғаттың төтенше мінезіне қарсы дайындық шараларының барысын пысықтады.

Ақсел Көшімхан:
— Алдымен баршаңызды осындай сұрапыл дауылға қазақша ат беріліп, әлем метеорологиясы тарихына енуімізбен құттықтағым келіп отыр. Әлемде мұндай оқиғаларға атты кім, қалай берілетінін білмейміз. Дегенмен біз осылай атауды жөн көрдік. Дауылдың мінезі дәл сондай еді, масаң кісінің мінезіне ұқсайтын. Дауыл бір көтеріліп, бір түсіп, бір кетіп қалып, қайтып келіп, арасында жаңбырмен «жылап» та алды. Басқаша атауымыз мүмкін емес еді. Жалпы желді, дауылды аймақпыз ғой. Болашақта да бірнеше қазақша дауыл аты шығады деген ойдамыз. Қазірден демеушілік қаражаты аударылып, ұсынылған аттар бар. Мысалы «Серпінді Серікқали», «Сықи Қаршыға», "Әйгерім", «Жылауық Нұржамал», «Мәди» сияқты аттар біздің орталыққа келген өтініштердің бір қатары. Әлбетте ұсынушылардан демеушілік жарна алынады. Дауылға дайындық туралы айтар болсақ, жалпы үй құлататындай қатты дауыл емес. Сонда да төбесі дұрыс жабылмаған үйлердің шипры ұшуы мүмкін, малқоралардың да құлауы ықтимал. Байқас болайық ағайын!
Әрі қарай

Жаңбыр,жаңбыр жау,жау, қара биені сау,сау....

«Сәуір жаумай тәуір болмайды» деуші еді үлкендер. Мамырдың бас жағында жауын жауды норма болатын шығар енді. Айтайын дегенім мынау еді.
Бала кезімізде жаңбыр жауса «Жаңбыр, жаңбыр жау, жау, қара биені сау, сау....» деп айқайлайтынбыз. Неге олай айқайлайтынымызды әлі түсінбеймін)))
Дауыл соғып, құйын болса «Таздың үйіне бар», «Пышақ әкел, балта әкел» деп айқайлайтынбыз. Бұның бәрі алдымыздағы үлкен балалардың айтқандарын қайталаудың әсері. Бірақ, бастауы қайдан шыққанын кім білсін.
«Самалет--ау, самалет, мені өзіңмен ала кет» деген тіркес түсініктілеу енді. Самалетке мініп ұшқысы келмейтін бала болушы ма еді?
Әрі қарай

АҚШ-та дауыл

АҚШ-тың шығыс жағалауларларының тұрғындары әбігерге түсіп жатыр. «Айрин» деп ат қойған дауыл тым күшті деседі. БАҚ-ының ақпараттарына сүйенсек Нью-Йорктан бастап тұрғындар жаппай көшірілуде.(Уақытша әрине) Қазірге дейін 9 адам қаза тауып, 1 млн. адам жарықсыз қалған. Торнадо жолындағы аймақтарға ұшақ, темір жол, автокөлік қатынасы тоқтатылған. 7 штатта төтенше жағдай жарияланған. АҚШ президентінен бастап қарқыны ең қатты дауыл деп жаһанға жар салды.

Кешелі бері БАҚ-ы мен блог беттері осы дауыл туралы талқылауға толы. Орыс тілді сайтқа пікір қалдырған біреу "Құдайдың қаһарына ұшырағандарға осындай жаза беріледі" деп қойыпты, енді біреуі "Әлемдегі жаманшылық, соғыс, басып алу сынды "қара" нәрселердің барлығы АҚШ-тан шығып жатыр. Жазасын алсын" деген пікір білдіріпті.

Айтпақшы өткенде бір кітаптан көзім шалып қалды, (автобуста біреу оқып отырған кітап еді, арасында ұрланып бірер абзацын оқып қалдым. Өкінішке орай кітап атын біле алмадым. Ана кісінің беріліп оқығаны соншалық, мазалауға ыңғайсыздандым))), КСРО мен АҚШ арасындағы ғарышқа ұшу туралы текетіркес кезінде АҚШ КСРО ғарышпен алдап, назарын аударып қойып, мұхитты терең зерттеуге кіріскен. Сол зерттеу әлі күнге дейін жалғасуда.Ол зерттеу бойынша теңіз астында жасанды жер дүмпуін жасау арқылы, дауыл тудырып, сол дауылды белгілі бір бағытқа бағыттап отырмақ болған. Өкініштісі сол АҚШ-тың мұхит суларын басқару арқылы әлемнің түрлі аймағында апат тудырамыз деген бұл ойлары сәтсіз жүзеге асуда. Сәтсіздігі сол зерттеушілер АҚШ жағалауларынан белгілі бір бағытқа дауыл бағыттағысы келеді, алайда ол әлі күнге дейін сәтсіз жүзеге асуда. Бақылаусыз кетіп, АҚШ жағалауларында ғана соғады, сондықтан АҚШ жағалауларында жиі дауыл соғады, деген әфсана айтылған. Өз басым сене алмадым.
Әрі қарай

"Долы дауыл" қаламыздың көркін бұзды


Бүгін түскі уақыт шамасында Алматыда нөсерлеп бұршақ аралас жаңбыр жауып, дауыл тұрды. Нәтижесінде ағаштар құлап, бірнеше үйлердің терезесі сынды. Жаңбырдың нөсерлегені соншалық көп қабатты үйлердің подъездерінің ішін су алып кетті.
Әрі қарай