Үш апта бұрын тапсырған сессиялық емтиханда қызықты тесттердің бірі «Мәдениетаралық қарым-қатынас теориясына кіріспе» пәнінен болған шығар. Содан қысқаша үзінді, алып-қосқандар да бар:
Көп гүлдің ішінде, көп сыйлықтың арасында ең қымбаты себепсіз гүлдер. Ойламаған жерден, тосын сый боп, күтпеген адамнан келген бір шоқ сәлемдеме ерекше ыстық сияқты. Міндетті түрде романтикалық астары болуы қажетті емес, әрине. Кей уақыт,құр, қараптан қарап біреу ықыласын білдірсе, достық сезімін айқындаса, тіпті кезінде тұтанған, бірақ лап етіп жанбай қалған сезімннің белгісі ретінде сыйға гүл жіберсе есте де, жүректе де қалады екен.
Болмай қалған, бұйырмай қалған сезімнің қалдықтары шығар. Біреуге жар, біреуге әке болып үлгерген адамның есінде әлі де бар екенмін. Рахмет, мачо.
Сәлем, Әлем!
Тақырыпқа қарап «Күншығыс елінің флорасын теріп кеткен болды» деп ойлап қалмаңыз, бірақ АйжанТабынның ізімен ол елдің де гүлдеріне назар аударайық!
Жолай бір гүлдер дүкеніне соққанымызда мына құмыралар ерекше әсер етті, бізде бұлай үйіп қоймайтын сияқты
Мынау — балмұздақ! @satibaldi "Қайтем, нақ!" деуі мүмкін, бірақ сіз дәмін көрмеген боларсыз, бал! Ал дайындалу жолы? — сырты кәдімгі блинымен қапталған, оны сатушы көзіңше дайындайды, ең бастысы арнайы каталогтан және витринадағы суреттерден қалағаныңды меңзесең болды, ол лезде ожауымен арнайы қамырды жалпақ пешке құйып, жұлынбаған, жыртылмаған әп-әсем блиныды дайындап шығып, дайын өнімді қолыңа ұстатады.
Кештің сәні бүгінгі пати болу керек деп қол ысып отырғам жұмыста :) бірақ тел. звоногы бірден баратын бағытты ауыстырып жіберді, КазГУдың студенттер сарайында Бахытжан Жұмаділовты еске алу кеші екен. Билет қолда, неге бармасқа деп сол жаққа ұшып кеттім. Негізі пробкадан, тура уақытында жетсекте, еске алу кеші тура 30 мин. кеш басталды(( Ужас тойында кешіксін, қонақта кешіксін, мынау үлкен залда кешігу деген ұят тірлік қой ағайын, біздің алдымызда көп орын алды жақта бос болып еді, «жүр кеттік, алдыға отырамыз» деп халық тағы сабылды :(