Қиял МАХАББАТ

Еркелеген үмітім үкіленген
Еркелесең ғажайып бір күйге енгем.
Елітіп бар еркімді алып қойдың
Виртуалдық сезім деген осы ма екен...?

Виртуалды ешқашан мойындамай
Жүруші едім бұл жерді ойыма алмай.
Үйленбеген жас баладай қобалжимын
Реалға жетпей жатып бұным қалай?

Сеземін реалда да кездесерміз
Жазбаймыз ол кезде біз сөйлесеміз.
Айтуға сөз жетпеген жағдайларда
«Басқаша тілдермен де» түсінісерміз.

Түсінерміз бір-бірімізді ымдасақ та
Бір үмітке бір үмітті жалғасақ та
Сеземін, сол себепті күтіп жүрмін
Кездесердей елде жоқ бір ғажапқа…

Сөкпеңдер, жүрегі дүк*дүк етіп жүрген жігіттің келісімімен қойдым.  
Әрі қарай

«Иә» деші…



Блогыңды жұмыстастарың оқып жүрсе қандай сезімде боласыз? Көбісі өзін ашқысы келе бермейді. Жазбаларыңда сенің ішкі «менің» сайрап тұратыны бар емес пе?! Жұмбақ күйді кейбіріміз паш ете бергіміз келмейді. Бірақ кеңселес көршілер алдымен блогыңызды оқып ап, кейін coffee room’да сізді ұсақ-түйегіңізге дейін сканнерлеп тұрса… Жайсызданасыз ба?
Әрі қарай