Атам туралы естелік

Блог - Arys_arlany: Атам туралы естелікБылтыр жазда еңбек демалысқа шыққан уақытымда жазылған. Ауылға барған соң аздап сырқаттанып жатып қалғаным бар. Сол уақытта біраз кітаптарды ақтарып едім. Жаныма жақын болған біреуінен қысқа естелік.
Қолыма ілінген кітаптің бірі Қайыржан қажы Макиннің «Біз қазақпыз» атты еңбегі болды. Кітаптің алғашқы беттерін ашып оқи бастағаннан-ақ бұрыннан естіп, көріп жүрген дүниелерді неге қайталап сала берген, осыны да кітап деп жазып отырма деген ойға қалған едім. Бірақ, кітаптың атауы «Біз қазақпыз» деп өзіне тартты да тұрды.
Әдептілік турасындағы, әдеп-ғұрпымыздан сыр шертетін тұсына келгенде қызыға түскендеймін. «Қазақтың ата-әжені сыйлау» атты тақырыбына келгенде, тіпті көз жасыма ерік бердім.
«Атаның «Айналайын», «садағаң болайын» деген сөздері оның ұрпағы үшін жанын да аямай, құрбандық болуға даяр екендігін көрсетеді».
Ауылыма көңілімді тартып тұратын елестің бірі Атамның «Айналайын Арыштаным деп» оты сөне бастаған жанарындағы туындаған ерекше нұрмен қарауы, қос бетімнен кезекпен сүйіп, ал мен өз кезегімде жарқыраған маңдайынан иіскеп тұратын сәттер еді. Төсекте ұйықтап немесе газет-журнал оқып отырған сәтінде кіріп келіп «Ассаламауғалейкум» деп айғайлай сәлем беріп, селк еткізуші едім. Қос қолымды ұсынып амандасқанда, әлі қайтқан қолдарымен өзіне тартып сүймекші болғанда, талай мәрте бетімді тосып, еңкейіп едім ау. Осылайша Ата мен бала махаббаты Арыс ауданының шалғай бір ауылында өрбуші еді.
«Ет жүрегі елжіреп, ұрпағының амандығы мен жақсылығын бақыт санайтын атаны ардақтап, оның алдынан қия өтпей, айтқанын орындау, атаға қашан да қамқорлық жасау, қиындықтан қымсынбай қызмет көрсету – сенің адамгершілік парызың».
Қазір адамгершілік қағидалар туралы сыни пікірлер көп айтылады. Енді оны жолға салудың түрлы жолдарын ұсынамыз деп, бұрынғы жаттанды сөз тіркестерын будақтады. (Тәрбие, мектеп, ұстаз, ата-ана) Менің ойымша адамгершілік, жанашырлық қасиетті бірінші өзіңнің бойыңнан көрсетіп, үлгі көрсету керек. Өзге түгілі өз бауырларымның жанашырлық қасиетін туындата алмағаным менің үлкен кемшілігім деп ойлаймын. Жаңа жылдан кейінгі кезекті жұмыс апталығы соңындағы демалыс күндерін пайдаланып, ауылға бардым. Амандық-саулықтан кейін, Атамның жүзінен абыржулықты байқадым. Өздігінен зорға тұрып, кіріп-шығып жүрген атамның кешкісін мәсісін шешіп қарасам, сұмдық болып жатыр екен. Сонда барып білдім. Үйдегі үлкен ағамның соншалықты безбүйрек болғаны ма? деген сұрау жаныма батты. Дереу жылы су даярлап, аяғын жамға салып, әбден күстенген аяқ саусақтарын жібітіп, тырнағын алып, тазалап жуып, жылы орап төсек орнына жатқыздым. Ертесіне үйдегі моншаны жағып, шашын алып, сақалын бастырып, шомылдырып, киімдіріп едім, нарттай бозарып, сүйкімді қарияға айналып шыға келді. Түріне қарап күліп алып едім. (Сақалын бастырам деп, ортадан сәл ауытқытып алып, соны теңестірем деп жүріп «ақ сақалын» кішірейтіп қойыппын.) Сонда атам тұрып: «Айналайын, кішкентайыңда арқама салып баққанымды қайтардың-ау» деген еді.
Осыдан шамалы уақыт өткеннен кейін атам ұзақ ауырмастан дүниеден өтті. Атамының разылығын ал деп, қанша айтқаныммен де ағамнан түк шығара алмадым. Соңғы мәрте 22 наурыз (2013ж) мерекесіне орай берілген демалысты пайдаланып барып едім ауылға. Онда да «блогкэмп» деп, атамның қасында ұзақ аялдай алмадым. Адамгершілік парыздан гөрі перзенттік парыз жоғары деп есептеймін. Әскерге кеткенде ақ батасымен шығарып салған атамды бір жыл уайымдағаным (қайта көрем бе, көрмеймін бе деп) да әлі есімде. Алдымнан шыға келгенде, ыстық жас ытқылап кетіп еді ол кезде де. «Балапан қанат қағып, ұядан ұшты деген осы» деп қаладан сағындыра келгенімде айтып отыратын, қайтсін қарт көңіл ең жақын немересін сағынад та.
Пысы: Зымырап өтіп жатқан уақыт. Атаммен енді мәңгілікке қош айтысқанымды мойындағандаймын. Жайың жәннәтта болсын Аташым.
Әрі қарай

Мафия және белгісіз блоггерлер

Блогкэмп 2013-тің қызықты сәттерінің бірі «мафия» ойыны болды десем қателеспеймін. Домбыра пати аяқталғаннан кейін, біз Жандос, Аманғ Ғалекең салқын скамейкада отырып блогшыларды «мафия» ойнауға шақырдық. Басында аз ойыншы болғанымен, кейінірек олардың саны толыға түсті. Өзім алғаш қатысқандықтан, ойынның мәнісін тез түсіне қоймадым. Бірақ жүргізушінің шеберлігіне орай қызықтырып әкетті.
Түндегі «мафияға» қатыстым, ертеңгісіне қатыспадым, сырттай бақылап, қызықты сәттерді видеоға түсіріп жүрдім. Блогкэмпте көпшілігін танымайтындықтан, жеке блоггерлерге назар аудармаппын. Тек ФБ да посттарын оқып жүрген санаулы жандарды айтпағанда. Сөйтсем, қызықтың көкесі кейінірек болады екен. Осы сайтта АділетШу деген жігіт бар. Троллит еткенді жақсы көреді. Сол кездегі түскен видеоны қарап отырсам өмірде де техничный, былайша айтқанда «тәжірибелі» блоггерге тән сақ жігіт екен. Сол кезде танығанда деп қоям. Одан кейін ойынды қарап отырсаң көбісі бейтаныс қыздар, балдар. Сол күйі танымаймыз кейбіреулерін.
Мафия ойынының қызықты болуы модераторға тікелей байланысты. Халықты дұрыс басқармаса да ойынның мәні кетіп қалады. Модератордың сүйікті персонаждары «мафия» («мафияжан» © 1000қол) және «насильник», «Зорлаушы»! "Қала тұрғындары", «дәрігер», «шериф» — бұлар «ЕТ», еттер. Ары қарай қатысушылардың шеберлігі. Негізі осы ойында ең мықты мафияшы Шолпан болды. Мафия емес екендігін түрлі әдістермен назарларын басқа жаққа аудару арқылы, сезік тудырмайды.

Your text to link...
Әрі қарай

домбыра пати блогкэмп

Блогкэмпте түсірген видеоларым жинаулы тұр. Алдын фб-ға лақтырған едім біраз видеоларды, ішінде «мафия» ойыны да бар. Енді біртіндеп осы жаққа лақтырамын! Қазір Назгүлдің ән айтып отырған видеосын жіберемін!
Әрі қарай

Мені көрген блогкэмп. ИМХО

Бұл жазбаны ешқандай конкурсқа ұсынбаймын. Блогкэмптегі әсерім ғой. Алда-жалда жүлдеге лайықты деп жатсаңдар, үшінші орынды бере салыңдар
Кіріс*
Басында Шымкентке бармаймын деп ойлаған едім. Ауылға барып наурыз өткізу, көмектесу тәрізді жұмыстар блогкэмпке баратын жолымды жапқандай көрінген. Наурыз мерекесі күні таңертең қым-қуыт басталды да, ештеңе ойлауға мұрша болмады. Бір қарасам ұялы телефоныма хабарлама келіп түсіпті. «Наурыз құтты болсын!» Кобус Блок. Әлі ешкімге хабарласпағаным, оның үстіне алғаш болып шетелдік мені құттықтағанына ұялып кеттім. Бірден телефонға жармасып, «А» әріпінен басталатын контактілерге қоңырау шала бастадым. Аты «А»-дан басталатын блогшылар көп екен менде. Олардың дауыстарынан-ақ блогкэмптің аурасы, құрылтайдың қызықты өтетіні бірден сезілді. Соған дейін «барайын ба, бармаймын ба?» деген сұрақ ойландырып келсе, блогшылармен сөйлескеннен кейін нақты шешімге келдім. Барамын! Аман-есен наурызды өткізгесін, 23 күні таңертең «Шымкент қайдасың» деп тартып кеттім.
Әрі қарай

Блогқұрылтай. Нөмір Үш

Блогқұрылтайдың не екенін, мақсаты қандай екенін түсіндіру үшін әуелі әңгімелесіп отырған адамыңызға блог жайлы түсінік қалыптастыру керек. «Блогқұрылтай» десеңіз әркім әр түрлі қабылдайды екен. Жұмыста бір қағаздарды толтырып отырғанмын. Кабинетіме бір әртіс апамыз (орта жастағы кісі, қырса қырыққа аяқ баса бастаған) келді. «Өзімнің жұмыстарымды интернет арқылы жарнамалай аламын ба?» дегендей сұрақтар қойды. «Апай, әлбетте! Шетелдерде әртістердің жеке сайттары болады. Соңғы жаңалықтарын, жаңа альбомдарын сол сайттары арқылы жарнамалап отырады. Сайтпен жұмыс істей алмасаңыз кішігірім блог ашып алып сол арқылы өз жұмысыңызды жарнамалдай беріңіз». «Мой мирдың» блогы арқылы ма?». Апамызға блогтың не екенін түсіндіріп, 2011 жылдан бері қазақ блогшыларының блогқұрылтайы дәстүрлі түрде өтіп келе жатқанын айттым. «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы секілді» десеңші деді Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайында ән айтып қалған әртіс апамыз.
«Блог бізге не бер(е)ді, ?», «Блогқұрылтай не бер(е)ді?» деген заңды сұрақтар туындайды екен.
Әрі қарай