Бұл айда "шайтан азғырып кетті" деген сылтаулар өтпейді...
Құрметті бауырлар, достар! Айлардың қасиеттісі Рамазан да келіп жетті. Бұл айда «шайтан азғырып кетті» деген сияқты сылтаулар өтпейді. Себебі барлығы кісенделіп, тозақтың есігі жабылып, жұмақтың есігі айқара ашылады. Ораза ұстау деген тек қана тамақ, су ішпеу емес қой. Шамамыз келгенше жаман әдеттен, өсектен, ғайбат сөзден тыйылайық. Рамазан айын көзімізді, аузымызды, құлағымызды, қолымызды, аяғымызды тыюмен өткерейік. Мейлінше көп сауап жинап қалуға тырысайық. Қыздар қауымы болсын, ұлдар болсын әлеуметтік желілерге тек жақсы сөз жазып, тек салиқалы сурет салайық.
Көшеге «Рамазан айы құтты болсын» деген баннер тұрмақ, еліміз оразаның кестсесін де ұмытып қалған кездер болған. Бір ауылда тұрып «айт» әр көшеде әр қалай басталып жататын. Намаз оқитындарын ашық айта алмайтын да кезең болды. Ал қазір, Қарағандының көшелерінен осындай әлеуметтік жарнамаларды көргенде ішің жылып, қуанады екенсің. Еріксіз Аллаға шүкір дейсің. Ең бастысы Еліміз, Елбасымыз, туған-туыс, ата-анамыз аман болсын! Рамазан айында жинаған сауаптың жемісін көруге жазсын. Ораза ұстамағандарға нәсіп етсін, ұстағандарға жеңілдік берсін.
Барша мұсылман қауымына жайлы ораза тіледім! Қабыл болсын!
Әрі қарай