Blogcamp'13 админ көзімен


ЖОЛ
Өткенде Блог Құрылтайға баруға міндеттейтін себептердің алғашқысы ретінде достармен жолға шығуды көрсеткен едім. Бұл жолы да достармен бір пойызда болу бақытына ие адамдардың бірі едім. 23 сағаттық жолымыз тез өте шықты. Аз ұйқы, көп әңгімемен өтті де кетті.

ДОСТАР
Шымкентте түскен бойда бізден бір күн бұрын келген алматылық алконавттарға жалданған пәтерге жетіп келдік. Түнде футбол қарап және пәтерде думандатқан топ 1-2 сағаттай болған екен ұйықтағандарына, ояттық ептілерді. Жуындық, шайындық, құрылтайға бірге аттандық.

ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ БІРІНШІ КҮНІ
Құрылтайдың алғашқы сағаттары әрине бұрыннан таныс, түкпір-түкпірден келген достармен құшақтасумен өтті. Кейін классикалық кіріспесөз, мастер-класс, сессиялар, сұрақ-жауаптар, кофе-брейк, стартаптар, қорытындылар, марапаттаулар. Бірінші рет планшетті болдым. Демеуші болған Талғатқа үлкен рахмет!
Әрі қарай

Құрылтай - 2013: Таң қылған Шымкент

Сөйтіп…
Қазақы нетті бір сілкіндірген, дүр сілкіндірген блогкемп өтті…
Құрылтай жылнамасына, қазақы нет тарихына «Шымкент құрылтайы» деген атпен енген құрылтай таңырқау, таңғалу мен сүйсіну сәттеріне толы болды…
Әрі қарай

Мастерлермен кездесу

Шымкенттемін халайық! Сұмдық проблемалардың айдауымен Шымкентке де келіп қалдық! Оның үстіне өзім де келгім келіп жүрген едім. Келген бойда әдеттегідей түске дейін мызғып алдым
Әрі қарай

Ресей аспаздарын шеберліктерін арттыру үшін Қазақстанға жіберу керек!

Мына кісінің Қазақстан туралы айтқаны шындыққа жанасатын сияқты. Ал әлемді билеп-төстеуші кім екенін қайдам… Ана кісілердің азан шақырып қойылған аттары осы кісі айтқандай болса, қызық екен.

Әрі қарай