Рамон Деккерсті танисың ба?

Блог - Nodar: Рамон Деккерсті танисың ба?
Тай боксының әлемге кең танылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Сондықтан да болар, осы төбелес түрінің шеберлері туралы да білетініміз шамалы. Әрине Буакавтың жығыстарын көргендер бар, сосын тай боксы туралы Тони Джаа арқылы білгендер бар. Фанаттар болмаса, жалпы көпшіліктің білетіні осымен тәмам.
Тай боксының тарихында «Жылдың ең мықты тай боксшысы» деген атаққа қол жеткізген тек жалғыз ғана шетелдік, яғни тай ұлтынан емес, спортшы бар. Ол муай тайдан сегіз мәрте әлем чемпионы болған, таиландықтар алдарында бас иіп, мойындаған Рамон «Гауһар» Деккерс. Ия, ия ерекше өнері мен мықты күші үшін «Гауһар» /Бриллиант/ аталып кеткен Рамонның алаңда көрсеткен төбелестері кезінде Таиланд спортшыларын талай састыртқан.
2013 жылдың ақпан айында көз жұмған ұлы боксшыны керекинфолықтар біле ме екен?
Оны әлемнің #1 тай боксшысы дегенге келісесіздер ме?

P.S. Тақырыптан тыс мәлімет. Форсаждың алдағы уақытта жарық көретін жетінші бөлімінде Тони Джааның алғашқы голливудтық ролін көре алатын болдық.
Әрі қарай

Тони Джааны сағыну

Мектепте оқып жүргенде «Онг Бактың» ішіндегі төбелес сәттерін қайталап көруден жалықпайтынмын. Қазірде сағындыртып барып, қарап тұрамын. Джеки Чан мен Джет Лидің фильмдерін содан бастап көрмей кеттім, себебі оларды еріксіз Тони Джаамен салыстырып қарағасын, көңілім түсіп, арзан зат қарап отырғандай күй кешетін болдым. Джекидікі қарғып-секіру, соққысы аз, тез-тез қимылдар жиыны, Джет Лидікі балет сияқты болып қалды.

Тони Джаа көптеген адамдар үшін әдемі, ерекше бастысы табиғи құбылыс болды. Ол несімен ерекшеленді:
Біріншіден, оның соққыларының күші экранның мына бетінен де сезілетін. Яғни қажетсіз шыр көбелек айналусыз тізе мен шынтақтан көзделіп, бар күшімен ұрылғандықтан ғо.
Екіншіден, ол экранға тай боксын әкелді. Оған дейін тек азғантай адамдар арасына таныс спорт түрін әлем кинотеатрларына әкелгені болды. Муай-тайдың өзіндік ұлттық спецификасы, арнайы баулары, техникасы шынымен де жаңа леп болып келді бізге.
Үшіншіден, ғаламторда Тони Джааның картинаны әртүрлі елдерге таныстырудағы көрсеткен өнерлері болды. Яғни Тони өзінің командасымен фильмде жасаған біршама қиын да қызық трюктары мен соққыларын фильмнен тыс шараларда, көшеде көрсетті. Осылайша кете беруге болады.
Тони Джааның әзірше тек 4 фильмі ғана бар. Атышулы «Онг Бактың» 3 бөлімі және «Честь дракона» немесе«Том Юм Гун» деп те аталады. «Онг бактың» 2-ші және 3-ші бөлімдерін әлем салқын қарсы алды деп жатады, алайда менің ойымша олар картинаның бірінші бөлімінен төбелес техникасы мен жаңалықтары жөнінен оқ бойы озды. Көрерменге ұнамағаны оның тек тайлықтардың өздеріне ғана таныс тарихи сипатта түсірілуі болған сияқты.
Тони Джаа үйленді жақында. Кішкентайлы болды.
Уайымдайтынымыз соңғы 2010 жылғы соңғы «Онг Бак 3» фильмінен кейін жаңа туынды ұсынбады. 2013 жылдың қысында көруіміз тиіс «Честь дракона 2» фильмі туралы ештеңе айтылмай қалды.
Одан кейін, Тони Джааға еліктеп туған басқа дүниелер туралы керекинфода жазылған екен. «Рейд» туралы. Сөз жоқ, әдемі идея, түрлі қарулы төбелестер легі, алайда онда стиль жоқ, ерекшелік жоқ, көп төбелес әдемі емес, мәнсіз төбелес болып, кайф сыйламайды.
Посттың соңында өзімнің үш сүйікті төбелестерімнің тізімін бере кетейін:
1. Тони Джаа «Онг Бак 1,2,3» және «Честь Дракона»
2. Брэд Питт пен Эрик Бана «Троя»
3. «Пипец» фильміндегі Аарон Джонсонның бір бейшараны құтқаратын сәті
Әрі қарай

Рейд. Көрерменді нокаутқа жіберетін кино



Осы жылдары «Аватар» мен Роберт Паттинсон қандай танымал болса, қайбір кездері Джеки Чан, Боло Янг, файтинг-кино сондай сұранысқа ие болған-ды. Бертінде Тони Джаа арқылы көптің көңілін өзіне құлатқан оңтүстік-шығыс стиліндегі төбелес жер-жерді жаулады. Бірақ, 3D формат шығып, елдің есін фэнтези фильмдер алған кезде, сарт-сұрт шайқас пен көз ілестірмейтін қол-аяқ қақтығысы кейінге ысырылғандай болған. Алайда, уэльстік режиссер Гарет Эванс пен индонезиялық актер Ико Ювайстың бір ойлағаны бар екен.
Әрі қарай

Үздік төбелес қойылымдары

Өзімше кинолардағы ең мықты төбелес көріністерін жинап көрмекшімін. Сендер де, ақалтеке демей-ақ қояйын енді, тым болмаса пони салыса отырсаңдар )

Негізі, Интернеттегі көп пікірлер бойынша, фильмдердегі ең мықты төбелес қойылымдарының бірі «Доңғалақты дәмхана» («Meals On Wheels») фильміндегі Джеки Чан мен «Реактивті» Бенни Уркидестің* төбелесі дейді. Өз басым келіспеске шарам жоқ.

Әрі қарай