Үздік төбелес қойылымдары

Өзімше кинолардағы ең мықты төбелес көріністерін жинап көрмекшімін. Сендер де, ақалтеке демей-ақ қояйын енді, тым болмаса пони салыса отырсаңдар )

Негізі, Интернеттегі көп пікірлер бойынша, фильмдердегі ең мықты төбелес қойылымдарының бірі «Доңғалақты дәмхана» («Meals On Wheels») фильміндегі Джеки Чан мен «Реактивті» Бенни Уркидестің* төбелесі дейді. Өз басым келіспеске шарам жоқ.


Бенни Уркидес 1952 жылы туған. Кәсіпқой кикбоксер. Жалпы карьерасында 200, ал чемпионаттардағы кәсіпқой карьерасында 63 жекпе-жек (57-сін нокаутпен ұтқан) өткізген. Солардың бір де бірінде жеңілмеген екен. Тіпті «кикбоксинг» терминінің авторы да осы Бенни Уркидес дейді, рас-өтірігін кім білсін

Кейінгі шыққандардан өзіме Тони Джааның «Онг Бак» пен «Том Юн Гун» фильмдеріндегі төбелестері ұнайды. Маған «Онг Бактағы» қылыштасатын жері ұнаушы еді. Таппадым

Тони Джаа — қылыштасудан Таиландтың чемпионы

Қытай фильмдерінен «Ип Ман» фильміндегі Донни Йеннің мына төбелесі ұнайды, сосын. Қияли төбелес, бірақ сонда да ұнайды, «Матрицадағы» сым-фуға қарағанда ):


БОНУС: Youtube сайтында мынаны кинодағы ең нашар төбелес деп шығарып қойыпты )


Сендерге қай фильмдегі қай төбелес қойылымдары ұнайды?
Бөлісу:

25 пікір

Arhun
Жекешығам — керемет актер…
нағыз еңбекқор екендігі жоғардағы фильмнен көрініп тұр
sigma
ИП МАН жақсы кино ұнады
saken
видеосалоннан ең алғашқы көрген кином басты рөлде Брюс Ли ойнайтын «Айдаһардың жолы» фильмі етін. Сол кинодағы ең соңында Коллизейде Чак Норрис пен Брюс Лидің төбелесетін жері әлі есімде.
Маған ең ұнаған сцена дейтін болсам, онда ше Жан Клод Ван Даммның қатысуымен болған «В поисках приключений» деген фильмдегі Қытайдан келген шебер мен тағы бір жерден келген шебердің төбелесі. Ю тубтан таба алмай отырмын, әйтпесе қойып қояйын деп едім.
Фантастикалық кинолардағы төбелестен айтар болсам, «Мортал Комбаттағы» төбелестер жынды еді ғой өз уақытында.
omarbirat
Брюс Лидің төбелестері бұрын шынымен керемет көрінетін. Қазір қарасаң, тым қарапайым ба, бір түрлі ғой )))))))
Erkekyz
Джеки Чан түскен фильмдердегі барлық төбелесті үздік дер едім. Қыз болғаннан кейін бе, өз уақытында «Ангелы Чарлидағы» қыздардың төбелесіне қатты қызыққанмын.
Abilakim
Джеки братқа әңгіме жоқ. Омарбраттың ұсынған актерлерінің шеберлігіне дауым жоқ. Нашар төбелесі де өз бағасына лайықты екен.Өз басым жоғарыдағы тізімге Джет Лиді қосар едім. «Кулак легенды» немесе «Начало легенды», телехранитель болып ойнайтын фильмдері керемет еді ғой

www.youtube.com/watch?v=9pgdKRg3Bdg
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 10:00
blackbeard
Ип Манның екеуі де ұнады!
Abilakim
Ип Ман «Начало» дей ме а«теуір щегол кезі жайлы үшіншісі бар
omarbirat
Екеуінде де төбелес көріністерін қойған Саммо Хунгқа респект айтамын. Йен Во Пиндер төбелес қоюдан Саммо Хунгтың жанында бір бұрышта аттың қиын газетке орап шегеді )
Abilakim
столдың үстіндегі төбелесті айтсаңшы…
omarbirat
Маған рингте төбелескендері ұнады. Столдың үстінде сымфу қатты білінеді. Сол жері онша ұнаңқырамады
Abilakim
Ал, «Ближний бойдың » төгелестері ұнады ма? Тоқсаныншы жылдардың төгелес киноларын есіме салды
omarbirat
Ол киноны әлі көрмедім
omarbirat
Мына фильмді бұрын күніне үш-төрт қайталап көретінбіз
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 11:16
Abilakim
Қай фильмде еді Джет Ли мен Марк Дакаскостың төгелесетіні?
omarbirat
Из колыбели в могилу
asaubota
Лучший из лучших ең жақсы көретін киноларымның бірі еді бір кездері… сосын Ван Даммның төбелестері.
omarbirat
Ван Дамм демекші, өткен жолы «Кунгфу Пандадағы» Кроктың стойкасына өлдім. Түрі де Ван Даммға ұқсай ма, чета )))))
qisyq
Джеки рулезз)))
Кішкентай кезімізде таласушы едік балалармен біреулер Ван Даммның кассетасын, біреулер Джеки Чанның кассетасын көреміз деп. «Кровавый спорт», «Самоволка», «Пьяный мастер», «Мистер крутой» деп кете беретін еді.
omarbirat
Youtube-тегі видеолар өшіп кеткен екен. Жаңартып қойдым. Тони Джааның фильмдегі төбелестерінен попурри салып қойдым. Алдыңғы видеоның орнына салайын десем, дені дұрыс сапалысын таба алмадым.
ken
omarbirat
ken
Тасынан тепкенде былқ етпеді, аяғын басып еді «баж» ете қалды
omarbirat
Осы төбелес те ұнайды маған.

Дуэйн Джонсонмен төбелесетін партизандардың жетекшісі Шварценеггер ойнайтын «Жирен шашты Сонья» фильміндегі кішкентай бала екен
ken


Матрицадағы Нео мен Морфеустың төбелесі. Кунг фу.
Соңғы түзету: