Тони Джааны сағыну
Мектепте оқып жүргенде «Онг Бактың» ішіндегі төбелес сәттерін қайталап көруден жалықпайтынмын. Қазірде сағындыртып барып, қарап тұрамын. Джеки Чан мен Джет Лидің фильмдерін содан бастап көрмей кеттім, себебі оларды еріксіз Тони Джаамен салыстырып қарағасын, көңілім түсіп, арзан зат қарап отырғандай күй кешетін болдым. Джекидікі қарғып-секіру, соққысы аз, тез-тез қимылдар жиыны, Джет Лидікі балет сияқты болып қалды.
Тони Джаа көптеген адамдар үшін әдемі, ерекше бастысы табиғи құбылыс болды. Ол несімен ерекшеленді:
Біріншіден, оның соққыларының күші экранның мына бетінен де сезілетін. Яғни қажетсіз шыр көбелек айналусыз тізе мен шынтақтан көзделіп, бар күшімен ұрылғандықтан ғо.
Екіншіден, ол экранға тай боксын әкелді. Оған дейін тек азғантай адамдар арасына таныс спорт түрін әлем кинотеатрларына әкелгені болды. Муай-тайдың өзіндік ұлттық спецификасы, арнайы баулары, техникасы шынымен де жаңа леп болып келді бізге.
Үшіншіден, ғаламторда Тони Джааның картинаны әртүрлі елдерге таныстырудағы көрсеткен өнерлері болды. Яғни Тони өзінің командасымен фильмде жасаған біршама қиын да қызық трюктары мен соққыларын фильмнен тыс шараларда, көшеде көрсетті. Осылайша кете беруге болады.
Тони Джааның әзірше тек 4 фильмі ғана бар. Атышулы «Онг Бактың» 3 бөлімі және «Честь дракона» немесе«Том Юм Гун» деп те аталады. «Онг бактың» 2-ші және 3-ші бөлімдерін әлем салқын қарсы алды деп жатады, алайда менің ойымша олар картинаның бірінші бөлімінен төбелес техникасы мен жаңалықтары жөнінен оқ бойы озды. Көрерменге ұнамағаны оның тек тайлықтардың өздеріне ғана таныс тарихи сипатта түсірілуі болған сияқты.
Тони Джаа үйленді жақында. Кішкентайлы болды.
Уайымдайтынымыз соңғы 2010 жылғы соңғы «Онг Бак 3» фильмінен кейін жаңа туынды ұсынбады. 2013 жылдың қысында көруіміз тиіс «Честь дракона 2» фильмі туралы ештеңе айтылмай қалды.
Одан кейін, Тони Джааға еліктеп туған басқа дүниелер туралы керекинфода жазылған екен. «Рейд» туралы. Сөз жоқ, әдемі идея, түрлі қарулы төбелестер легі, алайда онда стиль жоқ, ерекшелік жоқ, көп төбелес әдемі емес, мәнсіз төбелес болып, кайф сыйламайды.
Посттың соңында өзімнің үш сүйікті төбелестерімнің тізімін бере кетейін:
1. Тони Джаа «Онг Бак 1,2,3» және «Честь Дракона»
2. Брэд Питт пен Эрик Бана «Троя»
3. «Пипец» фильміндегі Аарон Джонсонның бір бейшараны құтқаратын сәті

Джеки Чан қартайды. Одан жас кездеріндегідей трюктер күту әбестік болар. Оның фильмдеріндегі ерекшеліктері төбелестерінің шынайылығынан гөрі, төбелесіп жүріп (кейде төбелеспей де) жасайтын трюктері және соларды комедиямен ұштастыра білуі еді.
Джет Лидің сым-фулары, базар жоқ, әдемі көрінеді. Бірақ Джеки Чанмен де, Тони Джаамен де салыстыруға келмейді.
«Онг Бактан» кейін муай боранға қызығушылық қатты артты дейді.
Ал Джеки Чанның жас кезіндегі де киноларын қарамай кеттім, яғни қайталап көрмейтін болдым дегенім ғо. Айтпақшы Ван Дамм мен Тони Джаа осы жакында кездескен еді, жақында дегенде осы жылы.
Қияли элементтерді көп араластырып жіберген. Одан қалса, үнділердің алты қолды Шиваға ұқсайтын билерін қосқаны бар. Тайлықтардың өздеріне түсінікті шығар, бәлкім.
Мен болсам, керісінше, «Онг Бактың» кейінгі бөлімдерінен бірінші бөлімдегідей күрделілік пен зрелищені көре алмадым. Үшіншісіндегі әнебір жын-перілер сияқты бәлелер тіпті артық боп кеткен сияқты. Фильмнің сүйкімін сондай бірдеңелермен кетіріп жіберген. Қайта «Онг Бак» пен «Том Юм Гундағы» шынайыға жақын төбелестерді «Шоколад» фильмі жақсы іліп әкеткен.
Жалпы «Онг Бак 2,3» Тони Джаа фанаттарына ұнамай қалды, маған сен айтқан барлық кемшіліктері ұнаған болатын. Би, жын-шайтан, сюжеті де.
*«Undisputed» фильмінің бірінші бөлімі Майк Тайсонның өмірінен алынған дейді бір ұзынқұлақтар. Басты рольдерде Уэсли Снайпс пен Винг Рэймс. Негізі, боксшылар туралы фильм еді. Әрі қарай Скотт Эдкинстер жалғастырып әкетіп, ММА туралы фильмдер сериясына айналдырып жіберді
Бұлардан басқа «Ниндзя» немесе «Ниндзя-убийца» (2009) фильмінде, содан кейін «Универсальный солдат 4» фильмінде Жан-Клод Ван Дамм, Дольф Лундгрен, Андрей Арловскийлермен бірге ойнаған.
«Росомахада» төбелестерді қойған дейді. Анығын білмедім.
Бір ұнамаған жері — «Спартадағы» төбелестері тым бір жақты болып кеткен. Ағасы тек еден тоқпақтатса, інісі жұдырықпен ұйықтатып кете береді. Аз да болса бір алуандық болу керек қой.
Ағасының ипотека алып, қиналып жүргенін көріп, бұларда да осындай пәле бар екен ғой дегенмін Төбелес сюжет негізіне алынғанымен, төбелес туралы фильм емес. Отбасылық қарым-қатынастар, бір адамның әрі батыр, әрі дезертир болып шығуы, опшым, сондай мәселелерді көрдім.
Жанрлық боқжағысқа айналдырмай талқылайық тақырыпты. Файтинг па, тек файтинг щеңберінде талқылаған дұрыс. Ал актерлік қабілеті жөнінен Тони Джааң- щегол ғой, қаратайғанда жетіп қалар мықты болса, Джеки Чан деңгейіне. Жас кезінде Джеки Чан да Сенсация болған. Себебі оның киноларында драмма да болған, өмір де болған. Тониға біраз көт терлету керек Джекиге жеткенше, ты чо, тіпті салыстырудың өзі күлкілі)))
Бандалардың көтерілу тарихтары туралы классикалық болып үлгерген фильмдердің (мысалы, «Тыртық бет» (Scarface)) элементтері бар. Бір шетінен әлгі тракторист Арман айтатын «Тракторист» әнінің желісімен түсірген бе деп те қаламын
Фильмде бұрын боевиктерге түсіп жүрген Масая Като, Ясуаки Курата (!) сияқты актерлар бар. Фан Биңбиң деген актрисаға тіпті сындым енді (әйелім кешірсін ).
Джет Ли тіпті одан да асып түсті. «Ocean Heaven» фильмі үшін қатты сыйлайтын болдым, шыны керек. Базбір сыбыстарға сенсек, фильмге түсер алдында сценарийді оқып, Жекең жылап жіберген көрінеді. Сол үшін фильмге тегін түскен.
Бірақ кассалық табысқа ортақтасқан ба, бірдеңесі бар.Тони Джааны ондай фильмдерде елестете алмаймын.