Зодиактар рейтингі

Астрология, гороскоптарға қызығатындар бар шығар? Алғашқы жазбамды қабыл алыңыздар.



Көзге шөп салушылар
1. Мерген
2. Тоқты
3. Егіздер
Әрі қарай

Зодиактар және оларға мінездеме

  • TOP
ТОҚТЫ
Оcылай екен...: Зодиактар және оларға мінездеме
Тоқтыларға Шолпан мен Күн әсер етеді.

Түстері: ашық қызыл, сарғылт, көкшіл, жұпаргүлді түс. Күлгін олар үшін сәтсіз түс саналады.
Тастары: алмаз, рубин, аметист, кровавик, гелиотроп, аквамарин, зүбәржәт.
Металдары: темір мен болат.
Аптадағы сәтті күндері: — сейсенбі мен жексенбі.
Сәтсіз күндері: — жұма мен сенбі.
Сандары: 4, 7, 9 ( 9 мен 11-ге бөлінетін сандар).

Тумысынан жігерлі, талантты, басқарушылық дарыны бар әйел мен ер тоқтылардың ортақ қасиеттері: оптимизм мен атақ құмарлық.
Әрі қарай

Эротикалық жұлдызнама

Жұма күнгі бояннндар: Эротикалық жұлдызнама
Жыныстық үйлесімді анықтайтын жұлдызнама. Қай жұлдыз кіммен жұптасқаны дұрыс? Қай жұптар бір біріне келмейді? Кімнің мінезі қандай? Барлығы осында.

ТОҚТЫ
Әйелдерге арналған эротикалық жұлдызнама.


Ол әрқашан еркектерге өзі таңдау жасауға тырысады. Сол себептен өзіне тартымды нәзікжанның «имиджін» жасаумен әлек. Жыныстық қатынаста өзімшілдікке бой алдырады. Еркектерден кез-келгеннен «кемшіліксіз еркектен» алғысы келетіннің барлығын талап етеді. Эротика олар ойлағаннан бөлек нәрсе екенін түсінгісі жоқ. Олар жыныстық қатынаста да біреуге бағынғанды ұнатпайды. Сондықтан бұндай әйелдерге күшті, өктем еркек керек. Ол серігінен дұрыс қанағаттанбаса да оны керемет сезімге бөлей алады. Бұндай әйелдер махаббат айдынында көптеген проблемаларға тап болады. Оның бірі қайғылы жағдаймен аяқталуы да мүмкін.

Әрі қарай

Қазақ астрономиясы

Көшпелі өмір салтын ұстанған ата-бабаларымыз ауа райын өздерінше болжап отырған. Ұшқан құстың, жүгірген аңның белгілерімен қатар, аспан денелерін де өздерінше зерттеген. Қазіргі уақытта (тамыз айының 22сінен қыркүйектің 21іне дейін-ау деймін, шатаспасам) түнгі аспандағы жұлдыздарға тағы бір жұлдыздың қосылатын шағы. Бұған дейін де ол жұлдыз болды, орнында тұрды тек осыншалықты анық көрінбейтін. Бұл сүмбіле жұлдызы. Осы Сүмбіле жұлдызы туған шақтан бастап өзен-көлдердің суы ептеп салқындай бастайды. Қазақта «Сүмбіле туа су суыр» деген сөз бар.
Бұдан кейін Таразы жұлдызы көрінеді. Бұл жұлдыз жайлы да «Таразы туа таң суыр» деген қағида тастап кеткен екен бабаларымыз.Кейбіреулер «Тау суыр» деп те айтады.Расында да осы уақытта жайлауда, тау арасында болсаңыз түннің де таңның да салқындағанын байқауға болады.

Сүмбіле жұлдызының суретінің алынған жері
Әрі қарай

Қазақ блоггерлері. Олар кімдер? - "Таразы" бағдарламасы ("Хабар" арнасы, 25.03.11-23:25)

ЕСКЕРТУ: САПАСЫ НАШАР.



Сөз соңында
Сапасы үшін кешірім сұраймын, қолда бар аналог-тюнермен, "әйтеуір жоқтан жақсы ғой" деген пәлсапамен жазуға тура келді. Радиотолқындардың коллизияларынан Өркен екеу, Еркімбай төртеу боп көрінуі мүмкін (ал бесеу немесе одан көп болса — Сізде «белая горячка» :) ) Бәлкім, ертең сапалы жазбасын шығарып қояр өздері. Оған дейін талғажу болсын деген ой да.
Жалпы, «Хабар» агенттігінің уеб-саясатын түсінбей жүрм. Стрим-серверлері мынау екен: rtmp://212.154.153.109:1935 Бірақ ол хост сөніп тұрған сияқты. Флэш-сервер үшін тек лицензиялық төлемдердің өзі жылына төрт-бес мың АҚШ доллары тұрады менің есебімше. Канал мен сервер алғандары тағы бар. Оған да пәленбай мыңды тағы қосыңыз. Менің есебім бойынша, стрим-серверді басқару сияқты тозақтың жұмысына ешкім 800 доллардан кем ақыға келіспейді. Очм, осыншама ресурсқа соншама ақша шашып, ештеңесіз қалған жаман екен де. Қашан біз «каналдың сайтынан қарап алармын» деп, сеніп жүре беретін жайбарақат өмірге жетер екенбіз осы?
Әрі қарай