"Қазақтелекоммен" өткен үш күн: Абай елі

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Семей!..
… жазда Қызылордаға бардық блогтурмен. Қызылорда туралы ойымызды өзгерткен еді сол сапар. Жоқ қазақы орта екенін білетінбіз. Бірақ… көшесінде талы жоқ, иттер әжетханаға кезекке тұратын, бір шеті космодром… құрыған, қуарған дала деп ойлайтынмын. Сөйтсем, менің Созағым қуарған дала екен оның жанында :)
Ал Семейде «көшеде мутанттар жүреді» деген өз-өзіме қалыптастырып алған аңызымды қалаға кіргеннен бұзды. Жол бойы қарағайлы орман, дәп бір Бурабайда жүргендейсің.
Қонақүйге түсе салып Көкбөрі екеуміз таңғы шәй ішуге кафе іздеп шықтық. Көп ұзағамыз жоқ, бірден табылды. Іштегі апай шәй беріп жатып, Семейлік емес екенімізді аңдады ау деймін қала туралы айта келіп «Семей үлкен ауыл ғой»,-деп қойды.
10-дар шамасында қалаға шықтық. Жол бойы тарихи ғимараттар көптеп көзге шалынды. Бірақ, түсіп арнайы суретке түсіруге уақыт тығыз болды.
Семейлік "Қазақтелекомшылар" өздері арнайы бізге деп пісірген тортпен қарсы алды ;)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Сіздерге бір құпияны ашайын ба ;) Еуразия кіндігі тіпті де Астана емес, географиялық тұрғыдан — Семей. Тағы бір ақпарат па? Мінекейіңіз: Семей байланыс орталығы. Дәл осы жерде ең алғаш рет телеграф (1873), ең алғашқы телефон (1910), алғашқы интернетке қосылды (1993) және… KZ ДОМЕНІ ПАЙДА БОЛДЫ. Ия, ия анау суреттегі ғимаратта Павел Гусев пен Алексей Остроухов деген амиголар KazNIC (алғашында — RelcomSL) деген компания құрып қазір бәріміз пайдаланып жүрген kz доменін тіркеді. Сонымен қазнеттің отаны — Семей :)
Айтпақшы, KazNIC сол кезде "Қазақтелекомның" ғимаратының 1-2 бөлмесін жалға алып отырған :)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Бұл орталықта ID TV, ID NET, ID Phone секілді қызметтерді қоса аласыз. ID-орталығында әр клиент кез-келген ақпарат алып қана қоймай, жұмыс істеу қабілетін де көреді. Семейдегі ID-орталығының бір бұрышындағы сөреде әлемдік, қазақ және орыс класиктерінің кітаптары қойылыпты.

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Бұл 40 жылдардан бастап жұмыс істеген АТС. 70 000 абонентті телефонмен қамтамасыз етіп тұр. Осы жерде 25 жыл жұмыс істеген Тимофей Кремнев бұрындары секундына 2 килобит деген мега жылдамдық болғанын айтады. Ал екінші суреттегі көлемі тоңазытқыштай ғана болатын қондырғының жылдамдығы 120 мегабит (!). Ең қызығы футбол алаңы болатындай ғимаратта тұрған АТС-ті жаңа жылға дейін екінші суреттегідей 3-ақ қондырғыға ауыстырады. Яғни бүкіл 70 000 абонент 1 ш.м.-ге ғана сиып кетеді. Бұл техника, сәбби ;)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Онан соң Абай атамызға тағзым етіп, Семей құрбандарына арнап соғылған стелаға бардық. Стела өзен арасындағы аралда орналасқан екен.

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Бородулиха селосы Семейден 60 шақырым жерде орналасқан. 37 000 адам тұрады. "Қазақтелеком" өнімдерін 7 000 адам қолданады екен. Орташа айлық 30 000 ғана болатын өңірде 7 000 абонент тамаша көрсеткіш ойымша. Селодан 60 шақырым жерде орналасқан Жаскент ауылына кабель тартылып жатыр екен. Жолай тағы да 3 ауылға соғып өтеді. Егер осы жоба ойдағыдай жүзеге асса қолданушылар 100 пайызға цифрлік технологияны игереді деген сөз.

Ертеңіне… ертеңіне 6-да тұру керек. Алда Өскемен :)
Әрі қарай

Күйеуге тигім келмид!

… сананың ұсақтығы. Жекелеген емес, қоғамның. Уәде беріп орындамаған әкім де ұсақ. Қожайын сезінген Өскемен де ұсақ. Жетім сезінген Семей де ұсақ. Осыны тізбелеген адам да ұсақ. Орысша айтқанда «комплекс неполноценности»...
бұл менің сөздерім емес, Алмас ағаның (kozildirik ) цитатасы ғой.
Қалай басталды бұл әңгіме...?
Опчм осы сайтта көп азаматтар сұрап еді «Фб-та барсың ба?»- деп, жақсы жер деп те мақтады. Кіріп көрдім, танысып көрдім… бірақ мақала ол туралы емес.  бүгін сол Фб-тан бір жазбаны байқадым. Данияр Токтарбаев деген азамат былай жазыпты:
Шығысқазақстандықтар! Жерлестер! Мұхиттай барысымыздың жеңісі құтты болсын!!! Ура! Ура! Ура!)

Білмейтіндеріңіз болса, кеше Мұхит атты ағамыз "Қазақстан барысы"-ның жеңімпазы атанды. Шыны керек, үлкен қуаныш! Шығысқазақстандықтар үшін екі жыл қатар жерлестерінің "Қазақ барысы" атанғаны уапче қуаныш!
Тек осы қуанышты бөлісе алмағандықтары ма, әлде бір-бірінен қызғанғандықтары ма… кей ағалар Фб-ті басына көшіріп жатыр екен. Бағдат Амангелді деген ағамыз:
Шығыстың барысы деп жеңісін ортақ қылған Айбекке облыс уәде еткен үйін әлі берген жоқ!Қайта Семей өз ұлына қолдау жасады.Алдымен облыс орталығы өз батырларын жарылқасын, сосын барып ортақтассын!
десе, оған жауап бергендердің ішінде, пост авторы (Д.Токтарбаев) былай депті:
Семей — ШҚО бөлігі, сен олай санамасаң, менің ойым сол. Ертең семейлік спортшы немесе басқа азамат әлем чемпионы атанып жатса, ол Қазақстан емес Семей азаматы дейсің бе?! Айбекке мен пәтер уәде еткен емеспін, сол пәтерді беруден бас тартқан да мен емес. осы сөздеріңді не облыс әкіміне не сол пәтерді уәде еткен азаматқа жеткізгенің жөн болар! Айбекке де Мұхитқа да шын көңілмен жанкүйер болдым. Бұл жазбам да шын қуаныштан жазылды, Айбек те, Мұхит — Шығыс барысы! Акимат барысы болмаса да, халықтың барысы.
Дау арасында Жалғас Зейноллаев деген семейлік айтыскер-ақын бауырымыз да бар екен, Қанат Оралбек деген азамат қосылыпты… түптің түбінде әңгіме Бағдат пен Алмас ағалардың арасында өрбіді…
— — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — Блог - NaimanKa: Күйеуге тигім келмид!
— — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — Блог - NaimanKa: Күйеуге тигім келмид!

Еліміздегі спорт тізгінін ұстаған ағаларымыз "Қазақ барысын" дамытып жатқанда, сол сайысқа қатысар түрлері жоқ біздің батырлар Фб-та дау ішінде жүр. Опчм, жігіттер ұсақталып барады, даушыл шарқыш болып барады… Осындай батырдың бірі күйеу болар болса, мен күйеуге тигім келмид!
Әрі қарай

Заман-ай

Блог - Marco: Заман-ай60 жыл бұрын қазақ жерінде алғашқы сутекті бомба жарылды. Ол Хиросимаға тасталған АҚШ-тың «Кішкентайынан» 20 есе қуатты болған деседі. Семейдегі 500-ге жуық жарылысқа жол ашқан бұл бомбаға Кеңес Үкіметі «Изделие – РДС-6с» деп ат беріпті.
Әрі қарай

Семейден сарқыт

Континенттің кіндігі Семейге барып келдім!
Әкем мен анамды таныстырып, табыстырған, олардың студенттік күндері өткен қалада бірінші рет болдым. Екі-үш сағат жаяу аралап көруге мүмкіндік табылды. Сол естелікпен бөлісейін деп…
Тұрғындары Ертістің бір жағалауын Семей, екінші жағын Жаңа Семей деп атайды екен. Бір қарағанда адасып қалатындай үлкен көрінгенімен, бас-аяғын автобуспен жарты сағатта жалғай салуға болады.
Қалаға кіргенде бірден көзге түскені – мынандай ағаш үйлердің көптігі.

Суперсовременный бөрене коттедж де көрдім, хотя ол сауна не кафе болуы да мүмкін…
Алматыда жүріп, столичный снобизмді біраз жұқтырып алған мен, «Семей – духовно-культурный центр Казахстана» деген үлкен жазуды көріп мырс еттім. Артынша: «Алматинцы думают, что ниже Ташкентской нет цивилизации» деген есіме түсіп, тағы мырс еттім.
Әрі қарай

"Керектегі" Сигма - Семейде жүр

Өкінішке орай, фотоаппарат болмады қолымызда. Семейде күн-райы -35 көрсетіп тұр. Біраз уақыттан бері еңсем түсіп жүр еді. Ойламаған жерден «Мен — «Керектегі» Сигма ғой...» деп, Семейге іссапармен Атыраудан келген Алмас хабарласты. Кеше кешкісін тоқтаған қонақүйіне аяздатып іздеп бардым. Әбіләкім сияқты «шампанға тапсырыс бердіңіз бе» деп бөгде бөлмені қағып шулатқам жоқ, 1 қабатта күтіп тұрдым.  Жалпы, осы Керекинфодан Сигма «Алматы кетті, Астана кепті» деген тәрізді ақпараттарды көзім шалғаны болмаса, таныстығымыз жоқ-тұғын. «Кофеманға» барып, 2 шыныаяқ кофені ұрттап қойып, біраз әңгіменің басын шалдық. Бүгін Әлекең келген жұмыстарын реттеп жатқан болар. Күннің аяздығы болмаса, жалпы Семей жұрты — қонақжай халық. Кешенің өзінде Сигманың пікірі осы маңда болды. Ел – жер көргенге не жетсін! Досымызға келген мақсаттарындағы істері оңға бассын деп тілейік!!!
Әрі қарай

Нағыз КАПИТАН!

Жақында Семейде еліміздің футболдан алты дүркін чемпионы,Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны, футболдан тағыда бірнеше атақ иегері,«Ақтөбе» футбол клубының капитаны Самат Смақов атындағы футбол мектебі ашылды! Мұнда жас жеткіншектер тегін тәрбие алатын болды.
Әрі қарай

Бізге орта бизнес пен жеңіл өнеркәсіп керек пе?

Кеше үлкен телекөпір болып, ҮИИД МБ бойынша бірнеше кәсіпорын іске қосылды емес пе. Сол кәсіпорындардың қатарында қайта жөндеуден өтіп, жаңа шетелдік құрал-жабдықтармен толығып, екі жарым жыл тоқтап тұрған өндірісті қайта іске қосқалы отырған «Семей былғары-тері комбинаты» ЖШС де бар.

Біз комбинатқа барған кезде сол телекөпірге
дайындық жүріп жатқан.
Әрі қарай

Ядролық қару

Пьер Қасқабасовтың түсірген соңғы суреті

Ядролық қарудың «беташары» 1945 жылы Жапонияда жасалғанымен, адамзаттың кейбір ғалым бұтақбас бөліктері ондай қарудың мүмкін екендігін XX ғасырдың басында-ақ сандырақтап жүрген. Айтпалық, басқарылмайтын ядролық реакция –Эйнштейннің релятивистік теориясынан өзінен-өзі шығып тұр дейді физиканы тігіп оқығандар. Коккер-спаниелім біліп пе әнасс, бәлкім – солай да шығар: бозбала шақта ғылым мен арақ қатар келіп қалғанда, соңғысын таңдап едім.
Очм, пяншіктаңанә ғалымдардың әңгімесінен түсінгенім былай. Уран-235-тің бір кесегі екінші кесегіне өте жойқын күшпен соғылады. Мысалы, бір кесегі екінші кесегіне зеңбірекпен атылады.
Әрі қарай

Орталық, шығыс өңірлерге саяхат)))

Сонымен, сабақ басталмай жатып қыркүйектің 8-і күні алғашқы жолымыз Қарағандығы жүріп кеттік. Саяхатқа шыққандар: мен (Мәншүк), Әйгерім, Жаңылай, Назерке, Даяна, Арнат. Қарағандыға біз қыркүйектің 10-нда Қарқаралыда болатын Қасым Аманжоловтың 100 жылдық тойына бардық.
Әрі қарай

Семейде адам сенгісіз оқиға орын алды


Семейде адам сенгісіз оқиға орын алды. Тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлаған бес жасар бүлдіршін, абырой болғанда, дін аман қалды.
Шыңғыс Тәйтенов үйде жалғыз қалған екен. Сыртта өзімен қатарлас балалардың доп қуып жүргенін көрген ойын баласы
Әрі қарай